1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (16199) 14 ақпан, сейсенбі 2017

Президенттiң үкiмет отырысында “Iштен шыққан жауды” iздеуге, мемлекет қаржысын жымқырғандарды табуға берген тапсырмасынан бiр апта өтпей жатып, жо-жоқ, сiз бен бiз ойлағандай үкiметтегi жемқор шенеунiк, парақор министр емес, былыққа батқан билiктегiлердi әшкерелеп жүрген тәуелсiз басылымның бас редакторы қамауға алынды. Үкiметтiң iшiндегi “бесiншi колоннаны” табуға тапсырма алған Қайрат Қожамжаровтың ұлттық бюросы Жанболат Мамайды қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовпен сыбайлас деп айыптайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

ОНЫ КОНСТИТУЦИЯДА БЕКIТУ НЕ ҮШIН ҚАЖЕТ?

Билiк өкiлеттiктерiн бөлiсу дүрмегiмен өтiп жатқан кезектi науқанда президенттiң мәртебесiн Ата заңда нықтап тастау көзделген сияқты. Себебi осындай да бастамалар көтерiлiп жатыр. ҚазАқпараттың хабарлауынша, мұндай ұсыныстың түскенi туралы мемлекеттiк билiктiң тармақтары арасында өкiлеттiктердi қайта бөлу мәселелерi жөнiндегi жұмыс тобының үшiншi отырысынан

НАҒЫЗ ҚЫЛМЫСКЕРДIҢ БЕТ-ПЕРДЕСI БИЫЛ АШЫЛУЫ МҮМКIН БЕ?

Саяси тапсырыстың құрбаны болған Алтынбек Сәрсенбайұлының өмiрден өткенiне биыл – 11 жыл. Қазақтың жүрегiн қарсы айырған қайғы әлi тараған жоқ. Ақиқат пен әдiлеттiлiк туралы сөз қозғалғанда халық алдымен Алтынбегiн еске алады. Жыл сайын 11 ақпан күнi жұрт Кеңсайға барып, аруаққа құран бағыштап, алаштың аймаңдай ұлы жерленген зират алдында тiзе бүгедi. Оның арманы мен мақсатын, батылдығы мен батырлығын жадында

Төлеген ЖҮКЕЕВ: 11 ақпан – қазақ тарихындағы қаралы күн. Осыдан 11 жыл бұрын Алтынбек арамыздан кеттi. Бiрақ есiмiзден кетпейдi, ұмытылмайды. Ол биiк интеллектуал, мықты саясаткер едi. Оның елiмiздегi саяси жағдайларға байланысты айтқаны, жазғаны күнi бүгiн де маңызды. Ақылды, батыл адамдар бiзге дейiн де өмiр сүрген. Жеке басының бостандығы мен құқықтары, елiнiң

Қазақстанның кешегiсi, бүгiнi, ертеңi: адам құқығы мен бостандықтарын қамтамасыз ету тұрғысында 2016 жылдың қорытындысына көзқарас. Адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы жөнiндегi Қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтистiң Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алуға арналған дөңгелек үстелдегi баяндамасы.

11 ақпан – Алтынбектi еске алатын күн. Жыл сайын Алтынбектi еске алуға тиiспiз. Алтынбек – ұстаз, қазақ зиялыларының ұстазы дер едiм. Мен жақында Алтынбектiң “Үштағанын” қайыра оқып шықтым. Осыдан 15 жылдай бұрын жазылған мақаласы әлi күнге өзектi. Сол кезде дәл қазiргiдей болатынын көрегендiкпен болжағанына қайран қалдым. Алтынбек бастаған “Қазақстанның Демократиялық Таңдауын” құрған азаматтардың басты мақсаты

– Алтынбектей арыстың арамыздан кеткенiне, қанiшерлердiң қолынан мерт болғанына 11 жыл өтiптi. Алтынбектiң мерт болғанын естiгенде егiлiп отырып жоқтау мақаламды жазған едiм. Жыл сайын осы күнде сол жоқтауымды жанарыма жас кептелiп отырып оқимын. Бiр күнi маған Дiн iстерi министрлiгiнен едiк деп бiр жiгiт телефон соқты. “Зейнеп апа, сiздi халық таниды, сондықтан сiздiң атыңыздан газетке бiр-екi мақала жарияласақ” дедi. “Айналайын, мен ақ пен қараны ажырата алатын көзi ашық адаммын. Мақаланы өзiм де жазамын, сендердiң көмектерiңсiз-ақ” десем

“Үштаған немесе Қазақстанда әдiл сайлау неге арман?” деген мақаласын Алтынбектiң қалай жазғаны менiң есiмде. Бiздiң жұмыс орындарымыз ол кезде бiр ғимаратта болғандықтан, жиi кездесiп, пiкiрлесетiнбiз. Осы мақалада айтылған кейбiр ойларын Алтынбек сол кездерi айтып жүрдi. “Үштағанға” көз жүгiрте отырып мен қазiр соңғы 11 жыл көлемiнде бiздiң елiмiзде болып жатқан түрлi жағдайлар мен аса күрделi саяси ахуалды

Алтыкендi, Василийдi, Бауыржанды кiмдердiң атқаны әлi күнге белгiсiз. Ол жауыздықты түрмеде отырған Ибрагимовтың мойнына артып қойды. Бәлкiм киллер жалдаған болар? Зәкеңнiң өмiрiн қиғандар да сондайлар. Заманбек Нұрқадiлов өзiн-өзi үш рет атты дейтiн ресми ақпаратқа ешкiм сенген жоқ. Сенбеймiз де. Бұл билiк халықты ақымақ санай ма сонда? Олардың халыққа деген

Президенттiң жарлығымен жылда өткiзу мiндеттелген әкiм есебi — жиналған жұртшылықтың жүйкесiн жүндей түтiп, төзiмдiлiгiн тексерудiң таптырмайтын тәсiлi. Кейде соны елдiң мұң-зары екшелетiн жиын емес, әкiмнiң мерейтойы ма деп қаласың?! Есептiң мәтiнi жарты айдай бұрын жергiлiктi газетте екi тiлде бiрдей жарияланғаннан кейiн әкiм бiрден iске көшiп, кездесуге келгеннiң пiкiрiн тыңдаудың орнына, оны-мұны мыжып бiр сағат мiнберде

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСЕМ ДЕГЕН “ЗАВРАЙОНОНЫҢ” ӨЗI ПАРАМЕН ҰСТАЛЫП КЕТТI

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының судьясы Ермахан Шаланов пара алу үстiнде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi қызметкерлерiнiң құрығына түстi. Аталған құзырлы орган судьяны ұстау операциясын Жоғарғы Соттың iшкi қауiпсiздiк және соттағы жемқорлықты ескерту бөлiмiмен бiрге жүргiздi деген бейресми ақпарат бар. Қазiр судьяға қатысты тергеу амалдары қолға алынған. Судьялық этикеттi бұзғаны үшiн
 

Осы күнi жер шарының 180 елiнiң 4 миллионнан астам азаматы Айдан, оны айтасыз, Марстан жер телiмдерiн сатып алған. Айдан жер сатып алғандардың арасында қазақстандықтар да бар. Денис Хоуп деген АҚШ азаматы 1980 жылы тiрi пенденiң ақыл-ойына кiрмеген ғажап идеяны дүниеге әкелдi. Халықаралық заң нормаларында Ай, Марс, Юпитер сияқты күн жүйесiне кiретiн планеталардың бiрде-бiр мемлекет немесе заңды тұлғалардың

Бұл бұдан ширек ғасыр бұрын болған оқиға. Шамамен 1989-1990 жылдары. Оңтүстiк Қазақстан облысының Созақ ауданында өзiм туып-өскен Қарабұлақ дейтiн шағын ауылда болған. Сол ауылдың үш жiгiтi: туған iнiм Мырзағали (Мырза), көршi үйдегi Дүйсенғали (Дүйсек), Жанболат (Жакон) деген туысқан iнiлерiмнiң әскерден келген бойдақ кездерi. Сол түнi үшеуi көршi ауыл Балдысудағы сауық кешiне бармақ болады. Екi ауылдың арасы

Бiр күнi үйде фотоаппаратымды таппай қалып, әбден әбiгерге түскем. Негiзi ол iнiмдiкi едi. Уақытша сұрап алғам. Өзiмдiкi болса бiр сәрi, иесiне затын қайтару керек. Жол сөмкемнiң үстiңгi қалтасына салғанымды бiлемiн. Ашсам жоқ. “Мүмкiн, шатасқан шығармын” деп үйдiң астаң-кестеңiн шығарып iздедiм. Қуыс-қуыстың бәрiн қарап шықтым. Жол сөмкемнiң әлгi қалтасын өтiрiк айтпасам жиырма рет ашып-жапқан

АДАМ ТҰРҒЫЗҒАНЫ РАС ПА?

Хеопс пирамидасы салынғалы бергi төрт мың жыл бойы осы бiр сұрақ адамзатты толғандырып келедi. Ол туралы аңыз да көп. “Осыншалық алып дүниенi адам салуы мүмкiн емес” деп күмәнданатындар да кездеседi. Бiреулерi “жындар салған болуы ықтимал” десе, бәзбiреулерi “бұл – жер бетiнде болған басқа өркениеттiң белгiсi” дейдi. Ендi бiрi “жоқ, мұндай кереметтi бөтен ғаламшардан келгендер салған” деген болжамдарын

Үндiстанның Мумбай қаласында 21 жастағы Сомнат Мхатре деген жiгiт кобраны сүйiп селфиге түспекшi болғанда, оны жылан шағып алған. Жануарлар бағының қызметкерi болып жұмыс iстейтiн ол ауруханаға түскеннен соң үш күннен кейiн көз жұмған. «Жас өмiрдiң аяқ астынан қиылғаны қандай өкiнiштi. Оның Facebook-тегi парақшасында жыландармен ойнап жатқан, тiптi, кобраны сүйiп тұрған

Қабдеш ЖҰМАДIЛОВ,
Қазақстанның халық жазушысы

Жазушы ҚАПАН САТЫБАЛДЫНЫҢ туғанына 100 жыл

Бұл мақала “Қазақ әдебиетi” газетiнде (3.02.2017жыл) жарияланды, бiрақ қысқартылып жарияланды. Бiрiншiден, автордың келiсiмiнсiз қысқартқандықтан, екiншiден, қысқарған тұстар менiң айтайын деген ойымның ең өзектi тұстары болғандықтан, бұл мақаланы “Жас Алашқа” ұсынып отырмын. 
                                                                                                                       Автор.

Екi аптаға жуық уақытқа созылған 28-қысқы Универсиада ойындары да жылнамаға жазылып кеттi. Студент-спортшылар ендi 2019 жылды, Сiбiрдiң салқарындағы Красноярск қаласында өтетiн 29-қысқы Универсиада ойындарын асыға күтедi.
28-қысқы Универсиада ойындарын өткiзу құқығына ие болған уақыттан берi елiмiздiң дайындығы жоғары деңгейде болды. Әлем елдерi ерен жүйрiктерiн жiбермегенiмен де, төрткүл дүниенiң

Жанат Жақиянов – жеңiл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымдарының чемпионы атанды. Американдық Роуши Уорренге тиесiлi чемпиондық белбеу үшiн жекпе-жекке түскен Жақиянов 12 раундтық айқаста ұпай санымен ұтты. 1-раундта екi рет нокдаун алған Жанат намысын қамшылап, раунд сайын қарқынын үдеттi. Төрешiлер де 12 раунд бойы қарымдылығын байқатқан Жанаттың жеңгенiне

Осы сенбiнiң таңында (18 ақпан күнi) Қанат Ислам кәсiпқой бокстағы 23-iншi жекпе-жегiн өткiзедi. АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өтетiн айқаста Қанат бразилиялық Робсон Ассиске қарсы айқасады. Қанаттың айқасын KazSport және “Қазақстан” арнасы тiкелей эфирден көрсетедi. Кәсiпқой бокста ешкiмнен жеңiлмеген Қанаттың қарсыласы Ассис 19 рет айқасқа түсiп, 3 рет

Беларусь астанасы Минскiде шорт-тректен әлем кубогының кезеңi өттi. Елiмiздiң ерлер құрамасы бұл додадан табысты оралды. Мәдiғали Қарсыбеков баптайтын жiгiттер 1 алтын, 1 күмiс, 2 қола медальдi олжалады. Жекелей жарыста Денис Никиша (500 метр) әлем кубогының жеңiмпазы атанса, Абзал Әжiғалиев күмiс медаль иелендi. Елiмiздiң екi бiрдей спортшысы канадалық

Кәсiпқой боксшы Геннадий Головкин өзiнiң 37-iншi жекпе-жегiн 18 наурызда АҚШ-та өткiзiп, американдық Дэниэль Джейкобсқа қарсы айқасқа түседi. Одан кейiн Астана қаласында өтетiн ЭКСПО көрмесiне орай Сарыарқада айқасқа түсуi кәдiк. Бiрақ қай күнi, қандай боксшыға қарсы айқасатыны нақтыланған жоқ. ESPN редакциясының журналисi Фернандо Барбоза әлеуметтiк желiдегi парақшасында

Жазушы Төлен Әбдiктiң әйгiлi “Оң қол” повесi бойынша осы аттас қысқа метражды фильм түсiрiлдi. Қойылым режиссерi – Жәнiбек Кәрбозов. Фильмде дәрiгердiң рөлiн – Ғ.Мүсiрепов атындағы жастар театрының жас актерi Әсет Есжан, Алманың рөлiн – Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының студентi Зухра Сайпи, Алманың әкесiнiң рөлiн – белгiлi актер, Е.Тұрсыновтың “Шал” фильмiнен кейiн