1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (16188) 10 қаңтар, сейсенбі 2017

ЭКСПО өзiн ақтайды деп халықты ал¬дар¬қатып келген Ақорданың “арты ашыла” бастады. Өйткенi жасырып-жабуға ендiгi жерде еш мүмкiндiк жоқ. Көрменiң ашылуына санаулы ай ғана қалды. Ал халықтың қыруар дәулетiн жұтқан ЭКСПО-ға ен¬телеген мейманың қайсы? Келе жатыр. Қытайдан 250 мың турист маусым туа берi қарай ағылады. Оларға ЭКСПО-ның билетi тегiн. Сонда бiз мұндай машақаты көп шараны не үшiн қолға алдық? Қытайға қызық

7 ҚАҢТАРДАН БАСТАП КҮШIНЕ ЕНГЕН ЗАҢНЫҢ ҚИСЫНСЫЗДЫҒЫНА ҚАРАП, ОСЫЛАЙ ДЕЙТIНДЕР ДЕ БАР

Алматы қаласының тұрғыны, II топ мүгедегi Амангелдi Жақсылықовтың қаламен iргелес жатқан “Қайрат” ауылында үш бөлмелi шағын үйi бар. Осы үйдi, ауладағы тағы екi жаздық баспананы ол жалға бередi. Асып тұрған жағдайы болмағандықтан (ауыз су аулада, дәретхана сыртта), баспананы арзан бағаға беруге мәж¬бүр. Оның үстiне, қаладан тысқары аймақ аумағынан үй жалдасаңыз, Алматымен салыстырғанда оның құны арзанырақ шығады. Сонымен Амангелдi үлкен үйдi 45 мыңға, екi “времянканы” 25 мың теңгеден
 

Шымкентте газ жарылысынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетiледi. Мұндай мәлiмдеменi кешегi күнi, яғни 9 қаңтарда түске таяу оқиға орнына барған Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Жансейiт Түймебаев журналистерге берген сұхбатында айтты. Оқыс оқиға 8 қаңтар күнi түнгi сағат төрттердiң шамасында орын алған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментi таратқан мәлiметтерге қарағанда, жарылыс екi қабатты

Азаматтардың тiркелуi туралы жаңа заң мен қазақстандық қыздарды жылына 90 мың доллар табысы бар қытайлық бай жiгiттермен көңiл жарастырғызбақ болған Ольга Самаринаның әрекетi елдiң ашу-ызасын туғызды. “Gimeney” агенттiгiнiң хабарлауынша, 15 қытай жiгiтi Қазақстанға қыз таңдау үшiн ақпан айында 4 күнге аялдамақ. Олар еуропалық бiлiмдi, ағылшын және бiрнеше шет тiлдерiн бiледi, орыс тiлiн де

Билiктiң адам түсiнбейтiн кейбiр әрекетiнiң құпиясын қара базардың қарапайым тiршiлiгi айшықтап бередi... Жақында ғана көшi-қон комитетi қайта құрылды. Екi-үш жыл бұрын бұл комитет үш-төрт тарапқа бөлiнiп кеткен едi. Ендi қайтадан құрылды. Құрылымына қарасаң, еш өзгерiсi жоқ. Сол баяғы қалпы. Көшi-қон саясатын қалыптастыру Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнде қалған, бақылау, квота беру, тiркеу Iшкi iстер министрлiгiне тиген. Комитеттiң өзi осы Iшкi iстер министрлiгiнiң еншiсiнде. Қаржының ретiн әрине, Ұлттық экономика

ОБЛЫС ӘКIМIНIҢ НИЕТI ТҮЗУ ЕКЕН

Аймақққа жаңа басшы келген сайын жақсы жаңалық, оң өзгерiстер күтедi ел. Әсiресе, туған тiлiмiз бен рухани санамыз мешеулеу қалған солтүстiк өңiр үшiн бiр сiлкiнiс керек-ақ. Бiрақ турасын айтайық, осыны қолға алайын, дұрыс жолға қояйын деген басшыны әлi көзiмiз көрген жоқ едi. Бұл туралы әңгiме қозғай қалсаң жергiлiктi атқарушы билiк: “Қазақ тiлiндегi облыстық газет бар, “Найзатас” әдеби журналы екi тiлде шығады, қаламгер қауым жыл

Өткен жылы әйгiлi Желтоқсан көтерiлiсiне 30 жыл толды. Әлемдiк геосаясаттың өзгеруiне, социалистiк жүйенiң күйреуiне, КСРО деген алып елдiң ыдырауына, сол арқылы оның құрамындағы 15 одақтас республиканың 15 мемлекет болуына жол ашқан, дүниежүзiлiк маңызы зор тарихи ұлы оқиға тәуелсiздiгiмiздiң ширек ғасырлығының көлеңкесiнде елеусiз қалып қойды. Алайда мүлде атаусыз, ескерусiз күйде өттi дей

Жаңа жылдың тура табалдырығында тұрғанда, 2016 жылы 30 желтоқсанда жезқазғандық “Дидар” телеарнасы сатылып кеттi. Бұған ұжым қарсы. Неге? Жекешелендiрiлiп жатқан жалғыз жезқазғандық телеарна ма? ҚР үкiметiнiң 2015 жылғы 30 желтоқсандағы “2016-2020 жылдарға арналған жекешелендiрудiң кейбiр мәселесi туралы” №1141 қаулысына сәйкес, бәсекелестiк ортаға шығару көзделген коммуналдық меншiктегi мекеме тiзiмiнде бiрқатар аймақтық БАҚ та бар. Қазақстан бойынша ұзын-ырғасы — 30, оның 18-i Қарағанды облысына

Бiр шаңырақтың астында өмiр сүретiн ерi мен әйелiнiң бiр-бiрiне дауыс көтерiп, тiптi қол жұмсауы, яғни отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесi – адамзатты алаңдатып отырған мәселелердiң бiрi. Мұндай кездерi көп жағдайда таяқ жеп, қорлық көретiн – әйел заты. Әлемде әрбiр бесiншi әйел ерiнен таяқ жейдi. Ал бiздiң елiмiздегi айымдардың 60 пайызы отбасында ерiнен зорлық-зомбылық көредi екен. Заман өзгерiп, уақыт зымырап алға

Тыныс демiкпесi – созылмалы дерт. Басталса, оңайшылықпен кете қоймайды. Мамандардың айтуынша, тыныс демiкпесi ешқашан бiрден ұстамайды. Қозатын кезде оның белгiлерi бiртiндеп көңiл-күйдiң төмендеуiне, денсаулықтың cыр беруiне алып келедi. Сондықтан өз ағзаңыздағы өзгерiстердi бақылап жүргеннiң артықтығы жоқ. Демiкпенiң жақындағанын байқадыңыз ба, бiрден алдын алудың жолын iздеңiз.

Азық-түлiк өнiмдерiнiң iшiнде ағзаға пайдасы жоғы бар ма? Мысалы, қандай тағамдардан ойланбай бас тартуға болады?

Айдар МЫРЗАБЕК, Түркiстан.

Ойланбай бас тартуға болатын азық-түлiк өнiмдерiне бiрiншi кезекте арнайы цехтарда дайындалған котлеттер мен тұшпаралар, сосискiлер мен шұжықтар жатады. Бұл өнiмдердi шамадан тыс пайдаланудың адам организмiне пайдасынан гөрi зияны көбiрек. Негiзi, кез келген тағамды пайдалануды шектемес бұрын әуелi оны ағзаның не үшiн қажет ететiнiн және одан оңайлықпен бас тарта алатын-алмайтыныңызды

– Жаным, Жаңа жылға не сыйлайсың маған? – дейдi әйелi күйеуiне наздана.
– Анау тұрған қызыл “Лексусты” көрдiң бе? – дейдi күйеуi әйелiн терезенiң жақтауына жақын алып келiп. Есiктiң алдындағы көп автокөлiктiң шеткi жағында тұрған су жаңа қызыл “Лексус” әйелдiң көзiне оттай басылады.
– Ойбай-ау, мынауың тым қымбат емес пе?! – дейдi әйелi даусын қоңыраулата.
– Мiне, дәл осы “Лексустың” түсiндей қып-қызыл көйлек сатып алып беремiн!
– ??

Нұрғали Нүсiпжанов – бүгiнде Қазақстанның Халық әртiсi, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының профессоры, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттiк филармониясының халық сүйген айтулы әншiсi! Ал шын асылдың бағасын бiлер көзiқарақты қауым, дүйiм қазақ халқы үшiн оның “Нұрғали Нүсiпжанов!” деген атының өзi – кез келген

Дзюдодан елiмiздiң ерлер құрамасы оқу-жаттығу жиынын Өзбекстан елiнде өткiзiп жүр. 7 қаңтар күнi Ташкентке аттанған жiгiттер 13 қаңтарға дейiн осы елде әзiрлiктi жүргiзедi. Одан кейiн Жапония елiндегi бiрлескен жаттығу жиынына қатысады. Сосын гранд-слэм, гран-при сайыстарын бастайды. Дзюдошыларымыз үшiн биылғы жылдың басты додасы – Гонконгте өтетiн

Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан әлем кубогының кезеңi өтiп, Галина Вишневская 4-орынға тұрақтады. Әлем кубогының кезеңiне 25 спортшы қатысқан болатын. Галина масс-старт сайысында да үздiк бестiкке ендi. Нысана көздеуде бiр мүмкiндiгiнен мүлт кеткен жерлесiмiз көмбеге төртiншi болып жеттi. Вишневскаяның әлем кубогының кезеңiнде 4-орын алуы – орасан жетiстiк Өйткенi елiмiздiң қыздары биатлоннан әлем кубогында мұндай нәтиже көрсете

Бокстан елiмiздiң қыздар құрамасы Сербияда өтетiн халықаралық турнирге қатысады. Вадим Присяжнюк баптайтын бойжеткендер жыл сайын өтетiн дәстүрлi турнирде бақтарын сынамақ. Тауық жылындағы алғашқы халықаралық турнирге тiсқаққан, сыралғы боксшылар қатысады. “Бұл Алматы облысы, Талғар ауданындағы AIBA-ның бокс академиясында әзiрлiк өткiзген қыздарды сынайтын