1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (16192) 24 қаңтар, сейсенбі 2017

Ақшаға ойнайтын ази деген карта ойыны бар. Алматы қаласы мен оның айналысында кеңiнен тараған. Қас қарайғаннан таң атқанша ойнайды. Ойын әдетте әр ойыншыға таныс, бiлiс адамның үйiнде өтедi. Азишiлер мұндай орынды үй иесiнiң момындығына, шу шығармас көнбiстiгiне, бала-шағасының тыныш мiнезiне орай таңдап алады. Үй иесiне түнi бойы қонақ күту ұнамауы да мүмкiн, алайда ол ази өткiзу ұсынысынан бас тарта алмайды. Бас тартар болса,

...Әттең-ай, дәл осы шараны Жетiсай қаласының әкiмi Байдуалы Базарбаев Тәуелсiздiк мерекесi қарсаңында өткiзгенде тiптен қатып кетер ме едi? 25 жылдықта аудан, қала әкiмдiктерi онсыз да мағынасыз шараларды күн сайын топырлатып өткiзiп жатты ғой. Ана ауданда 25 игi iс-шара, мына ауданда 25 акция өттi, тағы бiр ауданда әкiм мен депутаттар 25 түп көшет ектi, 25 оқушыға сыйлық тапсырды. Оған қарағанда

Ана тiлiн бiлмеген –
Ата жауы халықтың!
Ақын Адалбек Ақмәдиұлы осылай дептi. Бұдан артық қалай айтсын-ай!
Шынында да, қазақтың тiлiн бiлмеген қазақ оның дымын да (мүддесiн де! мұңын да! мәдениетiн де! әдебиетiн де!) бiлмейтiнi бесенеден белгiлi ғой.
Бiрақ, соған қарамастан, ана тiлiн бiлмейтiн адамдарды аса жауапты, лауазымды қызметтерге қойып жатырмыз, қонжитып жатырмыз. Мұның да шетi, шегi болу керек емес пе?!

Маңғыстау мұнайшыларының наразылығы билiктiң ұйқысын қашырды. Бұлай деуiмiзге себеп – өткен аптада екi бiрдей телеарнадан аштық жариялаған мұнайшыларды айыптаған, оларды әлдебiреулердiң айтағына ергендерге балаған хабар берiлдi. КТК арнасының “Портрет недели” бағдарламасы осы тақырыпты кезектi санына өзек етiп алса, “Қазақстан” арнасы да наразы мұнайшылардың әрекетiне жеделдетiп “журналистiк зерттеу” жасап жiберiптi. Алдымен аштық жариялап, ас-судан бас тартқан жұмысшылардан билiк неге қаймыға

Ақтөбе облысында заңсыз мұнай өндiрумен, ұрлаумен және оны заңсыз тасымалдап, сатумен айналысты, осы мақсатта ұйымдасқан қылмыстық топ құрып оған жетекшiлiк еттi деп айыпталған Еркiн Iзбасардың адвокаты Серiк Сәрсенов өзiнiң қорғауындағы азаматты кiнәсiз деп санайды. Оның айтуынша, елiмiзде спортшылардың қамқоршысы, мүгедектер ұйымының белсендi мүшесi, кей ортада қылмыс әлемiнiң беделдi тұлғасы ретiнде көрсетiлген

20 қаңтарда Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасы азаматтық белсендiлер Макс Боқаев пен Талғат Аянның түсiрген шағымы бойынша iстi аяқтап, үкiмдi сол күйiнде қалдырды. Сөйтiп, 16 қаңтарда, апта басында басталған сот созбақталып жұмаға жеткенде әу бастағы үкiмнiң өзгерiссiз қалғаны жиналған жұрттың көңiл-күйiн түсiрiп, ашу-ренiшiн тудырды.
Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиеваның айтуынша, Макс пен Талғат соттың “жарылқамайтынын” алдын ала сезiп бiлiп, үкiмдi тыңдау үшiн “эфирге” шығудан бас тартқан. Бейнетаспадан жарқ етiп көрiнудi жөн деп таппаған. Осы жерде естерiңiзге сала кетейiк, азаматтық қос белсендiнiң апелляциялық соты

20 қаңтарда Капитолийдiң бiр қанатында жиналғандардың алдында, жұбайы Мелания Трамп ұстап тұрған қос бiрдей Iнжiлге қолын қойып, АҚШ Конституциясын қорғауға ант берген Дональд Трамп ресми түрде АҚШ-тың 45-президентi атанды. Ол Американы қайтадан ұлы ел ету мақсатына барлық америкалықты жұмылдыруға күш-жiгерiн жұмсауға уәде бердi. Әдетте АҚШ-та жаңа президенттiң қызметiне кiрiсу

Ақ түйенiң қарны жарылған күн!.. Қытай елiнде “Алтай – қазақ этно-фотография” қоғамы құрылды. Бұл қоғамның ресми ашылу салтанатына асқаралы шыңдарды 40 жылдан астам уақыт бойы суретке түсiрумен келе жатқан Түсiпбек Сләмқұлұлы, Қазақстандағы “Фотоөнер” қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы, “Жас Алаш” газетiнiң фототiлшiсi Асылхан Әбдiрайымұлы сынды белгiлi фотографтар қатысты.Қытай елiндегi қазақ фотографтардың басын бiр шаңырақ астына қосып

Жуырда ғана көрермендерге жол тартқан “Алмас қылыш” тарихи фильмi облыс орталықтарындағы кинотетрларға да жеттi. Десек те, Павлодарда осы фильмге байланысты дау-дамай туып, әлеуметтiк желiлердi дүрлiктердi. Ұзын-сөздiң қысқасы, жергiлiктi кинотеатрлар аталмыш фильмнiң қазақша нұсқасын көрсетуден бас тартқан. Сылтаулары сол баяғы “қазақ тiлiндегi киноға ешкiм де келмейдi-мыс”. Бұл солтүстiк өңiрде мемлекеттiк тiл

Байғанин ауданының әкiмi Мамырғали Аққағазов пен Мәртөк ауданының әкiмi Нұржауған Қалауов өткен жыл бойынша ең нашар жұмыс iстеген әкiмдер деп танылды. М.Аққағазов жол салуға берiлген мемлекет қаржысын игермесе, Н.Қалауов апатты жағдайдағы мектептер санын жасырған. 40 жыл бойы жерасты сынағы жүргiзiлген, облыстан 350 шақырым қашықтағы Байғанин ауданы жол қаражатына аса мұқтаж болса да, бөлiнген қаржының игерiлмеу себебiн М.Аққағазов түсiндiре алмады. Құлайын деп тұрған мектептiң жартысын құлыптап, есiгiн тiреп,

Әншi, сазгер Марат Омаровтан қазiргi қазақ эстрадасындағы қордалы мәселелерге байланысты сұрақ қойып, сұхбат алдық. Сегiз жасында қазақ вальсiнiң королi Шәмшi Қалдаяқовтың алдында ән шырқап, ақ батасын алған Марат Омаровтың ән өнерiне қосқан еңбегi елеулi. “Анашым”, “Қыз сыны”, “Наурыз тойы”, “Қоштасқым келмейдi”, қазiргi қазақ эстрадасында жүрген кейiнгi толқынның денi бала күнiнде шырқаған “Әншi балапан” секiлдi әндерi уақыт көшiмен бiрге iлесiп келедi.

I Am a Singer музыкалық конкурсына қатысқан қазақстандық әншi Димаш Құдайбергенов байқаудың алғашқы кезеңiнде жеңiмпаз атанды. 14 кезеңнен тұратын конкурсқа әлемдiк сайыстарда дараланған өнерпаздар ғана iрiктелiп қатысады. Әр кезең сайын өнерiмен тәнтi ете алмағандар өнер додасынан шығып, орнына өзгелерi қатысады. Бiрiншi кезеңде Димаш француздың SOS d’un terrien en detresse әнiн француз тiлiнде шырқап, миллиардтар

Заң саласында қызмет етiп, зейнеткерлiкке шыққан Әбiш Әдiлбековтi жұрт жыршы-термешi деп таниды. Қазақтың жыршылық өнерiн дәрiптеп жүрген әншi Еуропа қазақтарының құрылтайына қатысып, осы құрлықта тұратын этникалық қазақтардың алдында Қабылиса жырау мен Көдек ақынның термесiн төгiлте орындап, Абылай, Қабанбай, Райымбек, Сұраншы батырлар жайлы жырларды орындап қайтты.
“Германияның Кельн қаласында өткен Еуропа қазақтарының құрылтайына елiмiзден барған делегация құрамында болдым. Құрылтайды Каюм Кесенжi басқаратын Еуропа қазақтарының федерациясы

“МузАрт” тобының мүшесi Мейрамбек Бесбаев әлеуметтiк желiдегi парақшасында өздерiнiң iзбасарларынан жасақталған жаңа топқа атау iздеп, көпшiлiктен кеңес сұрады. “МузАрт” тобының мүшесi атану үшiн елiмiзiдiң әр аймағынан қатысқан мыңдаған үмiткерлер арасынан iркiлмей өткен Сұлтан Ахмет,

Әлемдi билеткен “Ламбада” әнiнiң орындаушысы, бразилиялық әншi Лоалва Бразды бiреулер өлтiрiп кеттi. Өз автокөлiгiнiң iшiнде жатқан әншiнi қаскөйлер көлiгiмен қоса үйiнен ұзатпай-ақ өртеп жiберген. Куәгерлер Браздың үйiнде екi белгiсiз адамның жүргенiн

Несі өмір? Несі жұрт?
Өңшең қырт! Бас қаңғырт!
Абай

 

Армысыз, Қабе!
Сiздiң “Жас Алаштағы” жан айқайыңызға өзiмнiң шыбын жанымның шыңғыруын қоспақ болып далбасалап жатқаныма кеңшiлiкпен қараңыз, аға. Қап-қара бұлты торлаған жүдеу аспанның жыртық көйлектен жарқ ете қалатын аппақ тәндей кенет жадырап сәуле шашатын сәтiн әр пенденiң асыға аңсайтынын бiлесiз ғой. Мынау күңгiртi мол сұрғылт ғұмырымыздың еңсенi езетiн қалың мұнарын сәл-сәл серпiп жiберiп,

Универсиада – 2017 кезiнде өтетiн 12 спорт түрлерiнiң iшiндегi халықтың тақымын қысып, тамсана жанкүйер болатын тартысы – шаңғы жарысы. Дүниежүзiнiң бауырын жаза көсiлгенде шапқан атқа жеткiзбейтiн шаңғышылары “Алатау” шаңғы және биатлон спорт кешенiнде сынға түседi. Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш аңғарындағы жаңа спорт кешенi әлемдiк стандарт бойынша жабдықталып, барлық талапқа сай салынған. Бұл спорт кешенiнiң жүгiру
 

Кеше Алматыдағы Атлеттер қалашығына Қазақстанның спортшылары келiп орналасты. Хоккейден қыздар құрамасы һәм шаңғы акробатикасынан сынға түсетiн спортшы-студенттер қалашыққа орналасқан соң серуенге шықты. Футбол алаңы, асханасы, мұражайы, бассейнi, жаттығу залы бәрi-бәрi бiр орталыққа шоғырланған қалашыққа жайғасқан спортшылардың бiрi – Жанбота Алдабергенова. 2014 жылы өткен Сочи Олимпиадасында акробатика бағдарламасы бойынша 6-орын иеленген Жанботаның қысқы Универсиада додасына әзiрлiгi мен жапсары жайында

Бүгiн Алматыда “Астана арландары” клубының жетiншi маусымға әзiрлiгi жайында айтылып, клуб мүшелерiн таныстыру рәсiмi өттi. АИБА-ның жобасы Бүкiләлемдiк бокс сериясында екi рет жеңiске жеткен клубтың мақсаты – биыл да топ жару. Жетiншi маусымға 12 команда қатысады. “Арландар” С тобында Ресейдiң “Russian Boxing Team”, Қытайдың “China Dragons” және

Өткен аптада премьер-министр Б.Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкiмет отырысында отандық киноөндiрiсiнiң мәселелерi талқыланды. Мәдениет және спорт министрi А.Мұқамедиұлы жиынға қатысушыларды прокатқа шыққан жаңа фильмдермен таныстырды, соңғы үш жыл көлемiнде министрлiк жүз шақты фильмнiң жарыққа шығуына мұрындық болғанын айтты. Үкiмет жиынында қазақстандық киногерлердi мазалап жүрген жайттар да қозғалды. Соның бiрi – кинотеатрлардың отандық фильмдердi не таңертең, не түн iшiнде