1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (16196) 7 ақпан, сейсенбі 2017

Сырттан қараған адамға Ақорданың тынышы кеткендей көрiнедi. Тосын тағайындаулардан жұрт жаңылатын жағдайға жеттi қазiр. Тосынның тосыны – Иманғали Тасмағамбетовтiң Ресей асуы. Бұл – баяғы билiк транзитi туралы әңгiменi қайта қоздырды. Өйткенi И.Тасмағамбетовтiң ел алдындағы азды-көптi беделi мен тұлғалық тұрпаты “тас түскен жерiне ауыр” дейтiн мақалдың мазмұнымен мәндес. Сондықтан да болар, “комсомолдың” Кремль асуын

Өткен апта үкiмет мүшелерiнiң президент пен Қазақстан халқына ант беруiмен басталып, Н.Назарбаевтың үкiметтiң iшiнен жау iздеуiмен аяқталды. Президенттiң аузынан шыққан “бесiншi колонна” туралы сөз елдегi билiкте үрейi мен күдiгi күштi үрдiстердiң жүрiп жатқанын анық аңғартты. Алдымен Ұлттық банктiң төрағасы Данияр Ақышев, бас прокурор Жақып Асанов, “Сырбар” сыртқы барлау қызметiнiң

АТҚАМIНЕРЛЕРДIҢ БЮДЖЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIН ШЫРЫЛДАТАТЫН ТҮРI БАР

Алдағы жазда Астананың төрi қонақтардан арылмайын деп тұр. ЭКСПО өтетiн күн жақындаған сайын ел арасында түрлi әңгiмелер өрби бастады. “Сәуегейлердiң” бұған дейiн айтып жүрген күдiгi күшейе түстi. Онсыз да соңғы үш-төрт жылдың көлемiнде “Ақшаның бәрi ЭКСПО-ға кетiп жатыр”, “ЭКСПО өтпейiнше ақша бөлiнбейдi” деген сылтауды естiп келген халыққа ендi халықаралық көрменiң билеттерiн зорлап сату науқаны басталмақ. Жүйкенiң жүндей түтiлуi

«Жас Алаш» депутаттар ел кезiп, жұртқа түсiндiру әуресiмен алашапқын болып жүрген мәселенi мемлекетшiл, халықшыл тұлғалармен бiрге талқыға салды

26-БАПТЫ НЕ ҮШIН ӨЗГЕРТПЕК?

Рысбек СӘРСЕНБАЙ «Жас Алаш» газетiнiң Бас редакторы:
– Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы жоба жарияланды. Соның iшiндегi бiздi алаңдатқан бап – 26-бап. Және оның 1-2-тармақтары. Онда былай делiнген: “Әркiм заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жекеменшiгiнде ұстай алады”. Бұрын бұл бапта ҚР азаматы деген нақтылы атау

Ақпанның алғашқы күнi “Беларусь мемлекетi Еуразиялық экономикалық одақтан (Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Армения, Беларусь), шығады және бұған қатысты Мәскеу арнайы мәлiмдеме жасамайды” деген ақпарат тарады. Ресми дерекке сүйенбей, аты-жөнi аталмаған белгiсiз бiреудiң сөзiне сенген агенттiктiң шала ақпаратына Беларусь президентi Александр Лукашенко екi тәулiктен кейiн жан

7 қаңтарда Еркiн Жұмашұлы Iзбасар Алматыда көшеде көлiкпен бара жатқанда, қасындағы екi адаммен бiрге Ақтөбе облысында заңсыз мұнай ұрлығына қатысы болуы мүмкiн деген күдiкпен ұсталды. Уақытша тергеу изоляторына қамалған Еркiн Iзбасарға қатысты тергеу аяқталмады, нақты айыптар әлi қойылған жоқ. Спорт шеберi, “Ағайынды төртеудiң” жетекшiсi 20 қаңтарда тергеу изоляторынан Ақтөбедегi темiржол ауруханасына

Тұрсын Жұртбайдың маған жасаған «жамандықтары»

Әйгiлi жазушы, зерделi ғалым, көшелi көсемсөзшi Тұрсын Жұртбай – менiң туған нағашым. Анамның ет жүрегi елжiреп тұратын жалғыз бауыры. Анамыз: “Тұрсын бала кезде керемет тентек болды, бiрақ оқуға сондай зерек едi” деп шындықты жасырмай айтып отыратын. Тұрсын ағаның өзi де “Менiң адам болуыма ықпал етiп, дұрыс жолға түсуiме бiрден бiр себепкер болған адам – Апайым (Ол кiсi бiздiң шешемiздi осылай атайды). Апайым болмағанда кiм бiледi, кiм болып шығарымызды” деп үнемi айтып жүредi. Шешемiз саналы ғұмырын бала
 

QAZKOM жаңа бес бағдарлама бойынша шағын кәсiпкерлiктi қаржыландырады

Соңғы жылдардағы жаһандық экономикадағы дағдарыстар шағын кәсiпкерлiктiң өмiршең екенiн айғақтап бердi. Өйткенi iрi бизнестiң бетпе-бет келген кедергiсiнен шағын кәсiпкерлiк шаң қаптырмай өте шығады. Демек, шағын бизнес iрi бизнеспен қандай жағдайда да бәсекелесуге бейiлдi. Әсiресе, дағдарыс кезiнде өзiнiң икемдiлiгiн, ептiлiгiн, тұрақтылығын көрсетiп байқатқаннан кейiн қалыптасқан қасаң қағидалар да

Қадiрлi достар, серiктестер және әрiптестер!
Жыл сайын 11 ақпанда елiмiздiң барлық жанашыр да, отаншыл азаматтары көрнектi саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу күнiн атап өтедi.
Биылғы 11 ақпанда болатын шаралар:
1. А.Сәрсенбайұлы кесенесiнде (Кеңсай-2) құран бағыштау, сағат 9:00-де.
2. Серiктестерiнiң, достары мен әрiптестерiнiң еске алу жиыны: сағат 11:00-13:00 “Астана” қонақүйi (Байтұрсынов, Сәтбаев көшелерiнiң қиылысы).

Фристайлдың могул түрi бойынша жекелей сайысқа қатысқан Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхард 28-қысқы Универсиада ойындарының чемпионы атанды. Жекелей жарыс жолында Ресей, Қытай елдерiнiң спортшылары Шымбұлақтың сырғанау жолында сәтсiздiкке ұшырап, сүрiндi. Кейбiрi әуелеп келiп жерге түсерде құлап та қалды. Жанкүйерлердiң үмiтi – қыздар арасында Юлия Галышевада, ерлердiң iшiнде Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаковта болған. Оларға сенiм артылатынының да жөнi бар. Екi жыл бұрын

Қысқы Универсиада додасында алтыннан үмiттi Нұрберген Жұмағазиев 1500 метрге жүгiруде қола жүлде еншiледi. Нұрбергеннiң алдын оңтүстiккореялық Джи Вон Пак орап Универсиада чемпионы атанды. Оның жерлесi Ким До Кьемға күмiс медаль тидi. Нұрберген Жұмағазиев қола медаль еншiледi. “Универсиада чемпионы атанған Вон Пакпен алтынға таласуға мүмкiндiгiм болды. Бiрақ доданың бiтуiне екi-үш айналым

Хоккейден елiмiздiң қыздар құрамасы 28-қысқы Универсиада ойындарын 6-орынмен аяқтады. Студент хоккейшiлердi баптайтын Александр Мальцев қалайда медаль алу мiндеттелгенiн айтқан болатын. Алайда бiздiң бойжеткендер топтық кезеңде Канада, Қытай, Жапонияның хоккейшi қыздарына жол бердi. 6-орынға таласта Ұлыбритания хоккейшiлерiн 6:0 есебiмен ұтты. Қысқы Универсиада ойындарына екiншi рет

– 15 шақырымдық жекелей сайыста Универсиада чемпионы атандым. Бұл қысқы Универсиада ойындарындағы екiншi алтын медалiм. 2015 жылы өткен қысқы Универсиада додасында алтын медаль алған едiм. Қысқы Универсиада ойындарынан кейiн бiрден Еуропа құрлығына жол жүремiз. 9 ақпанда Австрияның Хохфильцен қаласында әлем чемпионаты басталады. Одан кейiн әлем кубогының

“Халық Арена” спорт кешенi бiздiң үйiмiзге жақын. Хоккейден ерлер арасында өтiп жатқан ойындарды тамашалап жүрмiн.
Қазақстан құрамасы қысқы Универсиада додасындағы алғашқы матчын Қытай құрамасына қарсы өткiзiп, 22:0 есебiмен жеңдi. Қытай құрамасы отырған орын бiзге жақын болғандықтан бәрi айқын көрiнiп тұрды. Олардың хоккейшiлерi шаршап қалды. Бiздiң жiгiттер алма-кезек ауысып айдынға шыққанда Қытай