1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (16205) 7 наурыз, сейсенбі 2017

Той өтті. Алматыда Алаштың 100 жылдығына арналған ас берілді. Құран оқылды. Сөз сөйленді. Ет желінді. Шай ішілді. Ән айтылды. Күй тартылды. Өлең оқылды. Сөйтіп, асқа келген ағайын тарқасты. Асты сауын айтып, игі жақсыны шақырып, «qamshy.kz» порталы ұйымдастырыпты. Ниет түзу, көңіл ақ болса керек. Тарихты ұлықтап, айбынды Алаш тойының беташарын жасаған

«Әр заманның өз сұрқылтайы болады» деуші еді. Сол айтпақшы, бүгінде Сағадиев жырының ушыққаны сонша – оның атын естігенде ұйықтап жатқан бала шошып оянатындай жағдай қалыптасты. Алды-артын бағдарламай жатып мектептерде үштілділікті бастап кеткені, «Әліппені» құрдымға кетіргені өз алдына, ол енді басқа-басқа, қазақтың тілі мен әдебиетінің, тарихының жағасына

Астананың сол жағалауындағы кейбір тірлікті екі дүниенің сырын ұққан данышпан да ақылға салып түсіне алмайды-ау.
Жағымпаздық, жалбарыну, табан жалау, көзге түсу, мақтану, сосын мақтағансып жұртқа жеккөрінішті етудің бұ дүниеде, оның ішінде бүгінгі қазақ қоғамында шегі жоқтай көрінеді. Көктемнің кей адамға тигізер ерсі әсері ме, әлде басқа ма, өткен аптада

1 трлн 92 млрд 941 млн 288 мың теңге қаржы институттарын қолдауға бөлінеді

Шынын айту керек, Ұлттық қорға жылма-жыл қанша кіріс кірді, қанша шығын шықты, оны шотқа салып отырғандар қоғамға ашық, нақты ақпарат бермейді. Әйтсе де, кейбір деректерге қарағанда, осыдан үш жыл бұрын қорымыздағы қаржы 77 млрд АҚШ долларына жеткені жөніндегі ақпарды

Наурыздың 6-сы күні парламенттің біріккен отырысында конституцияны өзгерту жобасы екінші оқылымда бірауыздан қабылданды. Ал одан үш күн бұрын бұл жоба бірінші оқылымда мақұлданған еді. Жалпы, конституцияны өзгерту жобасы халық талқысына шыққан бір ай ішінде жұмыс тобына алты мыңға жуық ұсыныс түскен-ді. Осы алты мың ұсынысты екі-үш күнде електен өткізіп тастаған жұмыс тобы

Жамбыл облысының әкiмi Кәрiм Көкірекбаев көктемгі жұмысын бірнеше кадрлық ауыс-түйiстен бастады. Көкірекбаевтың қалауымен бір айдан астам бос тұрған Байзақ ауданы әкімінің қызметіне облыс әкімі аппаратының басшысы Рахматілдә Рахманбердиев тағайындалды. Ал әкім аппаратының басшылығына Тараз қаласын басқарған Нұржан Календаров келді. Тараз қаласына енді Шу ауданының бұрынғы әкімі Рүстем Дәулет «қожайындық» жасайды. Ал Шудың қай басшыға бұйырары

Жыл сайын көктемнің алғашқы күндері Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич Ақтөбеге келіп, хром саудасын түгендеп кетеді. Жиырма үш жылдан бері хром достығы байланыстырған «Қазхром ТҰК» АҚ президенті Владимир Вольдемаровичпен оңаша кездесіп, облыс әкімиятымен меморандум жасасқанын ұзынқұлақтан естігені болмаса

Өткен ғасырдың 60-жылдарындағы қазақ поэзиясы жайлы сөз қозғағанда Т.Бердияров, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Молдағалиев, Қ.Мырза Әли, Ф.Оңғарсынова есімдері ойға оралады. Осындай шынайы шығармашылық бәсекедегі сұрыптаудан суырылып ілгері шыққандардың бірі – Төлеген Айбергенов. Оның лирикасының негізгі лейтмотиві – сағыныш. Ақынның қай жырын оқысаңыз да, сағыныш сазы

Автобусқа мініп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан он алты жастағы Ақжолдың денсаулығы баяу болса да жақсарып келеді. Ақжолдың анасы Сәлима Смағұлова Қарағанды қаласындағы қоғамдық көліктердегі кондукторларға шексіз қатыгездік қайдан келгенін мүлдем түсіне алмайды. Ол баласын енді қайтып автобусқа отырғызудан қорқып жүр. Кісі өліміне себеп болуы мүмкін оқиғаны

Өзбекстанның жаңа басшысы Шавкат Мирзияев президент ретінде екінші сапарын Қазақстанға жасамақ. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі әзірге жариялай қоймаған бұл іссапар, болжам бойынша, Ұлыстың ұлы күні қарсаңына жоспарланған. Наурыздың басында Түрікменстанға табан тіреген Шавкат Мирзияев Қазақстанмен қандай қарым-қатынас орнатпақ? Орталық Азиядағы тұрақтылыққа Өзбекстанның ықпалы қаншалықты

Мынау тағы да нені шығарды, Жағмині несі? Балконды – қылтима, киоскіні – дүңгіршек деп аударғандай, бірдемені бықсытайын деді ме деп отырған шығарсыздар? Алаңдамаңыздар, мен аудармашы емеспін. «Қылтима» дегенді кім шығарғанын білмеймін, білгім де келмейді. Ал Жағмин дегенге келсек, ол – жаңадан құрылған министрліктің қысқартылған атауы. Иә, солай! Қысқасы, Жағмин, яғни Жағымпаздану министрлігі

Түктібай қария шай үстінде әңгімесін төтесінен бастады.
– Талап барады түге! Оқасқа «ақ сызықты бастың» деп 10 АЕК, Сыздықтың баласына «көпірге тоқтадың» деп 15 АЕК салыпты. Ауыл, көлігімен адам тасып нәпақасын айырып отыр еді, оны да құртты. Кеше жер салығы келген.
Кесе ұзатып отырған кемпірі

Құйындап келіп түйреп өтті.
Анау болса ұзынынан түсіп,
Ирең етті.
Мынаны
Олай өтіп бара жатып салып қалды.
Онысы
Тап сол жерде талып қалды.

Ауылдан арсалаңдап қалаға келейін. Қалаға қыдырып келген жоқпын, оны-мұны, майда-шүйде керек болып, артынып-тартынып келе жатқанмын ғой. Құдайдың бере салған қуығы қыштап, дәретхана іздейін. Бұрын кеңес заманында аттаған сайын дәретхана болатын, қазір бірі де жоқ, тек мекеме, кафелердің ішінде болмаса... Олар да асылып өлейін деп жатсаң да

Қазақ поэзиясы Әлия Іңкәрбек есімді жас ақынмен толықты. Еркін ойлы, ерке мінезді ақын қыз жұртты ә дегеннен-ақ елең еткізді. Әлияның жаңару мен жаңғырудың бастауы – көктемнің хабаршысындай болып жеткен ойға қонымды, жүрекке жылы жырларын жатсынбай қабылдаған әдеби орта әлеуметтік желіде ақ тілегін жаудырып-ақ жатыр. «Қазақта қазір дәл мұндай мықты ақын жоқ!» – деп жар салған Бауыржан Бабажан

Өнер – өмірмен жатырлас. Ал «кино – монтаждалған өмір, өмір – монтаждалмаған кино» деген қарапайым қағида кино өнерінің табиғатын аша түседі. Дегенмен өмірді монтаждап, киноға – өнерге айналдыру қиынның қиыны. Қазіргі қазақ киносы десе, көз алдымызға сыннан көз ашпай, датталып жатқан картиналар елестейді. Неге еген сауал көлденең тұра қалады. Көрерменді тыңдасаң, қазіргі кинолар

Ертең футболдан Қазақстанның 26-чемпионаты басталады. Жанкүйер асыға күтетін доданың биылғы ерекшеліктері қандай болмақ? Қандай командалар чемпиондық атақты сарапқа салады? Кімге көш соңында салпақтау қаупі төніп тұр? Осы мақалада алдағы чемпионаттан не күтетініміз жайлы ойымызды ортаға тастаймыз.

ҚХЛ плей-офф кезеңінің 1/8 финалында Астананың «Барыс» командасы «Трактор» (Челябі, Ресей) командасын қапы қалдырды. 6 матчқа созылған серия «Барыстың» жеңісімен тәмамдалды – 4:2. Астаналықтар өз тарихында екінші рет Гагарин кубогының ширек финалына шығып отыр. Бұған дейін 2013/2014 маусымында «Барыс» 1/8 финалда «Автомобилисті» (Екатеринбор, Ресей) бас көтертпей 4:0 есебімен

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 18 наурыздағы жекпе-жекке сақадай сай екенін мәлімдеді. Бұл күні қарағандылық боксшы Нью-Йорк (АҚШ) қаласындағы «Медисон Сквер Гарден» кешенінде америкалық Даниел Джейкобспен қолғап түйістіреді.

4 наурыз күні Алматыда «Қайрат» пен «Астана» Қазақстан суперкубогын сарапқа салды. 13 500 жанкүйер тамашалаған ойын өте қызықты өтті. Өткен жылы чемпиондық атақты да, ел кубогын да ұтып алған «Астана» негізгі құрамға
И.Маевский, А.Лулаку секілді жаңа футболшыларын бірден