1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017

Осыдан бiр апта бұрын бензин қымбаттап, Алматыда АИ-92-нiң құны 139-141 теңгеге сатыла бастағанда, кейбiр ақпарат құралдары “Еуропамен салыстырғанда, аң арзан жанармай Қазақстанда (АИ-95, 145,4 теңге) деп” жарыса жазды. Мысалы, Нидерландта бiр литр бензиннiң бағасы – 547 теңге, Грецияда 541 теңге тұратынын айтып, “ең арзан бензин тұтынып

Президенттiк сайлауда мәреге дара келген Арқадағты қазақ басшысы Астанаға шақырды. “Өткен сайлау нәтижесi – халықтың тұрмыс деңгейiн арттырып, елдiң халықаралық беделiн нығайту жолындағы Сiздiң жүзеге асырып отырған саясатыңызға Түрiкменстан азаматтарының сенiмi мен қолдауының көрсеткiшi...” дептi Н.Назарбаев түркiмен президентiне жолдаған құттықтау жеделхатында. Иә, Гурбангулы Бердымухамедовтiң бұл сайлауда да атқан оқтай зу ете түсерiне ешкiм шәк келтiрген жоқ. Көршiлес ел басшыларының жеңiске жеткен адамды

ҚР Конституциясының 26-бабына өзгерту енгiзуге байланысты желтоқсандықтар өзiнiң алаңдаушылығын бiлдiредi. Өйткенi Сенат спикерi Қасымжомарт Тоқаевтың мына сөзi БIЗДI түсiнбестiкке алып келдi. Қ.Тоқаев былай дедi орысшалап: “...В предложенных Главой государства поправках к Конституции содержится еще одно принципиальное нововведение: право частной собственности на любое законно приобретенное имущество предлагается распространить на каждого человека, находящегося на территории нашей республики, независимо от того, к гражданству какой страны он принадлежит

Тәуелсiз журналист Жанболат Мамайдың қуғындағы М.Әблязовтiң “БТА банктен” ұрлаған ақшасын жымқыруға қатысты деген айыппен қамалуын халықаралық құқық қорғау ұйымдары айыптап жатыр. 14 ақпан күнi халықаралық “Журналистердi қорғау комитетi” (Committee to Protect Journalists - CPJ) Қазақстан билiгiне “қаржы жымқыру” iсi бойынша екi айға қамалған тәуелсiз, оппозициялық журналист Жанболат Мамайды босату туралы үндеу жариялады деп мәлiмдедi. Халықаралық ұйымның Орталық Азия бойынша

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ШЫНАЙЫ ДЕҢГЕЙI – 15 ПАЙЫЗ

Қазақстан кәсiпкерлерiнiң ұлттық палатасы 2016 жылға жасаған макроэкономикалық шолуын ұсынды. Осы шолу қорытындысына сарапшылар екi түрлi баға бердi. Бiр жағынан алып қарағанда, төл экономикамызда аз да болса өсiм көзге шалынады, екiншi жағынан бiрқатар маңызды салада көрсеткiштер кәдiмгiдей құлдырағанын байқаймыз әрi елiмiздiң қоры кемiп бара жатқанын цифрлар ақылы көргенде

ЕЛДIҢ ЕНДIГI ҮМIТI ТҮЙМЕБАЕВТА

Осы аптада президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Жансейiт Түймебаевты қабылдады. Теледидардан президент пен әкiм арасындағы әңгiмелердi үзiп-жұлып бергенiмен, мемлекет басшысының Оңтүстiктегi тiрлiктерге көңiлi толмай жүргенi байқалып қалды. Әрине, бұл атқа қонғанына көп бола қоймаған қазiргi әкiмге оншалықты қатысы жоқ дүние.

НЕМЕСЕ ЖАНБОЛАТ МАМАЙ ТУРАЛЫ БIРАУЫЗ СӨЗ

Дәл осыншалықты оғаш та ойламаған жерден пайда болған сұмдық себеппен осындай мақала жазамын деген үш ұйықтасам түсiме кiрмептi! Жанболаттың екi айға тұтқынға алынуы ешкiмдi де үнсiз қалдырмауы тиiс. Сондықтан қолға қалам алдым. Менiңше, Жанболатқа қарсы жасалып жатқан құқықтық-күштеу акциясының үш себебi бар. Бiрiншiден, антимамайлық акцияның авторлары бұл жерде бiр-бiрiне
 

Ақмола облысындағы “Ұйқы дертiне” шалдыққан Калачи және Красногорск ауылының 80 отбасыдан тұратын 120 тұрғыны қауiпсiз аймақтарға әлi қоныс аудармаған. Олар өздерiн көшiру үшiн мемлекеттен бөлiнген қаражатты облыс әкiмi Сергей Кулагин басқа салаға жұмсағанын айтады. Алдымен: калачилiктердi қоныс аударуға мәжбүрлеген “ұйқы дертiнiң” себеп-салдары қандай?

Елiнiң Тәуелсiздiгi жолында басын бәйгеге тiккен Алаштың айбынды азаматтарының арасында Тұрар Рысқұловтың орны бөлек. Айтулы қоғам қайраткерi, бiлгiр экономист, ұлтжанды тарихшы, жалынды публицист Тұрар Рысқұлов – Қазақстанның ғана емес, бүкiл Орталық Азия мемлекеттерiнiң дәл бүгiнгi сипатта дамуына, саяси және экономикалық тәуелсiздiкке қол жеткiзуiне алғашқылардың бiрi болып негiз қалаған

Ақмола облысындағы ең күрделi аймақтың бiрi – Целиноград ауданы. Өзiнiң кеңес кезiндегi атауын сақтап қалған ауданның орталығы Астанадан 30 шақырым жердегi Ақмол кентiнде орналасқан. Бұл баяғы АЛЖИР-дың абақтылары тұрған ауыл. Бұрын Малиновка аталып келген елдi мекен, бертiн Ақмол болып өзгерген. Целиноградты күрделi аудан деуiмiздiң себебi, оған қарасты ауылдардың көбi Астананы қоршай

Былай қарасаң, тiлшi қосынына келiп жататын көп шағымның бiрi. Жезқазған қаласының әкiмi Б.Ахметовтiң атына жазылған, көшiрмесi ҚР Премьер-министрi Б.Сағынтаев пен Қарағанды облысының әкiмi Н.Әбдiбековке жiберiлген.
Бiрге оқып көрейiк:
“Құрметтi Батырлан Дүйсенбайұлы!

Мен осы мағынадағы бiрнеше арызды 2013 жылдың күзiнен (қараша) берi жазумен қала әкiмiнiң орынбасары болып келген кезiңiз едi. Бауырының беделдi де белдi қызметке келгенiн арқаланған көршiм бiрден үйiнiң жылу жүйесiне циркуляциялық насос қойып алды. Соның салдарынан

Жақында ҚР-ның Конституциясына кейбiр өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы жоба жарияланды. Әсiресе, конституцияға меншiктi қорғау жөнiнде өзгерiс енгiзу мен 26-баптағы “әркiм” сөзi көпшiлiктi қатты алаңдатып отыр. Онда былай жазылған: “1. Әркiм заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. 2. Жекеменшiк құқығына қол сұғылмайды. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына

“Конституцияға өзгерiс енгiзу туралы” жаңалықты естiп, тыныш отыра алмай, қолыма қалам алдым. Президентiмiз осы уақытқа дейiн, ашығын айту керек, ойына келгенiн iстедi. Серiкболсын Әбдiлдин ағамыз “Жас Алаш” газетiне берген сұхбатында, “Шетелдiктерге сатылған жердi заңдастыру үшiн осы өзгерiстi ойлап тапты” дептi. Бiрақ “Хабар” арнасынан сөйлеген бiр депутат: “Енгiзiлген өзгерiсте алаңдаушылық тудыратын

Қазақтың сүт бетiне шығарларына, зиялыларына не болып барады? Неге соншалықты бойкүйез? Неге енжар? Не өткеннен сабақ алуды бiлмеймiз, не болашағымызды дұрыс болжай алмаймыз. Мұндай мимырт қалыпқа, мәңгүрт күйге қалай ұшырадық? Тың игеру тұсында 800 қазақ мектебi жабылды. “Бiз осы 800 мектептiң зардабын әлi 800 жыл бойы тартамыз” деп зар иледi Шерхан Мұртаза. “800 жыл бойы тартқанымыз” емей немене, тың игеруден кейiн

“Жұмақтың кiлтi – аналарымыздың аяғының астында” дейдi. Әрине, бұл дұрыс. Бiрақ бар күш-жiгерiмiздi аналарымыздың көңiлiн табуға арнап, кей кездерi әкелерiмiздi мүлдем ескерусiз қалдырып жатамыз. Ана – ол бiзге шексiз махаббатын, қамқорлығын сыйлайтын әлемдегi жалғыз жанашыр жан. Әкелер де өз сәбиiн анасынан артық сүймесе, кем сүймейдi. Ер азамат болғаннан кейiн көп жағдайда әкелер сезiмiн

Өткен демалыста жұмыс бабымен үнемi шетелдерде жүретiн бiр құрдасым қонаққа келiп: “мына жаңа жасатқан сақинам қалай екен?” деп мақтана қолын созды. Арнайы тапсырыспен жасатқан сақинасына қарасам, расымен көздiң жауын алады екен. Сары күмiстен, ұлттық нақышта, мемлекетiмiздiң туын бейнелетiп жасатыпты. Не себептi бұлай жасатқанын сұрағанымда: “Түркия елiнде жиi боламын. Ол жақта адамдар тек

Құрметтi редакция! Менiң “Тағы да 95 жыл күтемiз бе?” деген мақалам “Жас Алаш” газетiне жарияланды (9 ақпан, 2017 жыл). Бiрақ менiң мақаламда аты аталған Рәмiл және Равил деген адамдарды бiр адам деп ойлап, техникалық қатеге жол берiп алыпсыздар. Рәмiл Нығметжанұлы Сағындықов – Көкпектi ауданының әкiмi, ал Равил – зейнеткер. Мен бұл зейнеткердiң аты-жөнiн толық (Равил Галиев) келтiрмеп едiм. Содан қазақ тiлiне қатысты сөздi

Тұтас елдi жiкке бөлiп айырды,
Мұзбалақты топшысынан қайырды.
Қызыл жынның қитұрқысын түсiнген
Секемденiп, семсер алған байырғы.
 

Ассалаумағалейкүм, Софы аға!
Сiздiң жақында “Жас Алаштың” 24 қаңтар күнгi санында жарияланған “Мен де топырағымды ширек ғасыр бойы бiр баса алмай келемiн” деген хатыңызды оқыдым. Халқымыздың сөзiн сөйлеп, жоқшысы болудан бiр танбай келе жатқан Қабдеш ағаға ағыңыздан ақтарылып, мұңдана сыр шерткен екенсiз. Иә, аға, Сiз тазасыз, адалсыз. Халқыңыздың алдында абыройлысыз. Мен бұл пiкiрдi 86-ның ызғарлы күндерiндегi

28-қысқы Универсиада ойындары кезiнде Қытай делегациясынан бiр спортшыны iздедiк. “Қытай делегациясында қазақ баласы бар екен” дегендi естiп, iздеген адамымызды Атлеттер ауылынан таптық. Дәстүр Тұрсынхан Универсиада дуына үш рет қосылды. Жекелей сайыста жолы болмаған қандасымыз командалық сайыста қола медальға қарға адым жетпей тоқтады. Кiндiк қаны тамған Қобықсары ауылында 3-сыныпқа дейiн

Алматы облысы, Талғар ауданындағы АИБА бокс акадесиясында елiмiздiң ұлттық құрамасы Германия және АҚШ боксшыларымен бiрлескен оқу-жаттығу жиындарын өткiзiп жатыр. Бокстан елiмiздiң ұлттық құрамасы биылғы жылдағы екiншi жаттығу жиынын 6 ақпанда бастады. 20 ақпанға дейiн жалғасатын жаттығу барысында үш елдiң боксшылары бiр-бiрiмен жекпе-жекке де түсiп, шеберлiктерiн сынап көредi. Бокстан биылғы жылғы

Сейсенбiнiң түнiнде УЕФА Чемпиондар лигасы 8/1 финалының бiрiншi матчтары өттi. Париждiк “ПСЖ” каталондық “Барселона” клубын 4:0 есебiмен iрей жеңдi. 18-минутта Анхель Ди Мария айып соққысынан гол соқты. 40-минутта Юлиан Дракслер нәтиженi еселеп бердi.Ди Мария 55-минутта екiншi голын тоғытса, Эдисон Кавани 72-минутта төртiншi голды соқты. Қарымта ойын 8 наурызда Барселонада өтедi. “Барселона” соңғы рет УЕФА Чемпиондар

Қанат Ислам бразилиялық Робсон Ассиске қарсы әзiрлiгiн аяқтады. Ассис те АҚШ-қа келiптi. Ендi олар журналистер мен жанкүйерлердiң алдында баспасөз мәслихатын өткiзедi. Робсон Ассис – Қанаттан 6 жас үлкен. 2006 жылы кәсiпқой боксқа ауысып, осы күнге дейiн 19 жекпе-жекке түсiп, 3 рет жеңiлген. Ассистi 2014 жылы австралиялық Джефф Хорн жеңдi. Одан кейiн 2015 жылы колумбиялық