1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №8 (16194) 31 қаңтар, сейсенбі 2017

АҚПАРАТТЫҚ КЕҢIСТIКТЕГI КЕЛЕҢСIЗДIКТЕР

Ақпараттық қауiпсiздiк туралы аз айтылып жатқан жоқ. Бiрақ оны барлық ресейлiк телеарналарды өшiрiп тастаумен ғана қамтамасыз ету мүмкiн емес. Ол үшiн, ең алдымен, сапалы контент, қызықты бағдарламалар жасайтын телеарналар қажет.Интернеттiң ықпалы артып келе жатқанымен, халықтың басым көпшiлiгi әлi де ақпаратты негiзiнен телеарналардан бiледi. Алдағы қысқа уақыттың iшiнде телеарналардың қоғамдық пiкiрге әсер етуге

Әбден құлақсiңдi болған “Жолдауды қолдау” дейтiн бiр тiркес бар. Бұл әдетте президенттiң жолдауынан кейiн жаппай ауызға iлiгедi. Мемлекетiк басылым беттерiндегi таңдану мен тамсанудан тұратын пiкiрлер осындай айдардың аясында жұртқа жария болады. Бiр қызығы, бiзге үндеуге үйлесе кететiндей тартымды сөз табылмай тұр. Сондықтан да болар, мемлекет басшысының

МИНИСТРЛIКТЕРДI ҚАЙТА САПЫРЫЛЫСТЫРҒАННАН НӘТИЖЕ ӨЗГЕРМЕЙДI

Үкiметтiк құрылымдағы өзгерiстердi билiкке жақын жүретiн сарапшылар басқарудың тиiмдiлiгiн арттыруды көздейтiн, уақыт талабын ескере отырып, дер кезiнде қолға алынған шара есебiнде дәрiптей бастады. Бiздiңше, бұл көк тиын пайда әпермейтiн, кезектi көбiкауыз науқан. Дәл қазiргi жағдайда Қазақстанға жаңа министрлiктердiң құрылғанынан келетiн пайда кем. Керiсiнше, “қайта құрылымдаған” сайын, “мемлекеттiк институттарды оңтайландырып”, “тиiмдiлiгiн арттыруды көздеген” сайын үкiметтiң жұмысы қожырап, шенеунiктер 

ОЛАР ЖҰМСАҒАН ЖҰМЫССЫЗДАРҒА СОТ ҮКIМ ШЫҒАРДЫ

“Не шықса да Шымкенттен шығады” деген сөз осындайда еске түседi. Қайбiр жылы Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қыздың орнына жiгiт кiрiп, елдi шулатып едi. Жуырда Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық соты мемлекеттiк қызметкерлердiң немесе осы қызметке кiргiсi келгендердiң орнына емтихан тапсырып, шенеунiктерге заңсыз қызмет көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық топқа үкiм оқыды. Жалған сынақ тапсырушылар былтыр қазан айында әшкереленген болатын. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа

Өткен аптада Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясында депутаттардың бiрауыздан қабылдаған шешiмiмен 25 адамға «Облыстың құрметтi азаматы» атағы берiлдi. Мұндай марапатқа кандидаттарды ұсыну, құжат рәсiмдеу жұмыстарының былтырғы жылдың соңында, Тәуелсiздiк мерекесi қарсаңында жүргiзiлгенiн ескерсек, құрметтiлердiң қатарын 25-ке толтырудың сыры түсiнiктi, әрине. Бiрақ бұрын-соңды

Өткен аптада бiрқатар әлеуметтiк желiлер Алматы маңайындағы ең қымбат жер телiмдерiнiң бағасын жариялады. Тiзiмнiң көш басында Таулы қырат ықшамауданында орналасқан “Эдельвейс” коттедж қалашығындағы жер телiмi тұр. Меншiк иесi 250 сотық үшiн 3,1 млрд теңге сұрапты. Одан кейiнгi орынды “Жайлау” гольф клубы маңындағы, “Қарғалы” ықшамауданындағы, Достық пен Оспанов көшелерiнiң және Рысқұлов даңғылы

“Зейнетақы – қасиеттi қаржы. Ол адамдардың өмiр бойы табан ақы, маңдай терiмен жинақтап, бойдан қуат, қолдан күш кеткенде өмiрiмдi жалғайды деп сақтаған азын-аулақ қаржысы. Зейнетақы қаржысымен “ойнау” – отпен ойнау. Ондай “ойыншыларға” кешiрiм жоқ. Иә, зейнетақы қорының басшылығы қордағы қаржыны инфляция жеп қоймас үшiн табысты компанияларға инвестиция ретiнде салуы керек. Бiрақ, көзсiз тәуекелге баруға

Н.НАЗАРБАЕВ ТУРАЛЫ ТҮСIРIЛГЕН ФИЛЬМНЕН КЕЙIНГI ОЙ

Былтыр отандық киногерлер көрерменге дүниелердi ұсынды. Бұған тәубе дейсiң. Сол дүниелердiң бiрi – Н.Назарбаевтың өмiрi туралы түсiрiлген “Жұлдыздар тоғысқанда” фильмi. Естерiңiзге сала кетейiк, бұл мемлекет басшысының өмiрi туралы түсiрiлген фильмдердiң соңғысы, яғни аяқтаушы бөлiмi болып табылады. Нұрсұлтан Әбiшұлы өмiрiнiң ең жарқын кезеңiн түсiруге ресейлiк режиссер Сергей Снежкин шақырылды. Таңдаудың орыс режиссерiне түсуi тегiн
 

Өткенде ratel.kz сайты “Жиырма мың павлодарлық Қазақстан азаматтығын алудан бас тартты” деген тақырыппен мақала жариялап, аяқ астынан әжептәуiр шуға себеп болды. Қазақстандағы ақпараттық саясатты жасауға әдеттенген орыстiлдi басылымдардың бетiнде селт еткiзер бiрдеңе жариялана қалса, осылай дүрлiгемiз. Ал қазақша не жазып жатсаң да, ешкiмнiң шаруасы жоқ сияқты... “20 мың адам Қазақстан азаматтығынан бас

Шекара сызығында орналасқан ауылдарда саусақпен санарлықтай ғана адам тұрып жатыр. Аумағы атшаптырым, бiрақ адамы аз осындай ауылдардың бiрi – Мәртөк ауданының Хазiретi ауылдық округi. Бұл елдi мекен РФ Орынбор облысы Қуандық ауданының ең шеткi бөлiмшесiнен 4 шақырым ғана жерде. XVIII ғасырда Әбiлқайыр ханның бәйбiшесi Бопай ханымның әкесi Қуандықтың жаз жайлауы болғандығының куәсiндей жер атауын орыстар

Ол әдемi, сәттi түсiрiлген суреттерiнiң мазмұнын айтып, түсiндiрiп жатпайтын. “Түсiндiрудi қажет ететiн сурет – сурет емес, ол өзi сөйлеп тұруы керек” дейтiн ол. Шынында, Сайлау Пернебаев ағамыз түсiрген көп суреттерге кiсiнiң аты-жөнiн ғана жазатынымыз болмаса, басқалай басы артық түсiндiрмелер қажет емес-тiн. Оның үстiне, “Тосыннан түсiрiлгенде” деген айдар бойынша көп еңбек еткен оның суреттерi сол кейiпкерлерiнiң

Ержан Мұхамметұлы 1980 жылы Шыңжан өлкесiнiң Алтай қаласында дүниеге келген. Қызметiн 1999-2013 жылдары Алтай аймағының үгiт-насихат кеңсесiнде бастаған. 2013 жылы ауыл басшылығына келiп, кейiн қайтадан сол үгiт-насихат бөлiмiне ауысқан. 1999 жылдан бастап фотографиямен шұғылданады. Осы жылдары Халықаралық және Жұңғо мемлекетiнен

Kodak компаниясы — сандық камераларды жасайтын ең iрi өндiрушi және жарық сезгiш матрицаларды өндiретiн кәсiпорын. Оның 129 жылдық тарихы бар. Компанияны құрған Джордж Истман фотографияның тауқыметi қиын жұмыстарын жеңiлдеттi. Джордж Истман 1878 жылы Рочестер Жинақ банкiнде кiшi кеңсе қызметкерi болып жұмыс атқарды. Досы оған саяхатқа фотоаппарат алып шығуды

FIAP-тың (ФР. FUDURATION INTERNATIONALE DE L’ART PHOTOGRAPHIQUE) құрылтай конгресi Берн (Швейцария) қаласында 1950 жылдың 17-19 маусым аралығында өттi. Халықаралық фотоөнер федерациясы әртүрлi елдердiң ұлттық фотография федерацияларынан ( FIAP мүшелiгiне қабылданған) құралады. Жыл сайын олардың саны артып келедi. FIAP-тың мақсаты – ЮНЕСКО-ның өтiнiшiнде

Фотожурналистиканың атасы Анри Картье-Брессон фотография әлемiне өз жаңалығын енгiзiп, негiзгi заңдылықтардың негiзiн қалады. Оның суреттерi түсiру кезiнде үнемi “толық деңгейде” болды: фотоларын өзгертпейтiн, түсiрiлген суреттi кадрламайтын. Сонымен қатар, оның есiмi кез келген сәттiң эмоциялық шарықтау шегiн, яғни “шешушi cәттi” түсiрiп алатынымен танымал. Фотография әлемiнде

“Шуақты күндерден” алған ғажап әсер жылдар өте келе автормен етене араласып кетуiме себеп болды. Бiртiндеп Зейнеп апаның “қызына” айналдым. “Шуақты күндердiң” заңды жалғасы саналатын “Бабалар аманаты” мен Бақытжан аға өмiрден өткен соң жарық көрген “Әзiлiңдi сағындық” атты Зейнеп Ахметованың кiтаптарын оқыған кез келген адаммен таң атқанша, күн батқанша әңгiмелесуге бармын. “Бабалар аманаты” кiтабын оқыған кез келген

– Молдеке, сiздiң атағыңызды естiп, әдейi көрсету үшiн мына шешемдi алыстан әкелiп тұрмын,–дедi Қисық. – Үшкiрiп берсеңiз қайтедi?
– Шешеңiздiң жасы нешеде? – дедi Құтбай молда.
– Тоқсанда.
– Е, бiраз жасаған екен ғой кейуана. Алжығаннан сау ма?
– Жоқ, ә, ақыл-есi дұп-дұрыс. Бiрақ...
– Не бiрақ, қысылма, ұялма, айта бер.

Дарынды сатирик, белгiлi аудармашы, өткiр публицист, “Жас Алаш” газетiнiң Қарағанды облысына таралуына кезiнде аянбай тер төккен Марал Хасеннiң өмiрден өткенiне де жылға жуықтап қалды. Бiз бүгiн марқұмның жылдық асының қарсаңына орай М. Хасеннiң бұрындары еш жерде жарияланбаған әңгiмесiн ұсынғанды орынды көрдiк. Марал Хасеннiң жары әрi рухани серiгi Рымбала апайдың айтуынша, бұл әңгiменi М.Хасен өз өмiрiнен
 

Өткен аптаның жексенбiсiнде Алматыда 28-бүкiләлемдiк қысқы Универсиаданың салтанатты ашылу рәсiмi өттi. Жер шарының 57 елiнен келген студент-спортшылардың қысқы аламанын ашық деп жариялайтын мерекелiк шараға президент Н.Назарбаев, Студенттер спорты халықаралық федерациясының (FISU) президентi Олег Матыцин, шейх Мансұр бен Зайд әл Нахаян және Алматы қаласының әкiмi Бауыржан Байбек қатысты.

 

28-қысқы Универсиада ойындарының алғашқы медальдары да сарапқа салынды. Кеше шаңғы жарысынан қыздар 5 шақырымдық қашықтыққа сайысқа түстi. Ресей спортшысы Лилия Васильева 14.08.6 көрсеткiшпен Универсиада чемпионы атанды. Оның жерлесi Анна Нечаевская көмбеге екiншi болып жеттi. Елiмiздiң намысын қорғаған Анна Шевченко күмiс медальға

Канадада өткен кәсiпқой бокс сайысында Батыр Жүкембаев кезектi жеңiсiне қол жеткiздi. Мексикалық Давид Ранхельге қарсы айқас сегiз раундқа жоспарланған. Батыр қарсыласын ұзаққа апармай 1-раундтың үшiншi минутына жеткiзбей-ақ нокаутқа түсiрдi. Кәсiпқой бокста сегiз айқас өткiзiп, барлығында