1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (16204) 2 наурыз, бейсенбі 2017

26-БАП СОЛ КҮЙІНДЕ ҚАЛАДЫ

Бір ай ішінде халықтан түскен алты мың ұсынысты екі-үш күнде екшеп тастаған жұмыс тобы наурыздың бірі күні президенттің алдында есеп берді. Президент әкімшілігінің жетекшісі, реформа бойынша жұмыс тобының басшысы Әділбек Жақсыбековтің есебін тыңдаған Н.Назарбаев бұл жиынға тыңғылықты дайындықпен келіпті. Ол билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу

Қырғызстандағы «Атамекен» парламенттік фракциясының лидері Өмірбек Текебаев «президент Алмазбек Атамбаевтың Кипр офшорындағы мүлкін тапқаны» үшін ұсталды. Бішкекте шұғыл баспасөз мәслихатын өткізген «Атамекен» партиясының заңгері Талайгүл Тоқтақұнова осылай деді. Заңгердің сөзінше, Текебаев Кипрге барған сапарында Бішкекте апатқа ұшыраған

Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толған биылғы 2017 жылы Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов аруағының алдында тағы да ұятты болатын түріміз бар. Тағы да деуіміздің себебі, былтыр ұлт көсемі, аса ірі мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы республика көлемінде жетім қыздың тойындай

Ғылымсыз болашақ жоқ. Ол – дамудың негізгі тетігі. Мұны түсінген жұрттар ғылымды қаржыландырудан аянған емес. ЮНЕСКО-ның әлемдік ғылымның қазіргі жағдайы мен 2030 жылға дейінгі перспективалары жөніндегі соңғы мәліметіне жүгінсек, дүниежүзі мемлекеттерінің ғылымға бөлетін қаржысы жылдан-жылға өсіп келеді және ЖІӨ-нің 1 пайызынан кем түсетін елдер

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданының тұрғыны Елнар Қайыңбаевтың бар арманы – елден көшіп, теріскейге жету. Ол күн сайын жұмыспен қамту жөніндегі облыстық басқармадан өзіне жақсы хабар күтіп жүр. Онысы Аяз атадай көзге көріне қоймаса да, Елнар ертегіге сенетін баладай үмітін үзбейді. Үміттенуден басқа амалы да жоқ.
 

Ақпанда теңге бағамы (АҚШ долларына шаққандағы) 3,5 пайызға нығайды. Жыл басынан бері есептегенде 6,2 пайызға көтерілді. Жалпы, ақпанның соңындағы теңгенің бағамы 2015 жылдың желтоқсанының екінші жартысынан бергі жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді. Бұлтуралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. «Теңгенің нығаюына алдымен мұнай бағасының көтерілуі

Келер жылдан бастап сұйытылған газ электронды биржа арқылы саудаланады. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. «Алдағы жылдары мұнай өнімдерінің барлық түрлерін электронды сауда алаңдары арқылы өткізуді жоспарлаудамыз. Ең алдымен сұйытылған газды сатудан бастаймыз», – деді министр. Министрдің пайымынша, сұйытылған газ бойынша

АСҚАНБАЙЛАР ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ 23,6 ПАЙЫЗЫНА ИЕ

Соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2016 жылы халықтың нақты табысы 4,5 пайызға азайыпты. Кіріс кеміген соң көпшіліктің күнкөрісі сөзсіз әлсірейді. Оның үстіне күні кешеге дейін доллар үздіксіз қымбаттап, соның салдарынан тұтыну тауарлары, қызмет көрсету бағасы

Жергілікті әкімдіктен уәделі ақшаларын ала алмай жүрген он шақты кәсіпкер Бас прокуратураға шағым жазып, сотқа жүгінбек. Әрқайсысы екі миллионнан жеті миллион теңге арасында шығындалған кәсіпкерлер «топан су» тасыса да мемлекеттік органдармен енді жұмыс істемейміз деп

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) бұрынғы басшысы, қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталған Руслан Ерденаевты қамау мерзімі 28 наурызға дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі ақпарат таратты. БЖЗҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Ерденаевқа «өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп, талан-таражға

ҮШТІЛДІЛІКТЕН БІЛІМ ДАҒДАРЫСҚА ҰШЫРАЙДЫ

Қылышынан қан тамып тұрған кеңес одағының кезі. 1983 жылы Эстония елінің Тарту қаласынан автокөлік айдап әкелуге бардым. Пойызбен Тартуға жеткенде әлі таң атпаған еді. Жақын маңдағы қонақүйге барып, әкімшіден 3-4 сағатқа орын сұрадым. Менің орысша сұрағыма эстонша жауап берді. Түсінбей 2-3 рет мәрте сұрағаныма әкімші қыз ашуланып өз тілінде «Орын жоқ» деген жазуды

Полиэтилен пакеттерге көзіміз үйренгені соншалық, бүгінде баяғы жіптен тоқылған торлар мен азық-түлік салатын себеттерді мүлде ұмытуға айналдық. Апаларымыз бұрын базарға арнайы сөмке арқалап баратын болса, қазір кез келген сауда-саттық орнына дорбасыз, дымсыз бас сұғып, дүниенің затын пакет-пакетімен арқалап шығуға болады. Тиімді болатын себебі, ол пакеттер, біріншіден, тегін; екіншіден, азық-түлік салуға

Қазақ қасиетті қара домбырасын қатты құрметтейді. Қадыр Мырза-Әлінің «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» дегенінің өзі неге тұрады? Алайда домбыраны сөз жүзінде қадір тұтқанымызбен, іс жүзінде кейде пұшайман болатын да жайымыз бар. Теледидарды ашып қалсаңыз, ырду-дырду ән көп.

«Апа-ау, осынымыз дұрыс па, бұрыс па білмеймін, жұрт алатынын алып қайтып келе жатқанда біз бара жатамыз». Бұл – ақын Темірше Сарыбаевтың мына өмірге қамыққанда өзінен үлкен Ұлмекен апайына айтқан сөзі. Осы бір ауыз сөзде Темағамның мінезі, болмысы жатыр ма деп те ойлаймын. Әйтеуір Темағама арналған қай шара болса да кешігіп жүзеге асып

Кеңестік дәуірде ұзын саны он-он бестен аспайтын басылымдардың қай-қайсысының да өзіне жетерлік тиражы болғаны сол кездегі әріптестерді кәдімгідей қолтықтан демеп, алға жетелейтін. Қазақша шығатын «Ара», «Мәдениет және тұрмыс», «Қазақстан әйелдері», «Жұлдыз», «Білім және еңбек» журналдары мен «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінен түсетін миллиондаған табыс

Футболдан ұлттық құрама бапкері тағы өзгерді. Жұмыс істегенінен бір жыл жаңа толған Талғат Байсуфиновтың орнына ресейлік Александр Бородюк келді. Ең бірінші, «бас бапкерді ауыстыру қажет пе еді?» деген мәселеге жауап іздедік.
Біздің ойымызша, Талғат Мәруаұлына осы іріктеу кезеңіне соңына дейін жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек еді.

Астананың «Барысы» өз алаңында өткізген екінші кездесуінде Челябінің (Ресей) «Тракторынан» 1:2 есебімен ұтылып қалды. Сөйтіп, сериядағы есеп 2:2 болып теңесті. Мамандар айтқандай, шынында да бір-бірімен деңгейлес екі команда ұзақ ырғасатын сияқты. Ойынның 33 минутында қонақтардың