1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017

Бүгiн – халқымыздың ұлы перзенттерiнiң бiрi Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күнi. “Көрнектi адамдар өз елiнiң не бағына, не сорына туады” деген көне мақал бар. Димаш Ахметұлы болса туған елiнiң бағына туған адам және бiздiң әрқайсымыз үшiн айрықша ыстық” деген екен кезiнде Iлияс Есенберлин. Көзiнiң тiрiсiнде-ақ “Димаш аға!” деп күллi Алаш жұрты төбесiне көтере ұлықтаған Дiнмұхамед Ахметұлы – шын мәнiнде, қазақтың iргесiн нықтап, еңсесiн тiктеп, бүгiнгiдей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен айтулы

Биылғы жыл маңғыстаулықтар үшiн жайсыз басталды. “Маңғыстаумұнайгаз” компаниясына қызмет көрсететiн Oil Constraction Company (ОСС) компаниясының 400-ге жуық мұнайшысы қаңтардың 5-iнен берi аштық жариялап жатыр. Олар өздерi құрамына кiрген Қазақстан Республикалық тәуелсiз кәсiподақтар конфедерациясын тiркеудi талап еттi. Қаңтардың 5-iнен берi нәр сызбаған мұнайшылардың арасында асқазан жарасы, жүрек, қан тамырлары ауруы сырқатына шалдыққандар жетерлiк. Бiр апта iшiнде олардың бiрсыпырасының басы

Қаламқас кенiшiндегi аштық жариялай жүрiп жұмыс iстеп жүрген мұнайшылардың бiрi қаңтардың 11-iнен берi талаптарына назар аударту үшiн таңғы 6-дан кран басында отыр. Ол “Қазақстан Республикасының тәуелсiз кәсiподақтар конфедерациясын тiркеудi және оның төрайымы Лариса Харьковаға қылмыстық қудалауды тоқтатуды” талап етiп жатыр.
Қаламқас – үлесi 50 пайыздан бөлiнген қытайлық CNPC пен ұлттық Қазмұнайгазға тиесiлi

Бұл қазақтың шығармайтыны жоқ. Әнеукүнi бiр әрiптесiмiз әлеуметтiк желiде “Тест атаулының тек бiреуi ғана ақиқатты дәл ажыратады, ол – әйелдердiң жүктiлiгiн анықтайтын тест” дептi. Күлесiз және шындығын мойындайсыз. Бiрақ солай екен деп өзге тест түрлерiн түгел ысырып тастауға болмайды ғой. Өйткенi үкiмет қазiр оқушыларға тиiстi сынақты былай қойғанда, мемлекеттiк қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн де осы әдiспен

Қаңтардың 10-ы күнi өткен үкiмет жиынында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев тұрғылықты жерге азаматтарды тiркеу жұмыстары елдi дүрлiктiрiп жiбергенiн атап айтып, Iшкi iстер министрi Қалмұxамбет Қасымовтың бiлместiгiн бетiне басты. Осы көрiнiс “Бәйтерек” пен бiр сотты есiме түсiрдi. О баста “мiндеттi уақытша тiркеу экстремистер мен терроршылармен күрес үшiн керек” деген едi. Құп. Олай болса, тiркеуi жоқ тұрғындарды неге “Бәйтерек” монументiне тiркеуге алмасқа? “Бәйтерек” қайдан шықты

Жаңадан сайланған АҚШ президентi Дональд Трамп бiрнеше күннен соң ресми түрде президенттiк қызметiне кiрiседi. Және бұл күндi Кремльдiң қожайыны асыға күтiп отыр. Ең қызығы, бұл жағдай көршi елдiң билiгiнiң алдағы стратегиялық қадамдары Батыстағы идеологиялық өзгерiстерге тiкелей тәуелдi секiлдi көрiнедi. Байқасаңыздар, АҚШ-тағы президент сайлауын америкалықтардан гөрi Ресей билiгi мен қарапайым ресейлiктер ынтыға қадағалағандай. Қазiрдiң өзiнде көршi елдiң ақпарат құралдарындағы жаңалықтардың басым бөлiгi

ҚАЛАЛЫҚ ӘКIМШIЛIК ӘУЕЖАЙ МЕН ВОКЗАЛДАҒЫ САУДАҒА ТЫЙЫМ САЛЫП, КӘСIПКЕРЛЕРДI ШЫРЫЛДАТУДА

29 қаңтарда Алматыда ХХVIII қысқы Универсиада ойындарының ашылу, 8 ақпанда жабылу салтанаты өтедi. Осыған орай мегаполистегi 9 сауда орталығы жұмысын тоқтатып, жабылады. Бұл туралы қала әкiмiнiң баспасөз қызметi ақпарат таратты. Бiр қызығы, қалалық әкiмшiлiк бұл хабарды “2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпанында санитарлық-тазалық күнiн өткiзуге байланысты қаладағы 9 сауда орталығы жабылады”, – деп хабарлады. Мұны естiгенде, әу баста көпшiлiк дұрыс түсiнбей қалды: бiрi “дүкендер мен базарлар екi аптаға жабылады

Жуырда Фейсбук әлеуметтiк желiсiнде және “Абай.KZ” сайтында 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсi кезiнде алаңға шыққандардың бiрi Ерлан Декелбаевтың “Тарихи кiтаптарға менi “сатқын” деп жариялатқан – Мұхтар Шаханов” деген мәлiмдемесi шықты. Онда мынадай жолдар бар: “Мұхтар аға, мұның барлығы өзiңiз басқарған “Желтоқсан комиссиясының қорытындысынан” алынған. Сiз бұл қорытындыға қолыңызды қойып, менi комиссияның қорытындысымен сатқын деп тарихты бұрмаладыңыз. Менi ұрпақ алдында масқаралап

Ескермес Әбдiқасұлы ру шежiресiн шығарғалы жатқанын өткен жылы естiгенмiн. Құрбан айттың алғашқы күнi осы өңiрдегi иiсi қазақ қатты қадiрлейтiн Құлмұхаммед ишан ұрпағы Ұлт-азаттық көтерiлiсiнде Аманкелдi сарбаздары серттескен “Дулығалы” мешiтiнде аруақтарға арнап ас бердi. Тура сол күнi Сәтбаев қаласында мейрамханада Ескермес шежiренiң тұсаукесерiн жасапты. Шежiре құрастырудың машақатын мен бiр адамдай бiлемiн. Бар саналы ғұмырын

Сенесiздер ме, қара қылды қақ жарады дейтiн соттан әдiлдiк iздеймiн деп, жәбiрленушiден керiсiнше құқықбұзушыға айналып шыға келдiм. Бұдан кейiн кiмге сенемiз? 2003 жылы өзiм тұратын Қазығұрт елдi мекенiнен халыққа қызмет көрсету мекемесiн салу үшiн жер сұрап, аудан әкiмдiгiне арыз бердiм. Алайда аудандағылар менi облыстық жер комитетiне жiбердi. Сол жаққа 60 мың теңге төлеп, құжаттарын рәсiмдеп, әйтеуiр 25 соттық жерге қол жеткiздiм. Құрылыс жұмыстарын бастар кезде құжат рәсiмдеудi де

1980 жылдары қорасы да, өрiсi де мыңғырған малға толы болған ауылдық жерлердiң халқы бүгiндерi өлместiң күнiн көрiп отыр. Шындық осы! Теледидардан әр күнi дерлiк айтылатын “ауылдық жерлердiң көркейiп, экономикасы жақсарып келедi” деген пiкiр мүлдем шындыққа жанаспайды. Дәлел ретiнде Қасым ауылын (Қарқаралы ауданы) алып қараңыз. Қазiр ауыл халқының жартысынан көбi байшыкештердiң қол астында жұмыс iстейдi. Ал олар болса, қарапайым халықты ретi келсе, еңбекақысын бермей, қаңғытып жiберуге дайын отыр. Ауылдық жерлерде жұмыс жоқ

Бұрын Өзбекстан мен Қазақстан темiржолының шектесер тұсы, яғни шегарасы Шеңгелдi бекетi болатын. Бүгiндерi қазақ темiржолы 55 шақырымға ұзарып, екi ел арасындағы темiржол шегарасы Сарыағаш бекетi болды. Шеңгелдi бекетiнiң Сарыағаш секiлдi iрi бекетпен орын ауыстырғаны – әрине, қуанарлық жағдай. Осындай өзгерiс болған күннен бастап Сарыағаш бекетiне темiржолдың өркендеуiне ерекше үлес қосқан Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың есiмiн беру туралы ұсынып жасап келемiз. Бiрақ әлi күнге дейiн бiздiң ұсынысымызға

Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары баршамыз байлыққа кенелiп қалатындай көрiнген-дi. Ендi қарап отырсам, байлыққа кенелмек түгiлi, барымыздан айырылып қалған тәрiздiмiз. Кезiнде жақсы дамыған мақта шаруашылығын бүгiндерi ұқсата алып отырмыз ба? Жоқ! Мұнайдың үстiнде тұрып, жанар-жағармайды Ресейден сатып аламыз. Кезiнде

Тәуелсiз ел болғанымызға 25 жыл толғанда, қазақ тiлiн сүмiрейтiп, “үштiлдiлiк” деген бәленi ойлап таптық. КСРО-ның кезiнде ұл-қызымыз орысша сөйлесе дедiк. Себебi талап солай болды. Соған мәжбүрледi. Ал бүгiн тәуелсiз ел болып отырсақ та, ана тiлiмiзге лайықты түрде көңiл бөле алмай отырмыз. Менiң ойымша, ағылшын тiлiне әлемдегi көп тiлдердiң бiрi деп қарауымыз керек. Оны асқақтатып, мiндеттi түрде оқисың деудiң қажетi жоқ. Үйренем

Асан мен Зәуре есiмдi көршiлерiмнiң Атыраудан Алматыға қоныс аударғандарына 25 жылдың жүзi болып қалыпты. Алғаш көшiп келген күндерiнен бүгiнге дейiн қайғы мен қуанышқа ортақтасқан көршi болып келемiз. Екеуi нағыз Құдай қосқан жұбайлар деуге болады. Ақкөңiл, кiшiпейiл, жылы жүздi жандар. Асан мен Зәуренiң туған-туыс бауырларын ауылға тастап, Алматыға көшiп келулерiнiң бiрден-бiр себебi – жұрт секiлдi ұрпақ сүю болатын. “Бала көрмесең, қоныс аудар” деген аталы сөздi алға тартып, екеуiнiң Алматыға келген түрлерi ғой. Бұл қадамдары зая кетпей, көршiлерiм көп ұзамай ата-ана атанды. Зәуреш ұл баланы дүниеге алып келдi. Есiмi – Қайнар.
Қайнар көз алдымызда өстi, оқыды, тоқыды. Орта мектептi, содан кейiн Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдап, жұмысқа орналасты. Күмбiрлетiп күй тартып, әуендi ән салатын

Былтыр улап-шулап жүрiп Кейкi батырдың бас сүйегiн елiмiзге қайтардық. Батыр бабамыздың елге қайтқан бас сүйегiмен бiрге қазақтың рухы да бiр көтерiлiп қалды. Ендi жақсы iстiң жалғасы ретiнде, көп соза бермей, Кенесары ханның бас сүйегiн де елiмiзге қайтарсақ, үлкен сауап болар едi. Және Кенесары ханның бас сүйегi Астанаға, Кенесары ханның сарбаздары жатқан жерге жерленсе, құба-құп емес пе?! Егер Кенесары ханның бас сүйегiн

Өткен демалыста Алматыда бiрге оқыған курстас досым қайтыс болып, соның қонақасына барып қайттым. Қазақылығы басым, жарқын жүздi азамат болатын, жаны жаннатта болсын. Менiң айтайын дегенiм – досым жайлы емес, досымның қонақасына жиналған шала қазақ ағайындар туралы болмақ. Мен Атырауда, ол Алматыда болғандықтан ара-тұра кездескенiмiз болмаса, тек телефонмен хабарласып тұратынбыз. Сол себептi де қонақасына жиналған көпшiлiктiң көбiсiн тани алмадым. Дастарқан басына отырғызғанда менi ақсақалды аталар мен ақ

Кеңестiк кезеңде “алыпсатар” деген ұғым жұрттың зәресiн алушы едi. Қазiр бұл сөз жиi қолданылмаса да, қаптаған дүкендердегi тауар бағалары осы алыпсатарлықты еске түсiрiп жатқандай. Оған мысал ретiнде мына бiр жағдайды айта кетейiн. Жақында бiр супермаркеттен өзiм жақсы көретiн “Жокей Арабика Триумф” деген кофенiң ең кiшкентай ыдыстағысын сатып алдым. Кофенiң бұл түрi Алматы дүкендерiнде сирек болады, бағасы – 590 теңге. Тағы бiрде сүт алмақ болып, “SMALL”

Министрдiң мұнысына амал бар ма?!
Ұсыныпты “тiркеудi” адамдарға.
Сорлы халық топырлап, зәбiр көрiп,
Күнi бойы қамалды мына ЦОН- ға.

Айға қарап отыр ма депутаттар,
Ақын Мұхтар айтқандай, “жепутаттар!”
ЦОН-ға қалай барады тiркелуге,
Зағиптар мен науқастар, кiлең қарттар?

Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмадiловтiң “Сенесiз бе, мен өз елiме жете алмай жүрмiн!” деген (“Жас Алаш”, 25 қазан, 2016 жыл) мақаласын оқып, жағамды ұстадым. Жазушылар Одағы күнi бұрын жоспарлап, Қабекеңнiң 80 жылдық мерейтойын Алматыда және туған жерi Шығыс Қазақстан облысында өткiзудi ұйғарыпты. Алматыдағы мерейтойы жақсы өткен. Ал Шығыс Қазақстандағы той қалай өтер екен дегендей жазушының көңiлiнде күдiк, күмән да болған. “Себебi Семей мен Өскемен жұртшылығы кезiнде ГПУ, НКВД, КГБ сияқты мекемелердiң “тәрбиесiн” көп көрген ел ғой. Абай ұрпақтарын әр жаққа жер аударып, ақынның сүйiктi ұлы Тұрағұл мен Жағыпарды (Мағауияның баласы) 1933 жылы аштан өлтiрген... Шыңғыстауда аң қарап жүргенде Шәкәрiм қажыны атып өлтiрiп, сүйегiн

Сөйтiп, 2017 жылы бүкiл бiлiм саласы үштiлдiлiкке көшiп жатыр... Қаратабан жай қазақтан бастап игi жақсы атаулы “Ау, бұл қазақты бiржолата жоюдың жолы ғой” деп қанша қарсылық бiлдiрсе де, билiк бұған пысқырып та қарамады. Кемеңгер жазушымыз Мұхтар Әуезов өзiнiң өкшесiн басып келе жатқан қаламгерлерге: “Осы сендер, “өй, айттық қой, жаздық қой” дейсiңдер, қайталап айтып отыру керек, үйдiң төбесiнен тамшылап аққан су-екеш су да iргеде жатқан қара тасты тесiп өтедi, қайталап айтып отырыңдар!” дейдi екен. Сонда бүгiнгi Қазақстан билiгi қазақ ұлтының амандығы төңiрегiнде қазақтардың сан қайталап айтқан пiкiрiне құлақ салуға келгенде сол қара тастан да қатты болғаны ма?!
Ұлыбританияның Уэльс атты уәлаятында туған ұлы ғалым Д.Кристал өзiнiң “Тiл ажалы” деген кiтабында “Бiр ұлтты жоқ қып жiберу үшiн оларға қостiлдiлiктi енгiзу керек. Сонда олардың тiлiн

Есiмде жоқ,
Көктем бе едi, жаз ба едi,
Көңiл көкте,
Уайымның да аз демi,
Жұмыс уағы,
Шақырып ап бастығым,
Бiр досыма
Мадақнама жаз дедi!

Ойланбадым,
Көр-жер сөздi термекке,
Талаптандым,
Тәуiр баға бермекке,
Елге елеулi

Дүкендерде, базарларда күрек көп болғанымен, екi қолға бiр күрек таба алмай, қышыған алақанымды қасып қойып, “бүгiн тиын-тебен табамын-ау!” деген оймен қаладағы “Құл базар” атанып кеткен жерге келдiм. Жұмыссыз жастар, жасамыстар осы жерге жиналып, бай-бағландарға жеке жұмысқа жалданады. Мұнда келсем, қарақұрым адамдар жол жағалап тұр екен. Қыстың қара суығында бүрсеңдеп тұрмыз. Бала-шаға аш, “Джиптер” тоқтай қалса, астына түсiп кете жаздап, тұра жүгiремiз. Бүгiн жұмыс берушiлер жоқ. “Итiм ине жұтып өлдi, соны көмiп берiңдер!” деп шiренген бiреу

Тауық жылында оқырмандарымызға “Жарқ еткен жасын” айдарымен спортта жарқырап көрiнген таланттардың қазiргi жай-күйi жайында жазып, таныстыруды бастаймыз. Спорт деген сиқырлы салада кез келген спортшы Олимпиада шыңына шығып, болмаса әлем чемпионатының алтынын ала бермейдi. Ал сол көпке бұйыра бермейтiн бақ, маңдайына қонбайтын атаққа ие болғандар неге ерте ұмыт болады? Рас, бiрiнiң жолына жарақаты кесе-көлденеңдеуi мүмкiн, бiрiнiң тағдыр-талайы басқаша өрбiп, спорттан қол үзедi. Айдарымыздың бүгiнгi кейiпкерi де сондай жарқырап шығып, әлем чемпионы атанған соң спорттан басқа саланы таңдаған жан. Бекжан Кiбiтқалиев – бокстан 2011

Санкт-Петерборда өтiп жатқан “Гранаткин мемориалында” бiздiң футболшылар 1 ұпайын еншiледi. 19 жасқа дейiнгi футболшылар арасындағы тартыстың алғашқы матчын Словакия жастар құрамасына қарсы өткiзген жiгiттер 0:0 есебiмен тарқасты. Бiздiң футболшылармен бiр топқа түскен Литва жастары

ФИФА-ның Цюрихте өткен конгресiнде 2026 жылдан бастап футболдан әлем чемпионатында 32 команда емес, 48 құрама ойнайтыны жайлы бастама көтерiп, кеңес мүшелерi ұсынысты бiрауыздан қолдапты.
Әр құрлықтағы елдердiң әлем чемпионатына қатысу мүмкiндiгiн молайту мақсатында ұсынылған жоспар бойынша 48 құрама 16 топқа бөлiнедi екен. Яғни әр топтағы үш команда өзара ойнап, 1,2-сатыға орныққаны сайысты жалғастыруға мүмкiндiк алса, көш соңындағы құрама елдерiне қайтады. Әлем бiрiншiлiгiне

Бiр жарым жастағы Санжарға шұғыл ота жасау керек. Миында iсiк пайда болған бүлдiршiннiң ата-анасы бiр жылдан берi ұлдарының сырқатын емдету үшiн табанынан тозып жүр. Үш ай бұрын сәби Санжардың басына күрделi ота жасалғанымен, iсiктi толықтай алмапты Мұндай ауыр отаны Мәскеуде жасатуы үшiн 15 мың АҚШ доллары көлемiнде қаражат керек. Шұғыл түрде ота жасалмаса болмайды. Ата-анасы халықтан, Атымтай-жомарт қайырымды жандардан көмек сұрайды.

Қытайда клондаудың iрi орталығын салу жоспарлануда. Бұл жобамен қытайлықтар ғана емес, оңтүстiккореялық ғалымдар да айналысып жатыр. Жалпы, Қытай клондау технологиясын қолдану саласында көш басында тұр. Мұндай әрекетке Еуропада тыйым салынған. Өткен жылы Қытай және Оңтүстiк Корея ғалымдары 550 иттi клондады. Бұл жануарлар әлемнiң iрi әуежайлары мен вокзалдарында