1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (16187) 5 қаңтар, бейсенбі 2017

Бiр орнында байыз тауып отыра алмайтын мешiннiң мiнезi секiлдi Мешiн жылында билiктегi ауыс-түйiс әдеттегiден көп болды. Наурызда Тауық шақырғанға дейiн әрi-берi сапырылысқан шенеунiктердiң саны бойынша Мешiн жылы рекорд қоюы да әбден мүмкiн. Тiптi жаңа жылдың қарсаңында да елдi елеңдеткен кадр алмасулар, керек десеңiз, “не дейдi?” дегiзген тұтқындаулар да болды.

Бұл әзiрге халықтың жүйкесiне тие қоймаған, бiрақ күнi ертең кез келген Қазақстан тұрғынының алдынан шығатын күрделi мәселе. Күрделi болатыны, қабылданған жаңа заң ендi әркiмнен уақытша тiркеуге тұруды мiндеттейдi. Бұрын Қазақстанның бiр жерiнде тiркелiп, ел аумағын еркiн аралай беретiн жұртқа бұдан былай ондай мүмкiндiк берiлмейдi. Өзге қалада немесе облыста бiр айдан артық жүретiн кез келген адам уақытша тiркеуге тұруы

Қираған үйде қаза тапқандар: В.М.Андропов (1981ж.), О.В.Андропова (1988ж.), Е.В.Андропова (2016ж), В.И.Галышев (1960ж), А.А.Галышев (2010ж.), Т.К.Кан (1953ж), В.С.Михайлов (1956ж), Е.Ю.Алексеенко (1989ж), В.В.Алексеенко (2016ж). Жаңа жылдың алғашқы күнi орын алған оқыс оқиғаның соңы осындай орны толмас өкiнiшке ұласты.
Шамамен түнгi 22.40 сағатта 60 пәтерлiк көпқабатты тұрғын үйдiң жертөлесiнде бу қазандығы жарылып, бiр кiреберiс қирады. Соның салдарынан Шаханда 15 шаңырақ ортасына түстi. Төтенше жағдайдың зардабын жоюға жалпы үш жүздей адам мен алпыс шақты техника тартылып

Бiздiң басты “қорегiмiз” мұнай болғандықтан оның тағдырына алаңдамай тұра алмаймыз. Бюджет бүйiрiнiң томпаюы да, Ұлттық қор қазанының бұрқ-сарқ қайнауы да, тiптi бар шаруаның шатқаяқтамауы осы “қара алтынның құдiретiне” байланысты. Сондықтан мұнай бағасы көтерiлсе қуанып, құлдыраса тұнжырай қалатынымыз осыдан. Өткен қараша айындағы Венада өткен басқосуда “ОПЕК-ке мүше емес елдер де мұнай өндiрiсiн тәулiгiне 0,6 млн баррельге шектеуi тиiс”, – деген шешiмнiң шетi шыққаны белгiлi. Сол кезде сарапшылар Ресей шамамен

ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ ҚОЛ БҰЛҒАП ҚАЛДЫ ЭКСПО БIТКЕНШЕ...
Сөйтiп, 2017 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан жол полициясы қызыл таяқтан қағылды. Iшкi iстер министрлiгi өзi бекiткен бұл өзгерiстi елдегi жол ережесiн сақтауда халықаралық талаптарға сәйкестенумен түсiндiрдi. Еуропа әрiптестерiнен кем түскiсi келмеген қазақ полицейлерi ендi жаяу жүрiп көлiк тоқтата алмайды. Тоқтататындай, тоқтатуға себеп боларлық төтенше жағдай туса, онда қызыл таяқсыз қол сiлтеп қана көлiкке “тоқта” деп белгi бередi. Және қол сiлтеген сәтте ысқырып та үлгеруi керек. Әрине, қызыл таяқсыз қол сiлтеу қиын емес. Ал Астананың немесе Арқаның сары аязында ауызға салған ысқырық ерiнге жабысып қалса, онда бұл жол полициясының жеке шаруасы. Жол ережесiндегi халықаралық талаптарға сәйкес келу мен еуропалық әрiптестерiндей қызмет қылу үшiн “сиқырлы” қызыл таяқпен қоштасып, қол сермеп қалған, аязды күнi тастай ысқырықты ерiндерiне жабыстырып

Нартай Дүтбаевтың қорғаушысы Жомарт Сарманов Дүтбаевты екi айға қамау туралы сот шешiмiне шағым жазған. Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы ҰҚК-нiң бұрынғы басшысына қатысты шағымды қайтарып жiберген. Бұл туралы “Азаттық” хабарлады. Апелляциялық сот отырысы 2 қаңтар күнi өткен. Қорғаушы Жомарт Сармановтың мәлiмдеуiнше, желтоқсанның соңғы күндерiнде ұсталған Н.Дүтбаевқа қатысты iс “құпия” деп танылғандықтан, осы iс бойынша ҰҚК таратқан ақпараттан өзге қандай да бiр мәлiмет

Жұлдызшы-сәуегей атаулының 2017 жылға жасаған болжамдары сан қилы. Жорамалға сенетiнi бар, сенбейтiнi бар, жылбасы болғандықтан оны әлеуметтiң әйтеуiр бiр шолып шығатыны жасырын емес. Бiз де сөйттiк. ... Осындайда марқұм жұлдызшы Назарбек Қожамсейiтов есiмiзге түседi. Кейде оның жасаған болжамы дөп келетiн. Мұндайда ол дереу редакцияға хабарласып, не өзi келiп: “Естерiңiзде ме, мен сiздердiң газеттерiңiзде пәлен елде соғыс оты тұтанады, түген жердi топан су басады, бiздiң елде құрғақшылық болады

 Тауық жылының табалдырығын аттар тұста кеншiлер қаласында бiр отбасы қара жамылды. Тура 31 желтоқсанда таңертеңгiлiк Шығыс Жезқазған кенiшiнiң №55 шахтасында кенеттен кен қабаты қопарылып, төбе бекiтушi Б.Көлбаев қаза тапты. Кеншiлердiң қауiпсiз жұмыс iстеуiне қалыпты жағдай жасаймын деп жүрген 35 жастағы жiгiттiң артында аңырап әйелi және төрт бала жетiм қалды. Ұлының алды 12 жаста, кенжесi – төртте және 6 жаста қызы

2016 жылы өңiрде елдi ғана емес, халықаралық кеңiстiктi де дүрлiктiрген атышулы оқиғалар орын алды. Әйтеуiр, Шымкент лаңкестiк актiлерден дiн-аман. Қазiргi заманда осының өзiн жақсылыққа балауға боларлық халге жеттiк. Есесiне, шымкенттiк атышулы кәсiпкер Тоқтар Төлешовтiң мемлекеттiк төңкерiс жасамақ болған деп айыпталуы “айды аспанға шығарып” бәрiн басып озды. Бұл облыстық деңгейден асып республикалық, тiптi халықаралық ауқымда кеңiнен талқыланған тақырыпқа кiретiндiктен өңiрдегi оқиғалардың

Аптасына бес күн жұмыс iстейтiн қазақстандықтардың былтырғы демалысы 120 күндi құрапты. Яғни бұл 365 күннiң үштен бiрiнде жұмыс iстемедiк деген сөз. Жалпы, бiздегi ресми мереке саны – 12. Олар – Тәуелсiздiк күнi, Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күнi, Наурыз, Қазақстан халқының бiрлiгi күнi, Отан қорғаушылар күнi, Жеңiс күнi, Астана күнi, Конституция күнi, Тұңғыш президент күнi. Бұдан бөлек, Рождество мерекесi мен Құрбан айттың бiрiншi күнi де жұмыс күнi емес. Аталған мерекелер құрметiне биыл 17 күн демалуға тиiс едiк, бiрақ iс жүзiнде

Маймылдың сайқымазақ, бүлдiргiш екенi әйгiлi. Мешiн жылы “партия қалаулылары” – депутат мырзалардың аузына бiр дұрыс сөз салмай-ақ кеттi. Аяқ астынан бүлiнiп, Астана қаласының атауын өзгерту туралы ұсыныс жасаған Қуаныш Сұлтанов, балабақшалар жетпей жатыр, бала тууды шектеу керек деген Дариға Назарбаева, миллиондаған халық пайдаланатын фейсбук әлеуметтiк желiсiн жауып тастауды көздеп, ерекше жауыққан Бекболат Тiлеуханов секiлдi депутаттардың сөзi жұртқа жақпады. Мұны ендi мешiннiң ықпал-әсерiне

Қарапайым жұртқа ауыртпалығы айтарлықтай тиген 2016 жылдағы аз-маз қуаныштың бiрi мен үшiн журналист Ярослав Красиенконың Ресейге тайып тұрғаны болды. Бiр ғимаратта араға есiк салмай бiраз жыл көршi болсақ та, қол созып амандаспаған, ақпарат алаңында дәм-тұзымыз жараспаған Ярослав Красиенко жыл соңында менi осынша қуантады деп кiм ойлаған? Айтпақшы, Ярослав Красиенко деген кiм едi? КТК телеарнасының Астана тiлшiлер тобын ұзақ жыл басқарған, сол арнада бағдарлама жүргiзген Ярослав Красиенко Ақордаға қалаулы

2012 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi тұрғындардың денсаулығына тиетiн экологиялық зардаптарды ғылыми тұрғыда зерттеу туралы шешiм шығарып, экологияның әсерiнен болатын зардаптарға талдау жасау үшiн мамандарды аймақтарға аттандырған едi. Мiне, осы тапсырма бойынша олар ең алдымен Созақ ауданында болып, жергiлiктi тұрғындардың денсаулығын жан-жақты тексеруден өткiздi. Бұдан кейiн олар тексеру жұмыстарының нәтижесiн тиiстi орындарға мәлiмдеп, зиянды зардаптардың алдын

Бұрындары баспасөз беттерiнде арагiдiк болса да филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигi Рабиға Сыздықова апайымыз бен белгiлi жазушы Шерхан Мұртаза терминология мен ономастикаға байланысты кейбiр орын алып жатқан олқылықтар жөнiнде өз пiкiрлерi мен көзқарастарын айтып отыратын. Қазiр дәл сондай белсендiлiк танытып жатқандардың қатары жоқтың қасы. Тек оқтын-оқтын ғана санаулы тiл жанашырлары бой көрсетiп, құнды-құнды пiкiрлерiмен көрiнiп қалып

Жұдырықтай жүрегiме шөккен мұң,
Ғұмырымда жақсы, жаманды өткердiм.
Шың, құзы бар арнасында өмiрдiң,
Шұбырынды, шұбар ала топ көрдiм.

Алда болатын қысқы универсиада кезiнде ерiктiлерге үлкен сенiм артылып отыр. Жалпы әлемдiк спорт сайыстарының тәжiрибесiнде “ерiктiлер тобының” жарысқа қаншалықты үлес қосатындығы әлi толық жазылып та, айтылып та жүрген жоқ. Олимпиада, универсиада сияқты халықаралық iс-шаралар кезiнде қаншама шетелдiк қонақтар мен спортшылар бейтаныс елге келедi. Сол қонақтарды жылы жүзбен қарсы алып, баратын жерiне жол сiлтеу – “ерiктiлердiң” басты мiндетi. Универсиада кезiнде де ерiктiлердiң атқаратын жұмыстарының

Жаңа жыл қарсаңында әдеттегiдей жұмыстан кейiн аялдамада тұрып, анасы мен қызының арасындағы әңгiмеге ерiксiз куә болдым. Жасы 25-30 шамасындағы қазақтың әдемiше келген келiншегi қызына жаңа жыл түнiнiң кереметтiгiн, ол түнi көктегi перизат (фея) жерге түсiп, үйiндегi шыршаның түбiне сыйлық қалдырып кететiнiн әдемiлеп айтып жатыр екен. Кiшкентай қызы анасына қарай мойнын созып, қуанып, күлiмдеп тыңдап тұр. Кiшкентай перiштенiң анасы айтқан ертегiге сенiп, қуанып тұрғаны менiң жанымды құлазытты. “Бәлкiм, анасы

Жаңа жыл мерекесiнiң алдында Қиястың үйiнiң жанында ылғи қолы бос бес-алты жiгiт жиналып, ерiккеннен қысыр әңгiменi соғып отырғанбыз. Алыстан алқына-жұлқына көршiмiз Мысықбай жанымызға жетiп келдi. Қатты ентiккеннен қара қошқыл өңi өрт сөндiргендей әлем-тапырақ.
– Жiгiттер, менiң қызыл қоразымды көрдiңдер ме? – дедi демiн әрең алып.
– Е, бiз сенiң қызыл қоразыңды бағып отыр ма едiк? Қайдан бiлейiк? – деп, бiз де

1996 жылдың соңғы аптасы. Баянауылға соғымға баруым керек. Әуелi ат басын аудан орталығында тұратын Бөрiшiбай досымның үйiне бұрғам. Обалы не керек, аузын ашса, жүрегi көрiнетiн ақкөңiл досым дастарқанын жайғызып, қазанын көтертiп қойыпты. Сол күнi жақын араласатын көршi-қолаң, дос-жарандары бар, ән айтылып, күй тартылып дегендей, әсерлi кеш болды.

 

Суретшiлер одағы – Қазақстандағы ең iрi және ең алғашқы шығармашылық одақ. Оның негiзi 1933 жылы 8 шiлдеде қаланған-ды. Бұл ұйымның құрамында қазiргi күнi 1082 мүшесi, 12 филиалы бар. Елiмiздегi ең iрi республикалық қоғамдық бiрлестiк. Яғни, мемлекеттiк емес ұйым. Барлық уақытта да мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырушылар ретiнде танылған суретшiлер ұжымының бұл күнде өзiндiк мәселелерi жетерлiк. Осы ретте мейлiнше қордаланып қалған ұсыныстарды ортаға сала

Геннадий Головкин Тауық жылындағы кезектi айқасын 18 наурызда өткiзетiнi белгiлi. Қоңыр күзден берi қарай демалыста жүрген жампоз американдық Дэниэль Джейкобсқа қарсы айқасына әзiрлiктi бастап, жаттығуға кiрiстi. 18 наурыз күнi Нью-Йорктегi Madison Square Garden кешенiнде өтетiн доданы тiкелей эфирден (ақылы түрде) НВО арнасы таратады. Головкин өзiне тиесiлi чемпиондық атағын қорғайды.
 

Ел бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi Алматының “Қайраты” бүгiн алдағы маусымға әзiрлiктi бастау үшiн Түркияға жол тартады. Оқу-жаттығу жиыны кезiнде футболшылар 19 қаңтарға дейiн әзiрлiк өткiзiп, алдағы маусымға шыңдалады. Оқу-жаттығу жиыны барысында Еуропаның бiрнеше клубтарына қарсы жолдастық матч өткiзуде жоспарда бар екен.
“Қайраттың” капитаны, 2014 жылдан берi осы клубтың намысын қорғап жүрген Бауыржан Исламхан премьер-лигадағы ең қымбат ойыншы деп танылды. Transfermarkt сайты Бауыржан Исламханның футбол нарығындағы трансферлiк құны 1 миллион 800 мың еуро