1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 11-12 (16197-198) 9 ақпан, бейсенбі 2017

Кеңестер одағы ыдырауынан кейiнгi Қазақстан мемлекетiнiң жиырма алты жылдық дербес тарихында бiрнеше қанды оқиғалар орын алды. Сыртқы жаулардың салған ойраны жоқ, асылдарымыздан, азаматтарымыздан айырған оқ атулар өз iшiмiзден шығып жатыр. “Алтынбекке атылған оқ – халыққа атылған оқ” деген сөз 2006 жылдың 11 ақпанынан кейiн айтылды. Қазақстан Республикасының тәуелсiз мемлекет болып қалыптасуына елеулi үлес

Бiздiң қазекең де қызық негiзi, әнеугүнi президент жолдауын жазбаша “жөнелткен” күннiң ертесi-ақ телефонымызға тыным бермеген. Көбiнiң қоятын сұрағы – “Бiз қашан жаңғырдық?”. Оқырманның осындай сауалдары “кiсi өлтiредi”. Кiмнiң қашан жаңғырғанына бiз неге жауапты болуымыз керек? Сондықтан жолдауды “тәптiштеп оқымағандары” үшiн шетiнен “ұрсып” жүрiп, әрең қойдырып едiк. Ендi тағы бiр сауал

ЗАҢСЫЗДЫҚТЫ ТЕКСЕРГЕН ПРОКУРОР ӘЙЕЛ НЕЛIКТЕН ӨЗIН ӨРТЕДI

Атырауда қаңтардың соңында прокурор Лейла Смадьярова облыстық прокуратура алдында өзiн-өзi өртедi. “Түрме қызметкерлерiнен ақша бопсалады” деген күдiкке iлiнген прокурор әйел өзiне бас прокуратураның да қорған бола алмағанына күйiнiп, өзiне қол салғанын айтты. Лейла Смадьярова құқық қорғау саласында 2000 жылдан берi жұмыс iстеген. 2013 жылдан берi – прокурорлық қызметте. Он жетi жыл еңбек өтiлi бар маман неге өзiне қол салмақ болды? “Жас Алаш” тiлшiсi прокурор әйелмен

НАНЫҢДЫ ЖЕГЕНIМЕН ҚАМЫҢДЫ ЖЕЙ МЕ?

Ресей басылымдары Қытай жылына 160 млн тонна бидай экспорттап, әлемдiк астық нарығын астаң-кестең етпекшi деп шулап жатыр. Қытай басылымдарына сiлтеме жасаған ресейлiктер Аспанасты елi Орталық Азияның аумағында астық дәлiзiн құруды, оның iшiнде Қазақстанның астық өндiрiсiнiң әлеуетiн пайдалануды көздеп отырғандарын жазады.

Жер реформасы жөнiндегi комиссия дайындаған заң жобасына ақпанның жетiсi күнi үкiмет “бата берiп”, парламент қарауына жiбердi. Жер дауымен былтыр бiрнеше қалада өткен шеру, қарсылықтардың тепкiсiмен жазылған бұл заң жобасын үкiметтегiлер ұзатқан қыздай мақтады. Ауыл шаруашылығы вице-министрi Ерлан Нысанбаевтың жаңа заң жобасын (жер кодексiне енгiзiлмек өзгертулер мен түзетулер – ред.) сипаттауынша, ауыл шаруашылығы жерлерiн жалға беру институты сақталады және одан әрi

Биыл 1-шiлдеден бастап елiмiзде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн енгiзу ұйғарылғаны белгiлi. Ресми мәлiмдемеге сүйенсек, бұл денсаулық сақтау саласын мемлекет, жұмыс берушi және жеке азаматтар есебiнен қаржыландыруға мүмкiндiк бередi әрi бұл шараға қатысушылардың ортақ жауапкершiлiгiн арттырады деген үмiт бар. Дегенмен бұл шара ел тұрғындарының өмiрiн қаншалықты жеңiлдетедi? Жұртшылық қандай науқастар бойынша тегiн медициналық көмек ала алады?

Алтынбек Сәрсенбайұлы 2005 жылы қарашада “Эпоха” және “Жас Алаш” газеттерiнде “Үштаған немесе Қазақстанда әдiл сайлау неге арман?” деген еңбегiн жариялаған едi. Ол қоғамдық – саяси өмiрде зор дүмпу туғызды. Саналарды селт еткiздi. Билiк пен оның тiректерi туралы ақиқатты ашық әрi айқын талдады. Бұл еңбек бүгiн де маңызын жойған жоқ. Қайта қажеттiлiкке айналды. Оқырмандардың сұрауы, тiлегi бойынша “Үштаған” газетiмiзде

– Толғанай Бөденқызы, 2005 жылдан кейiнгi сайлауларда қандайда бiр оңды өзгерiстер, таза өткен сайлау болды ма? Әлде әдiл сайлау арман күйiнде қалды ма?
– 2004-2005 жылдардағы сайлау циклына ұқсас сайлаулар, әрине, Қазақстанда ендi жоқ. Керiсiнше, сайлау кампаниясы өзiнiң негiзгi мән-мағынасын жоғалтты. Ол бұрындары да талапқа жауап бермейтiн, десек те жұртшылықтың белгiлi бiр таңдауы болушы едi. Ол кезде үстемдiк етушi партия сияқты құбылыс та

Қадiрлi достар, серiктестер және әрiптестер!
Жыл сайын 11 ақпанда елiмiздiң барлық жанашыр да, отаншыл азаматтары көрнектi саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу күнiн атап өтедi.
Биылғы 11 ақпанда болатын шаралар:
1. А.Сәрсенбайұлы кесенесiнде (Кеңсай-2) Құран бағыштау, сағат 9:00-де.
2. Серiктестерiнiң, достары мен әрiптестерiнiң еске алу жиыны: сағат 11:00-13:00 “Астана” қонақүйi (Байтұрсынов, Сәтбаев көшелерiнiң қиылысы).

2005 жылдың қаңтарында АЛЫНҒАН СҰХБАТ

– Сiздiң осыған дейiнгi қадамдарыңыздан ашық оппозицияға кетуден гөрi билiкке ықпал ету, президентке ой салу айқын байқалып келдi. Әлi де солай ма? Солай болып қала бере ме?
Уақыт та, оқиға да бiр орнында тұрмайды. Естерiңiзде болса, мен алғаш “Ақ жолға” келгенiмде “президент Н.Назарбаевпен күреспеу керек, керiсiнше, сол кiсiге ықпал ету үшiн

Ақтөбе қаласынан 55 шақырым Тассай ауылына боранды күнi бес сағатта әзер жеткенде, облыс жолдарына тiкелей жауапты шенеунiк Аязбай Османғалиев бiрiншi болып таяқ жейтiн болар деп ойладық. Осы ауданды ол 4-5 жыл басқарған. Аты дүркiреп шыққан. Әлi күнге дейiн Хромтау десе Аязбай, Аязбай десе Хромтау еске түседi. Бiздiң қолымыздағы жазбаша шағымдарға қарағанда, әкiм болған жылдары

БЕНЗИН БАҒАСЫ НЕГЕ КӨТЕРIЛДI?

2015 жылдың қыркүйегiнен үкiмет жанар-жағармай бағасын реттеуге араласпайды. Шендi-шекпендiлер “бағаны нарық реттейдi” деген шешiмге келген. Сол кезде ең өтiмдi АИ-92 бензинiнiң құны 126 теңге едi. Одан кейiн баға бiр емес, бiрнеше мәрте өстi. Ең соңғы өсiм апта басында орын алды. “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының бекеттерiнде АИ-92 бензинiнiң құны екi теңгеге көтерiлiп, 139 теңгеден сатыла бастады. Iле-шала өзге де компаниялар отын бағасын көтере бастады. Ресейдiң “Газпромнефтiсi” қазақстандық компаниялардың баға саясатына

Менiң басымнан өткен жағдайды Құдай ешкiмге бермесiн. Сол күнгi оқиға есiме түссе, жүрегiм қан жылайды. Iшiм удай ашиды. Арыстай азамат баламнан айырылып қалатынымды бiлсем, сол күнi тiркеуге де бармас едiм. Атың өшкiр, уақытша тiркеу... Ел-жұрт шындықты бiлуi керек, сондықтан қолыма қалам алып “Жас Алашқа” хат жазуға мәжбүр болып отырмын. “Уақытша тiркеу” дегендi ойлап тауып, халықты аяқ астынан дүрбелеңге салған

1960 жылы әкем ескi радионың орнына жаңа радиоқабылдағыш сатып әкелдi. Сол радиодан бiрiншi рет қазақ хабарларын тыңдай бастадым. Әсiресе, қазақ күйлерiн үнемi берiп отыратын бағдарламаны жақсы көретiнмiн. Өзiмнiң нағыз қазақ екенiмдi сезiндiрген де, бойымдағы рухымды оятқан да осы күйлердiң құдiретi едi. Осыдан отыз жыл бұрын Сарыағашқа Нығмет есiмдi азамат көшiп келдi. Өзбекстанда туып, сол жақта отбасылы

“Қостанай облысындағы Таран ауданына Бейiмбет Майлиннiң атын берейiк. Б.Майлин Таран ауданындағы Ақтөбе деген жерде өмiрге келген”.
Осындай пiкiрлер “Жас Алаш” газетiнде талай рет жарияланды. Тiптi бiр тарихшы-ғалымның “Бейiмбет кiм? Таран кiм?” деген мақаласы да жарияланғаны есiмде. Бiрақ өкiметiмiз де, үкiметiмiз де бұған назар аударар емес. Шынында да, Бейiмбет Майлин – қазақ халқының бiртуар сүйiктi ұлы. Жазықсыз

Былтыр күзде туған бауырым қызын ұзатып, той жасады. Туыс-туғандар барлығымыз күн-түн демей соның үйiнде жүрiп қызмет iстедiк. Бауырым екеумiз бiр қалада тұрғандықтан отбасымызбен таңертең бауырымның үйiне барып, кеш бата үйiмiзге қайтып жүрдiк. Той болардан бiр күн бұрын ойымызда ештеңе жоқ, бала-шағамызбен үйдi бекiтiп, тағы әлгi үйге кеттiк. Тұрып жатқан ауданымыз тыныш болғандықтан ешқандай қауiп-қатер

(9 ақпан – Мұқағали Мақатаевтың туған күнi)

Махамбет, Абай хакiм iзiменен,
Найзадай өткiр сөздiң жүзiменен.
Алысқан арамдармен тайсалмастан,
Сағындық сырласуға өзiңменен...

Садуақас Мұсаұлы Шорманов – қазақтың ХХ ғасырдың басындағы елеулi тұлғаларының бiрi. Қазақ халқының iрi мемлекет және мәдениет қайраткерi, қаламгер, әдебиет сыншысы, Алаштың ардақты азаматы Смағұл Садуақасов (1900–1933) ХХ ғасырдың 20-жылдары жарық көрген өзiнiң “Қазақ әдебиетi. Тарихи талдау очеркi” деген еңбегiнде: “Мағжан Жұмабаевтан кейiн хал-қадерiнше көрiнiп жүрген қазақ ақындары арасынан

Редакциямызға арызданып келген кезектi оқырманымыздың мұңын тыңдаған соң, көптен көкейде жүрген сауал тағы көлденең шықты. Елiмiзде қылмысты дұрыс дәрежелеуге байланысты арыз-шағым неге көп? Соттар аяғын шалыс басқандарға ауыр жаза арқалатуға нелiктен құмар? Бiрнеше жыл бұрын қылмыстық атқару жүйесiнiң өкiлдерi қазақстандықтардың орташа сегiз жарым жылға бас бостандығынан

Күйеуiм бұрынғы әйелiнiң қарауындағы балаларына алимент төлейдi. Алатын жалақысы тым аз, бұл жағдайда ол заңда көрсетiлгендей орташа жалақы көлемiнен есептелетiн алименттi қалай төлейдi?
Әдемi, Талдықорған қ.

Заңға сәйкес, алимент оны төлеушiнiң ресми түрде көрсетiлген жалақысы немесе табысынан ұсталады. Баланың әкесi ресми түрде жұмыс iстемеген жағдайда ғана алимент Қазақстан бойынша орташа жалақы мөлшерiмен есептеледi. Күйеуiңiздiң жалақысы сiз жазғандай ең төменгi мөлшерде болса, алимент сол

2016 жылдың қаңтарынан берi Еңбек заңнамасына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар өзге заңнамаларға әсер ете бастады. Көпшiлiк арасында еңбек қатынастарын реттейтiн басты заңдағы өзгерiстерге қатысты қызу пiкiрталас орын алып, кодекстiң кейбiр баптарының жұмыс берушiнiң мүддесiн ашық қорғайтыны туралы сындар да айтылды. Сондықтан заңгер ретiнде Еңбек кодексiндегi бiрқатар өзгерiстерге түсiндiрмелер берiп

Көкпектi ауданында қазақ тiлiнiң жағдайы көңiл көншiтерлiктей емес. Көшеге шықсаң, жастар тек қана орысша сөйлеседi. Қай мекеменiң есiгiн ашпа, орысша сөйлесiп отырған адамдарға кезiгесiң. Оларға “қой!” деуге тиiс мекеме басшыларының өздерi олармен орысша шүлдiрлеседi. Қазақстанда емес, Ресейде өмiр сүрiп отырғандай күй кешесiң. Бұл – ендi ата- аналар мен мектеп директорларының, мұғалiмдердiң кiнәсi. Көкпектiнiң өз басында

Жақында “Фолиант” баспасының арнайы тапсырысымен түрiк жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Орхан Памуктың “Сезiм музейi” (аударған Маржан Ершу) және “Менiң атым Қырмызы” (аударған Амангелдi Құрметұлы) романдары қазақ тiлiнде жарық көрiп, қазақ оқырмандарына жол тартты. Осы ретте “Сезiм музейiн” қазақ тiлiне аударған ақын, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Ершуға бiрнеше сұрақ қойған едiк.
– Орхан Памуктың бұл кiтабы әлемнiң алпыстан астам тiлiне

Қарағандылық қаламгер Марал Хасен қайтыс болған кезде М.Хасеннiң рухани iнiсi, жерлесi, көрнектi ақынымыз Абзал Бөкен былай деп “Аза жыр” жазыпты:
Қайран, аға, ақыры сен де кеттiң,
Үйдi тастап үйетiн дөңге кеттiң.
Шабақтары шыдамай кеттi сынып,
Жетпiс бiр жыл айналған дөңгелектiң.

Ауылдан арсалаңдап, қалаға келейiн. Қалаға қыдырып келген жоқпын, оны-мұны, майда-шүйде керек болып келдiм. Құдайдың бере салған қуығы қыштап, дәретхана iздейiн. Бұрын кеңес заманында аттаған сайын дәретхана болатын, қазiр мұның бiрi де жоқ, тек мекеме, кафелердiң iшiнде болмаса... Олар да “асылып өлейiн деп” жатсаң да кiргiзбейдi. “Қуық үшiн асылып керегi не?” деп ышқырымды көтерiп қойып, суық тиген бе, күрк-күрк жөтелiп қойып, бiр жерлерге келгенде, маңдайшасына: “Қалалық туалетхана” деп жазып қойған екi қабатты

Олай өтiп бара жатып
салып қалды.
Онысы
Тап сол жерде талып қалды.
Мұнымен тынбады,
Тағы бiрiн
Былай құйғып бара жатып,
Кескiлеп турады!.
Пой-пой-по-о-ой,

Сонымен 28-қысқы Универсиада ойындары да мәресiне жеттi. Екi аптаға ұласқан студенттердiң дүниежүзiлiк қысқы аламанына қатысқан саңлақтар Алатау бөктерiн дүбiрге бөледi. Жеңiсiн арқалап, көңiлi көкте жүргендерi де, жеңiлiс тауып, өкiнiштен өзегiне өрт тигендей күй кешкендер де Алматыдан елдерiне қайтып жатыр. Ендi олар екi жылдан кейiн қайта қауышады.
ТМД елдерiнiң iшiнде Қазақстан алғаш болып қысқы Универсиада ойындарын өткiздi. Жоғары деңгейде ұйымдастырылды ма, қонақжайлығымыз қалай болды

МЕККЕДЕ КӨРГЕНДЕЙМIН МЫНА АЙДЫ МЕН
Минада (Меккеде) ағаларына қызмет етiп, ең көп сауап алған Мақсат iнiме арнадым

Қиял ма, қиял шiркiн Құмай бiлем!
Бермейтiн көңiлдей бiр құлай, кiлең,–
Қол созым жерде тұрған сәулеленiп,
Меккеде көргендеймiн мына Айды мен.
 

Мәдiғали аға, қалай болып кеттi өзi. Сең соққандай мең-зең күйде қалдық. Көмбеге таяқ тастам қалғанда сүрiндiк. Ақиқатында Оңтүстiк Корея спортшысы бiздiң Нұрбергендi шалып жықты.
– Бiзге де оңай тиген жоқ бұл көрiнiс. Шорт-тректен қысқы Универсиаданың күмiс, қола медалiн иелендiк. Елiмiздiң жанкүйерлерi зор ықыласпен қолдап, эстафеталық сайыста алтын медаль күттi.

28-қысқы Универсиада ойындарында хоккейден елiмiздiң ерлер құрамасы жартылай финалда Чехия студенттерiн 4:1 есебiмен жеңдi. Қысқы Универсиаданың алтын медалiне таласу мүмкiндiгiнен айырылған Чехия құрамасының қақпашысы Джозеф Новакты