1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №9 (16195)   2 ақпан, бейсенбі 2017

Қазақ басшысының жолдау арқылы мемлекеттiң даму бағытына жөн-жоба көрсетiп келе жатқанына биыл жиырма жыл толды. “Қазақстанның үшiншi жаңғыруы” – жиырма бiрiншi жолдау. Жолдаудың жариялану мерзiмiнде тұрақты меже жоқ. Оны президенттiң қалауы бiледi. Ал жолдаудың жыл санынан асып кетуiнiң себебi – 2016 жылды жолдаусыз өткiздiк. Есесiне, президент 2012 және 2014 жылдары екi мәрте жолдау жасады. Н.Назарбаев көрсеткен бағыт-бағдардың бәрi асқан пафоспен, далбита дәрiптеумен “дамудың даңғыл жолы”, “өсiп-өркендеудiң сәттi соқпағы” есебiнде насихатталып келе жатыр. Бүгiнгi жолдаудың да

Үкiметтiң бюджет пен ел экономикасындағы жағдайға қатысты мәлiмдемелерi мен қолымызға түскен сандар екiұдай күйде қалдырады. 2016 жылдың бюджетiнiң шығыны соңғы 5 жылда болмаған өсу қарқынын көрсеткен. Бiр жылдың iшiнде қазынаның шығыс бөлiгi 2,1 триллион теңгеге секiрiптi. Мұның алдындағы жылдарда республикалық бюджеттiң шығысы орташа 500 млрд теңгеге көбейiп келген едi. 2016 жылғы бюджет тапшылығы 902,7 миллиард теңге болады деген болжам бар. Үкiмет шығындарды мейлiнше азайтып, республикалық бюджеттiң тапшылығын 578 миллиард теңгеге дейiн азайтудан дәмелi. Оны қалай азайтады дегенге келсек, бiрiншi

Басталды... Президент Н.Назарбаевтың халыққа арнаған үндеуiн, одан кейiн жариялаған жолдауын ел арасында насихаттау науқанын Оңтүстiктiң атқамiнерлерi қызу бастады. Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауын қолдауды насихаттауды, жаппай қолпаштауды шенеунiктер бұған дейiн-ақ шебер меңгерiп алған. Осы кезеңдерде ресми газеттерде “Жолдауды қолдау” деген арнайы айдар ашу үрдiске енген. Ал үндеу дегендi кiм бiлiптi? Президенттiң халыққа соңғы рет қашан үндеу жолдағаны да есiмiзде қалмапты. Бiрақ атқамiнерлер тосырқап қалған жоқ. Жаппай қолдау. Жұрт

Бiз – Ақмола облысы Ерейментау ауданының Қойтас ауылдық округiне қарасты Ажы ауылының тұрғындарымыз. Ажы ауылының географиялық орналасуы Павлодар облысымен шекаралас. Өлеңтi өзенiнiң оңтүстiгiнде, облыс орталығы Көкшетау қаласынан 500 шақырым жерде. Сiздерге хат жазып, көмек сұрап отырған себебiмiз мынадай: “Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша салынып жатқан Астана – Өскемен заманауи автомагистральды тас жолы ауылдан 16 шақырым жерден өтедi. Ауылдан шығатын 16 шақырым дала жолы тас жолдың 205-шi шақырымында қиылысады. Осы қиылыстан Ажы ауылына бұрылатын өткел

“Ұлы қабырға” қазақ-қытай мұнай-бұрғылау компаниясы” ЖШС-i президентi Чжан Цзюньге облыс әкiмi Б. Сапарбаев компания менеджментiн дұрыс ұйымдастырмағаны үшiн мәселенi Пекиндегi акционерлер алдында қоятынын ескерттi. Мұнай бағасы құлдырағалы берi осы сервистiк компания экономикалық белсендiлiгiн азайтып, қазiр жабылудың алдында тұр. Былтырғы кездесуде Чжан Цзюнь жұмысшылар тағдырынан гөрi, Пекиннен әкелген 2 қондырғыны керi өткiзу мәселесiне ғана қатты алаңдаған. Мұнай кенiштерiне ұңғылар орнатумен және жұмысшыларды кен орындарына тасумен айналысатын компания қасақана банкроттыққа келе жатыр. Осыдан екi жыл бұрын 2 мың қызметкерi бар сервистiк компания штатында 980 адам қалған. Оның да 480-i бiрнеше

Мемлекет басшысының жолдауында елiмiзде жыл сайын 400 мыңға жуық нәресте дүние есiгiн ашатыны жайлы айтылды. “Бұл – 1999 жылғы деңгейден 2 есе дерлiк жоғары. Мұндай үрдiстi алдағы уақытта да сақтау керек. Менiң тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шiлдеден бастап бала туғанда берiлетiн бiр реттiк жәрдемақы көлемi 20 пайызға өсiрiледi”, – дедi президент.  Шамалап алғанда, 20 жылдың iшiнде бала туу қарқыны сонда небәрi 2 есеге өсiптi. Бұл көңiл көншiтiп, ауыз толтырып айтатындай көрсеткiш емес. Демек, бiздiң елiмiздiң әлеуметтiк-демографиялық саясатында кiнәрат көп. Жалпы, кез келген мемлекет халық санын өсiру үшiн түрлi

“Тәуелсiз кәсiподақ керек” деп талап қойғаны үшiн қамауға алынып, әкiмшiлiк және азаматтық жазаға тартылған «Ойл Констракшн Компани» мұнайшылары жұмыссыз қалды. 4 адам жұмыстан шығарылды. 20-50 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн айыппұл салынып, 4 миллион теңгеге жуық компанияның дәлелденбеген әлдебiр “шығынын” төлеуге мiндеттелгендер ендi апелляциялық сотқа

Саясатты айтпай жаңылған жүйе жаңғыра алмайды!
Елбасының бұл жылғы Жолдауының жария етiлуiнiң өзi қызық болды. Алдында тiкелей эфирге шығып, осы күнге дейiн өзгерместей боп келген Конституцияға түзетулер енгiзу туралы бастама көтерiп едi. Одан соң iле-шала, бiр апта өтпей, “тағы да тiкелей эфирге шығып, арнайы мәлiмдеме жасайтын” болып, дүйiм жұртты бұрын-соңды көрмеген бiр дүрбелеңге салып қойды. Сол күнi болжамдардың болжамы жасалды-ау! Бiреулер президенттiң өзiмен

Биылғы мамыр айында Екiбастұз қаласында қуаты 135 мың тонналық жаңа кремний зауытының құрылысы басталмақшы, осының нәтижесiнде өңiр экономикасына 38 миллиард теңгенiң инвестициясы кiрмек деген ақпарат таратты “ҚазАқпарат” агенттiгi. 2019 жылы зауыттың үшiншi кезектегi кәсiпорны iске қосылғанда жұмыс орны 600-ге жетпек көрiнедi. Жобаны iске асыратын “ANSA Silicon” серiктiстiгiне Екiбастұздағы бiрiншi ГРЭС-тiң жанынан 70 гектар жер бөлiнген. Естiр құлаққа барлығы дұрыс-ау. Бiрақ Қазақстанда дәл осылай дүбiрлетiп басталған ондаған кәсiпорындардың бүгiнде бiрде-бiрi жұмыс iстемей тұрғанын қайтемiз. Сонау жылдары ағайынды

Орал қаласындағы барлық жанар-жағармай бекеттерiндегi шағын маркеттерде “Казачьи ведомости” газетi үйiлiп жатады. Тегiн жатқан газеттi жолай келген көлiктердiң барлығы бiр-бiр данадан қолдарына қыстыра кетедi. “За веру, за мир и согласие в Отечестве” деген ұраны бар, эмблемасында атпен шауып бара жатқан казак атаманының бейнесi бейнеленген бұл газеттiң шығарушысы – “Уральско-Яикское казачество” қоғамдық бiрлестiгi. Таралымы – 1000 дана. Орал қаласындағы “Полиграфсервис” ЖШС-да басылып шығатын бұл газеттiң редакторы

Елiмiздегi орта мектептердiң 1-сыныбына биыл үштiлдiлiктiң енгiзiлгенi де мәлiм. Ал ендi нәтиже қалай десеңiзшi? Нәтиже – нөл. “Нөл” деп ұялғаннан айтып тұрмын, шындығында бұдан да төмен. Қып-қызыл шатасу... Бiр ғана мысал келтiрейiн. Ағылшын тiлiнде “п” деген әрiп бар. Бұл әрiп

Қолым қалт ете қалғанда теледидардан гөрi радио тыңдағанды ұнатамын. Радиодан жаңалықтарды ғана естiп қоймай, түрлi танымдық бағдарламаларды тыңдап, қазақтың сонау замандағы тарихы мен салт-дәстүрi жайлы керектi мағлұматтарды бiлесiң. Бiрақ кейiнгi кездерi «Шалқар» радиосына көңiлiмнiң толмайтынын ашық айтқым келедi. «Шалқар» радиосынан берiлiп жүрген

Қазiргi бiлiм саласындағы үштiлдiлiк мәселесiнiң зардабын және жастардың орыстiлдi болып бара жатқанын көрiп, студенттiк кездегi бiр оқиға есiме түсiп отыр. Алматыға алғаш келген кезiм. Студенттiк кез, қызықты шақтар, жаңа достар, жаңа орта. Iнiм екеумiз пәтер жалдап тұратынбыз. Бiр демалыста үй маңайындағы шаштаразға бардық. Бiздiң алдымызда жасы қырықтарды еңсерген, түр-тұлғасы келiскен қазақ жiгiтi бес немесе алтыншы сыныпта оқитын баласының шашын алдыруға келiптi. Қаланың адамы екенi көрiнiп тұрды. Амандық-саулық сұрасқаннан кейiн,

Атам қазақта “Арсызға күнде мейрам” деген қанатты сөз бар. Ол аз болса, ғұлама шайыр Әбубәкiр Кердерi “Пенденiң көбi арманда, ақымақтың ғана мұңы жоқ” дептi бiр өлеңiнде. Бүтiн қазақты сондай деп атап күнәһар болмайық, бiрақ соңғы жиырма жылдың бедерiнде қазақтың той-думаншылдығы шамадан тыс көбейiп кеткенi рас. Әсiресе, мәнсiз, құнсыз мейрамдар. Сондай мейрамның, мейрам емес-ау жас ұрпағымызды ұлттық санасынан, ұлттық ар-намысынан жұрдай ету үшiн Қазақстанға әкелiнген залымдық дырдудың бiрi – “Валентин күнi”. Шетел миссионерлерi онсыз да ата-баба дәстүрiнен алшақтап кеткен қазақ жастарының санасына оны “Махаббат күнi” деген атпен сiңiрiп жiбердi. Бұл залымдық

Көптен берi үйiмдi сатпақшы болып жүргенмiн. Ел қатарлы сатылым туралы хабарламамды интернеттегi сайттарға да жарияладым. Не керек, ұзақ уақыт бойы үйiмдi сұрап, телефон соғатындардың қатары көбейдi. Бiрақ елдегi қаржы дағдарысының әсерi ме, әлде басқа жағдай ма барлығы бiр рет хабарласып, жоқ болып кетедi. Осыдан бiрнеше күн бұрын Петропавлдың азаматымын деп бiреу

ЖАЗУШЫ САТЫБАЛДЫ НАРЫМБЕТОВТIҢ «ФАНТОМ-ДЕРТ» РОМАНЫ ХАҚЫНДА
Сатыбалды Нарымбетов. “Фантом-дерт”. “Жамбыл” журналының тұтастай дерлiк нөмiрiне жарияланған бұл туынды “хикаят” делiнiптi. Сатыбалдының сыпайылығы болар, ал мен осыны роман деуге еш қысылмас едiм. Себебi, романға шарт етiп қойылатын үш бiрлiк (единица) мұнда түгелiмен бар: уақыт бiрлiгi, көлем бiрлiгi, оқиға бiрлiгi. Көлемiне дау жоқ. Ал уақыт бiрлiгiне келсек, бұл туындыда өткен ғасырдың 20-80 жылдар аралығындағы замана сипаты хроникалы түрде берiлген. Ендеше, аттай жарты ғасырды сипаттап тұрған туындыны неге роман демеске? Ал роман болса

ҚР Ұлттық музейiнде “Ұлы тұлға ұрпақтары” атты маңызды жоба жүзеге асырылуда. Музей директоры Дархан Мыңбайдың бастамасымен қолға алынған бұл жобаның мақсаты – қазақ тарихы мен мәдениетiнiң қалыптасуы мен дамуы жолында өзiндiк iз қалдырған алаш зиялыларының, мемлекет және қоғам қайраткерлерiнiң ұрпақтарымен Ұлттық музей арасында тығыз байланыс орнату. Сонымен қатар

28-қысқы Универсиада додасын А тобында өткiзiп жатқан хоккейден елiмiздiң ерлер құрамасы екiншi матчында жеңiске жеттi. Швеция хоккейшiлерiне қарсы ойнаған Сергей Старыгиннiң шәкiрттерi 5:0 есебiмен ұтты. Шведтер алғашқы матчта Чехия құрамасына дәл осындай есеппен жол берген болатын. Ойынның 2-минутында Кирилл Савицкий есеп ашып берсе, Ярослав Евдокимов – 17, Константин Савенков – 35, Антон Сагадеев – 49, Дмитрий Гренц 59-минутта шайба соқты. Студенттер құрамасының бас бапкерi Сергей Старыгин жiгiттердiң шведтерге қарсы ойынында жоспарды орындағандарын айтты. “Кемшiлiк те

Фристайл акробатикасынан командалық сайыста Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Iңкәрбек қысқы Универсиада ойындарының чемпионы атанды. Алтын медальға таласта Жанбота мен Бағлан Қытайдың екi бiрдей құрамасымен тартысқа түскен. Қазылар Жанбота мен Бағланның акробатикалық өнерiне 167, 05 ұпай жазды. Күмiс медаль алған Қытайдың бiрiншi командасы 113,02 ұпай жинаса, Қытайдың

28-қысқы Универсиада ойындарында елiмiзге алғашқы алтын медальдi биатлоннан сынға түскен Алина Райкова салды. 15 шақырымдық қашықтыққа жарысқа шыққан бұрымдылар арасынан Райкова суырылып шықты. Қысқы Универсиада додасының күмiс медалi тағы бiр спортшымыз Галина Вишневскаяға бұйырды. Украиналық Надя Белкина қола медальдi қанжығасына байлады. Елiмiздiң намысын қорғаған