1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (16202) 23 ақпан, бейсенбі 2017

ОҚУ ЖҮЙЕСI ОНДА НЕГЕ ОҢАЛМАЙДЫ?

Қай кезде де ешкiмдi бейтарап қалдырмауға тиiстi бiр жайт, ол – бiлiмге қатысты. Бiлiм саласына самарқау қарау – ұлт ұрпағының болашағына шабылған балта. Ол түсiнiктi де. Бiрақ ел-жұрт тарапынан айтылған сын-ескертпелерден, өтiнiш-тiлектерден шыққан немесе шығатын нәтиже бар ма?.. Мәселе осында. Бас мұғалiмнiң бiр жылдық есебiне қарасаң, бәрi қанттай: жан-жақты

Астанада өткен ЭКСПО көрмесiнiң кезектi жиынында Қазақстан шенеунiктерi шетелдiк қонақтардың аяқтарын жерге түсiрмей, аязға беттерiн қарғызбай, жүгiрiп жүрiп қарсы алды. Қонақтардың көңiлдерiнен шығу үшiн бiздiң шендiлер қазақ тiлiн ысырып қойып, ағылшынша сөйлеп құрақ ұшты. Ал шетелдiктер болса, қазақ шенеунiктерiнiң осындай жанталасы мен жарбақайлығына назар да

Қазақстан президентi Н.Назарбаев ақпанның 21-i күнi Қауiпсiздiк кеңесiнiң жиынында әскери жаттығу кезiнде қаза тапқан жетi сарбаздың туыстарына халықтың және жеке өзiнiң атынан көңiл айтты. “Жамбыл облысындағы (Жуалы ауданындағы Көксай шатқалы- ред.) қар көшкiнi салдарынан болған қайғылы оқиға хабарын зор күйзелiспен қабылдадым. Олардың әрқайсысы елдiң нағыз

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көксай шатқалындағы әскери жаттығу кезiнде қар көшкiнiнiң астында қалып, қаза тапқан жетi сарбаздың бiрi Әмiр Аралбаевтың отбасына “Жас Алаш” газетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысындағы тiлшiсi Бақытжан Әбдiрашұлы ұжым атынан көңiл айтып барып, марқұмның жақындарымен жүздесiп қайтқан едi. Жиырма сегiз жасында кенеттен өмiрi қиылған Әмiр Аралбаев соңғы екi аптада

Алматының iргесiндегi ЛА155/18 тергеу абақтысына қамалған азаматтық белсендi, журналист Жанболат Мамайды жанындағылардың жәбiрлегенi жөнiнде оның қорғаушысы Жанар Балғабаева хабарлады. “21 ақпанда Жанболатпен кездестiм. Оның айтуынша, өткен жұма күнi Жанболатты басқа бөлмеге ауыстырған. Сол жерде ол жанындағылардан қысым көрген. Денесiнен көгерген

Бiлiм және ғылым министрлiгiне басшылық қызметке келгенiне бiр жыл толуына орай, Ерлан Сағадиев осыдан бiрер күн бұрын халыққа есеп берiп, осы мерзiм iшiнде қандай жұмыстар атқарылды, алда қандай жоспарлар бар дегенге тоқталды. Бiр анығы, бұл орайда, әр алуан көзқарас, түрлi пiкiр бар. “Шымшық сойса да қасапшы сойсын” демекшi, бiз бұл мәселенi бiлiм саласының өз қазанында қайнап жүрген

ТМД-ДА ЕЛIМIЗДIҢ АГРОЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТI ӘЛСIРЕДI

Бiздiң ел ТМД-ның азық-түлiк нарығындағы үлесiнен айырыла бастады. Қараңыздар, 2016 жылы достастық мемлекеттерге азық-түлiк экспорты 20 пайызға қысқарған. Бұл – шамамен 623 миллион доллар. Осыншама көл-көсiр дүние жоғалтып отырмыз. Мамандар экспорттың кемуiне басты себеп iргедегi iргедегi

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) Қоғамдық кеңесi зейнетақы қорындағы 50 млрд теңгенiң темiр жол саласына бөлiнуiне түсiнiк беруiн сұрауды. Бұл туралы naryk.kz хабарлады. БЖЗҚ Қоғамдық кеңесi Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев пен БЖЗҚ төрайымы Нұрбибi Наурызбаеваның атына темiр жол саласын қолдау үшiн зейнетақы қорындағы 50 млрд теңгенiң

Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртановтың мәлiмдеуiнше, 2018 жылдың қаңтарынан бастап медициналық сақтандыру қорына жұмыссыз ретiнде тiркелмеген ауыл тұрғындары төлем аударуы керек. Төлем ең төменгi жалақының бес пайызын құрайды. Министрдiң пайымынша, әлеуметтiк медициналық

Халқының 70 пайыздан астамын қазақтар құрайтын Оңтүстiк Қазақстан облысы елiмiздегi ең кедейi көп шоғырланған өңiр деп танылды. Ranking.kz порталы жүргiзген зерттеу нәтижелерiне сенсек, облыстағы 290 мыңдай адам сiңiрi шыққан кедей көрiнедi. Жалпы, сарапшылар 2016 жылдың экономикалық

Әзiрбайжан президентi Ильхам Әлиев өз әйелi Мехрибан Әлиеваны бiрiншi вице-президент қызметiне тағайындады. Бұған дейiн мәжiлiсте депутат болып отырған Мехрибан Әлиева бiрiншi вице-президенттiктен бөлек қайын атасы Гейдар Әлиевтiң қорын да қоса басқарады. Ильхам Әлиев өз әйелiн қызметке тағайындауын

Көптеген елдерде президентке әйелi мен туыстарын мемлекеттiк қызметке тағайындауға тыйым салынған. Алайда өркениет көшiне iлеспей қалған елдердемұндай тыйым атымен жоқ. Бар болса да, ондай заңның талабы iс жүзiнде сақталмайды. Мәселен, Тәжiкстанды алайық. Былтыр Тәжiкстан президентi Эмомали Рахмонов қызы Озоданы президент аппараты жетекшiсi етiп тағайындады. Ал оның күйеуi

17 ақпанда Ашғабатта өткен инаугурация рәсiмiнде Түркiменстан президентi Гурбангулы Бердiмұхаммедов әскерилерге арнап жазған “Отанын ұлықтаған батырлар” атты кiтабын көпшiлiкке таратты. Ақпанның 12-сi күнi өткен президент сайлауында 97,69 пайыз дауыс жинап, жеңiске жеткен Гурбангулы Бердiмұхаммедовтiң бұл — жыл басынан берi жазып үлгерген алғашқы кiтабы. Әйтпесе, осымен үшiншi мәрте

Ауыл – қашаннан-ақ қазақтың алтын бесiгi. Ауылдың жағдайын түзеу деген – ең алдымен, қазақтың жағдайын түзеу, ауыл мәдениетiн көтеру – күллi қазақтың мәдениетiн көтеру деген сөз. Әрине, тоқсаныншы жылдардың басындағы өтпелi кезеңдегiдей емес, ауылдың жағдайы бүгiнде айтарлықтай түзелдi. Ел еңбекке бет бұрып, тұралаған шаруашылықтардың түтiнi қайтадан түзу шығуға айналды. Мәдени тұрғыдан алғанда

Зерттеушiлер пiкiрiнше, теледидардың танымдық, тағылымдық әсерiнен гөрi, көрерменге бағытталған эмоционалдық соққысы басым екенi дау тудырмайды. Вашингтон университетiнiң ғалымы Фредерик Циммерман 1500 баланы 3 жастан 12 жасқа дейiн бақылай келе, теледидарды 4 сағаттан аса қарайтындардың бұзақы болуы ықтималдығы 30 пайызға артатындығын дәлелдеген. Одан тыс, ересектер арасында

2011 жылдың 29 қарашасында Халықаралық студенттiк спорт федерациясы (FISU) 2017 жылғы қысқы Универсиада ойындарын өткiзу мәртебесiн елiмiзге жүктедi. Сенiмге селкеу түсiрмей студенттердiң 28-қысқы Универсиадасын ойдағыдай өткердiк. Сырттан келген қонақтар да, спортшылар да, Алматы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға да қауқарлы екенiн баса айтып кеттi. Оның бәрi уақытында

Танымал ақын, тарлан талант Есенқұл Жақыпбековтiң дүниеден озғанына да үш жылдың жүзi болыпты. Бiрақ ол көзден кеткенiмен, көңiлден кеткен жоқ. Шын мәнiсiнде, әдебиетке, өнерге жан-тәнiмен берiлген, мансап қумаған, марапат күтпеген екi адам болса, соның бiрi – Есенқұл Жақыпбеков болатын. Қаламдас қауым, үзеңгiлес әрiптес, тiршiлiгiнде алабөтен сыйласқан аға-iнi, қарындас ерекше адами

Бақыт туралы ойланбаған адам, қалам тербемеген ақын-жазушы жоқ шығар, сiрә. Ең қызығы, сол бақытты әркiм әр жерден iздеп әлекке түсiп жатады. Бiрi бақытты баға жетпес байлықтан, бiрi денсаулықтан, бiрi атақ-даңқтан iздесе, ендi бiрi отбасы – ошақ қасы, бала-шағадан табуды жөн көредi. Өмiрде аянбай еңбек етiп, маңдай термен тапқан бiр күндiк адал азығын қанағат

Бұл күндерi Жапонияның Саппоро қаласында VIII Қысқы Азия ойындары өтiп жатыр. Алматы мен Астанада 2011 жылы өткен ақ Азиададан кейiн бұл кешендi сынға ерекше елеңдеп тұратынымыз рас. Өйткенi алдыңғы Азиадада Қазақстан құрамасы тұңғыш рет құрлық деңгейiнде топ жарды, 32 алтын медаль жеңiп алды.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы матчтарда күтпеген нәтижелер көп кездестi:
Бенфика (Португалия) – “Боруссия” (Германия) – 1:0;
ПСЖ (Франция) – “Барселона” (Испания) – 4:0;
“Реал” (Испания) – “Наполи” (Италия) – 3:1;

18 наурыз күнi Нью-Йорктегi (АҚШ) әйгiлi “Медисон Сквер гарден” аренасында отандасымыз Геннадий Головкин америкалық Даниель Джейкобспен жұдырықтасады. Қазiр Гена қызу жаттығу жүргiзiп жатыр. BoxingScene.com сайты Головкиннiң нағыз бабында екенiн айтады. Оның жаттығу залынан арнайы фоторепортаж

Ақпанның 22-сi күнi жергiлiктi халықтың алдында есеп берген Ақтөбе облысының әкiмi Бердiбек Сапарбаевқа журналист Арыстан Аймағамбетов “Ақтөбе” футбол клубына қатысты дауға назар салып, клубтың тергеуде отырған бас директоры Дмитрий Васильевке әдiл шешiм шығаруды сұрады. “Футболды жақсы көремiз. Футбол дамуы керек. Өз футболшыларымызды тәрбиелеуiмiз