1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (16193) 26 қаңтар, бейсенбі 2017

Сонымен, 61 жастағы журналист Бигелдi Ғабдуллиннiң бас бостандығы бес жылға шектелдi. Астана қаласы қылмыстық iстер бойынша мамандандырылған аудандық сотының судьясы Бағлан Ыдырысов журналист Бигелдi Ғабдуллиндi айыпты деп тауып, оған прокурор Әлiбек Айтжанов сұраған жазаны үтiр-нүктесiн өзгертпей кестi. Central Asia Monitor газетiнiң бас редакторы әрi Radiotochka.kz порталының шығарушысы Бигелдi Ғабдуллинге бес жыл iшiнде

Бұйырса, ширек ғасыр бойы Қазақстанды жеке-дара билеген Нұрсұлтан Назарбаев үкiмет пен парламентке “еншi” бөлiп бермек. Күнi кеше Мемлекеттiк билiк тармақтарындағы өкiлеттiктердi қайта бөлу мәселелерi жөнiндегi жұмыс тобының отырысы президенттiң қатысуымен Ақордада өттi. Назарбаевтың өзi бұл мәселенi “демокрияталандыру үдерiсi” мен “уақыттың талабына” телiдi. Жұмыс тобының мүшелерi де мұны бiрауыздан “дер кезiнде” қолға алынған шараға балады. Алайда билiктi бөлiсудiң қазақстандық үлгiсiн демократияның дәргейiне жатқызуға

Басқасы-басқа, елдегi жүйеқұраушы банктiң бiрi – Қазкомның Халық банкпен бiрiгетiнi туралы ақпарат тарағанда, бұған “апам да аң-таң, мен де аң-таң” болдық. Әу бастағы сөз президенттiң аузынан шықты. “Қажет болса, Қазкомға көмектесемiз” дедi. Осыдан кейiн Блумберг агенттiгi “мүйiзi қарағайдай екi банктiң қосылуы бек мүмкiн” деген көрiпкелдiк жасады. “Жел тұрмаса, шөптiң басы қимылдамайды”. Бұл ақпаратты қос банк те, банктердiң үстiнен қарайтын Ұлттық банк те осы аптада

Астанада өткен Сирия дағдарысын реттеу келiссөзiнде Ресей, Иран және Түркияның ресми өкiлдерi бұған дейiн жасалған бiтiмге бақылау жасау амалын құруға келiсiп тарқасты. Бiрiмен-бiрi атысып, азаматтық соғыспен қатар террорлық соғысты бастан кешiп жатқан Сирия билiгi мен оппозиция өкiлдерi Астанадан құрықол бос қайтты. Сөйтiп, Астана келiссөзiнде бас қосқан тараптар алты жылға созылған Сирия соғысын саяси жолмен тоқтату үшiн iлгерi қадам

– Және бұл жалғыз менiң пiкiрiм емес. Сирияда не болып жатқанынан хабардар көпшiлiк осылай ойлайды. Бiрiншi кезекте келiссөздерден бас тартқан АҚШ басшылығы осылай санайды. Қазақстандағы АҚШ елшiсiн есепке алмай-ақ қойыңыз, ол – жай ғана бақылаушы. Қазiргi жағдайда нақты келiссөздер туралы сөз қозғау мүмкiн емес. Бұл – көпе-көрiнеу бұрмалау. Соғысып жатқан тараптар сөйлесуге мүлдем дайын

ШЫМ ҚАЛАНЫҢ ӘКIМI ПРЕЗИДЕНТПЕН БӘСЕКЕЛЕС БОЛУҒА КӨШКЕН БЕ?

Жоғары лауазымды шенеунiктердiң iшiнде екi адамның ғана туған күнiн бiледi екенмiн. Оның бiрi – президент Нұрсұлтан Назарбаев, ал екiншiсi – Шымкент қаласының әкiмi Ғабидолла Әбдiрахымов. Парламент палаталары төрағаларының немесе премьер-министрдiң қай күнi дүниеге келгенiн бiлмеймiн. Интернеттi ақтарып iздегенмен, ақпарат, деректер толып жатқан миыңда туған күндер қала бермейдi ғой. Ал жоғарыдағы екi азаматтың ұмытылмайтын себебi

Өткен аптада Алматыда 11 жастағы Өркен есiмдi жасөспiрiм кiсi қолынан мерт болды. Өгей шешесi мен оның сыбайластары баланы әуелi буындырып, артынша жетi жерiнен пышақтап өлтiрген. Рас болса, әйел мұндай қадамға күйеуiнен кек алу үшiн барған. Қарап тұрсақ, соңғы уақытта балаларға әлiмжеттiк жасау оқиғалары жиiлеп кеттi. Адам қолынан жасалған қиянатқа ұшыраған балалар бүгiнде дүниежүзi бойынша бiрнеше миллиондап саналады. Соның iшiнде ең бiрiншi орында зорлық-зомбылық оқиғалары тұр. Бұл ретте, балалар дене жарақатынан

Маңғыстаудағы аштық жариялаған мұнайшыларды билiк күшпен тарқатты. Қаңтардың 5-iнен ас-су iшпеген 700-ге тарта адамды бұл күнде бiр-бiрлеп сотқа тартып жатыр. Олардың бiрсыпырасы үш мәрте сот алдына келдi. “Ойл констракшн компани” мекемесi жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық шығынды аштық жариялағандардан өндiрiп алмақшы.

29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алатаудың бөктерiнде, әсем қала Алматыда 28-қысқы дүниежүзiлiк Универсиада ойындары өтедi. Әлемнiң 60-қа тарта елiнен 2 мың спортшы-студент қатысатын байрақты дода елiмiздiң өзге елдер алдындағы беделiнiң биiктеуiне септiгiн тигiзетiнi сөзсiз. Қысқы Универсиада ойындары бұрынғы КСРО елдерiнiң ешбiрiнде өткен емес. Тәуелсiздiгiн бiзбен қатар алған бұрынғы одақтас елдердiң

ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫБРИТАНИЯДА САЯСИ БАСПАНА АЛҒАН АДАМДЫ ҰРЛАДЫ ДЕГЕН КҮДIККЕ IЛIНДI

Астанада Ресей және Түркияның бастамасымен Сирия дағдарысын бейбiт реттеу келiссөздерi басталған тұста түрiк елiнде БТА банктiң бұрынғы басшыларының бiрi Жақсылық Жарымбетовтiң ұсталғаны және белгiсiз жаққа әкетiлгенi туралы ақпар тарады. “Ашық Диалог” Фундациясы деп аталатын құқық қорғаушы ұйымның сайтында 21 қаңтар күнi қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтiң әрiптесi, Ұлыбританияда саяси баспана алған Ж.Жарымбетовтi қазақстандық арнайы қызмет орындары түрiк әрiптестерiмен бiрге Стамбұл әуежайынан ұрлап кеткенi туралы
 

Бiраз күн бұрын “Жiгiттер” квартетiнiң 10 жылдық мерейтойына арналған концертiн теледидардан берiп жатқанын байқап, әндерiне құлақ салдым. “Жiгiттер” тобы Ақан серiнiң “Балқадиша” әнiн өткен ғасырдың 30-жылдарындағы насихат құралына айналдырып, әйел теңсiздiгiн жырлаған Мақсұтбек Майшекин арнайы кiргiзген
“Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Күйеуiң сексен бесте, шал, Қадиша”, – деп айтылған нұсқасымен орындады. Осы бiр нұсқаның әлi күнге өзгермей, бояуын жоғалтпай шырқалып келе жатқанына

Шаңырақты шаттыққа бөлеу, үйдiң жылулығы мен дастарқанның берекесiн келтiру, туыс-туғандардардың арасындағы ынтымақтастықты сақтау, балаға дұрыс тәрбие беру – әйел адамның ақылдылығы мен сабырлылығына байланысты ғой. Ынтымақ, бiрлiк қайда болса, бақ сонда қонады. Кезiнде апаларымыз “Ер азаматтың алтын басын қорлама, төрден есiкке сүйреме. Балаларыңа ең алдымен әкелерiн құрметтеудi үйрет” деп кеңестерiн айтып

Мен жаңадан көшiп келген ауылдың шетiнде Қарғабай ақсақал тұрады. Бiрде:
– Бiр жерге құлап қалғансыз ба? Көзiңiздi көгертiп алыпсыз ғой, – дедiм қарсы кезiгiп қалған ақсақалға.
– Еш жерге де құлаған жоқпын. Бұл “қолтаңбаны” маған балам салып бердi. Жазылғаны ғой. Кеше көзiм ашылмай қалған...
– Сонда не?.. Сiздi балаңыз ұра ма? – дедiм таңғалып.
– Ұрмақ түгiлi, өлтiрiп қоюдан тайынбайды. Ол менi астына басып ұрып жатқанда ешкiм де батылы жетiп ажырата алмайды. Тiптi, кемпiрiм де баласына қой деп айтпайды. Бiлмеймiн, өмiрiмнiң соңы не

“Жас Алаш” газетi – бүгiнгi таңда қоғамдағы кемшiлiктi ашық айта отырып, қара халықтың қамын ойлап, елдi дұрыс бағыттап отырған бiрден-бiр газет. “Бiрден-бiр” дейтiнiм, ұлттың сөзiн сөйлеп, қамын жейтiн, керек кезiнде араша түсетiн мемлекетшiл, халықшыл газеттер бар ма? Әрине, бiрдi-екiлi ғана. Сол сиректiң бiрi – бiздiң “Жас Алаш”.
Кейде мен өзiмнiң ойлаған ойымның “Жас Алашқа” жарияланғанын көрiп, қатты қуанамын. Әрине, бiз айтайын

– Папа, менi ұрлап кеттi, – деп телефон соғады қызы жыламсырап.
– Ойбай-ау, кiм?! Қандай қарақшы? Машинасы қандай? Қайдасың? Мен тез жетiп, оның көзiне көк шыбын үймелетейiн! – дейдi ашуға мiнген әкесi.
Қызы:
– Ұзын бойлы, мұртты жiгiт. Машинасы “Land Cruser”. Алматыдағы тау бөктерiнде үш қабатты жеке үйi

Мен елiмiзде әр заң шыққан сайын ойға қаламын, сондай заңға сәйкес талаптар мен орындалуы тиiс мiндеттемелер басқа елдерде де бар ма екен деп. Бiрақ бiзде қабылданатын кейбiр жаңа заңдар әлдебiр мемлекеттердiң жарғы-талаптарының жабайы көшiрмесi екенiн де сеземiн. Жабайы көшiрмесi дегенiм –басқа бiр елдердiң тұрмыстық, болмыстық, ұлттық және өмiр сүру салтына орай шығарылған заңдарын бiздiң бiлгiштер елiмiздiң қажеттiлiгiне қаншалықты сай келетiнiне

Маңдайына бақ бiтпеген бiр елi
Шалқарда бiр шал бар едi киелi
“Тойғанға мәз жүре берсе, бұл қазақ
Қабыл болмас,– деушi едi, – еш тiлегi,

Жақында ғана жазушы, кинодраматург, “Алмас қылыш” көркем фильмiнiң сценарийiн жазған авторлардың бiрi Смағұл Елубайдың сөзiн тыңдадым. Әрине, теледидардан.

– Бiз бұл жолы “Алмас қылышқа” шетелдiктердi әдейi, саналы түрде жолатқан жоқпыз. Тарих кiмдiкi? Бiздiкi. Кино ше? Ол да бiздiкi. Ендеше, бұл фильмдi бөгделердi араластырмай, өз күшiмiзбен шығарайық деп
 

Астанадағы “Фолиант” баспасынан Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, ақын әрi прозашы, драматург Баянғали Әлiмжановтың 12 кiтаптан тұратын көптомдығы жарық көрдi. Қаламгердiң бiрiншi кiтабына әр жылдары жазылған таңдаулы лирикалық өлеңдерi, толғаулары мен эпикалық жырлары және поэмалары топтастырылған.
Ал екiншi томға облыстық, республикалық театр сахнасында қойылған таңдаулы пьессалары жинақталған. Үшiншi томға қаламгердiң прозалық туындылары топтастырылған. Көптомдықтың төртiншi кiтабына ақынның жаңа

Ей, сары тентек, бұл неткенiң
Жаңбыры жоқ, қары жоқ,
Өлiарада сан соқтырып кеткенiң
Кеше ғана емес пе едi эфирден
Жан сырыңды төккенiң...
“Жалғыз ғана арманым
бар – уақыт,
 

Қазақ күресi жабық кешенде өтетiн Орталық Азия ойындарының бағдарламасына ендi. Түрiкменстанның астанасы Ашхабад қаласында өтетiн Орталық Азия елдерiнiң ойындарында балуандар қазақ күресiнен де сынға түсетiн болады. Қазақ күресiнiң дүниежүзiлiк қауымдастығының президентi Серiк Түкеев 2004 жылы құрылған дүниежүзiлiк қазақ күресi қауымдастығының нәтижелi еңбегiнiң арқасында осындай жетiстiкке қол жеткiздiк дейдi.

28-қысқы Универсиада ойындарына қатысатын елдердiң спортшылары Алматыға ат шалдырып жатыр. Күнi кеше 5 мың адамға лайықталып салынған Атлеттер ауылына Қытайдың және Жапония елiнiң делегациясы келiп жеттi. Қытай елi әдеттегiдей қысқы Универсиада ойындарына спортшы көп әкеледi. Бұл елден қысқы Универсиада додасына 119 спортшы қатысуға өтiнiш берген. Лек-лек болып жеткен қытайлық студент-спортшыларды әуежайдан Қазақстанда оқитын Қытай азаматтары күтiп алып, жарыс кезiнде жанкүйерлiк

Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнiне енгiзу 2015-2016 оқу жылынан басталды. Бiздiңше, соңғы жылдары орта бiлiм бағдарламаларына енген өзгерiстердiң ең сәттiсi де – осы. Жалпы, ұлттық ойындардың тәрбиелiк мән-маңызы туралы қазақтың ақын-жазушылары, ойшыл ағартушылары зерттеп жазды. М.Жұмабаев ұлттық ойындарды халық мәдениетiнiң бастау алар қайнар көзiне балады. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин сынды ағартушы ғалымдар халық ойындарының балаларға бiлiм берудегi тәрбиелiк мәнiн, ой-талабының өсуi үшiн атқарар қызметiн

Дзюдоның халықаралық федерациясы әлемдiк рейтингтiң жаңартылған тiзiмiн жария еттi. Әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының күмiс жүлдегерi Елдос Сметов 60 келi салмақтың көшiн бастап тұр. Еншiсiне 1852 ұпай жазған Сметовтен кейiн екiншi сатыға өзбек Диорбек Орозов жайғасқан. Ол 1772 ұпай жинапты, үштiктi әзiрбайжан балуаны Орхан Сафаров түйiндептi, оның да қанжығасында 1772 ұпай бар. 60 келiде әлем чемпионатының күмiс жүлдегерi Рустам Ибраевқа 14-саты тиген екен.

Сычуань (Қытай) елдi мекенiнде 75 жастағы қарияны жақындары тiрiдей көме жаздапты. “Express” ақпараттық агенттiгiнiң жазуынша, шалдың жүрек қағысы тоқтап, денесi суып кеткеннен кейiн дәрiгерлер оны қайтыс болды деп хабарлаған. Суық хабарды естiген ұлы мен туыстары әкелерiн жерлеудiң қамына кiрiседi. Көпшiлiк жиналып, шалдың сүйегiн табытқа салып қабiрстанға алып бара жатқанда табыттың бетi сырғи берiптi. Бiрақ оған ешкiм мән бермеген көрiнедi. Табыттың iшiндегi қарияның тiрi екенiн бейiт басына жетiп, қоштасу үшiн табыт қақпасын ашқанда