1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (16206)   10 наурыз, жұма 2017

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев наурыздың 9-ы күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан мен саясаттанушы Айдос Сарымды «төмен түсіріп» тастады. Бас мұғалімді «қазақ халқына және қазақ тіліне қарсы шықты» деп әлеуметтік желіде айыптаған М.Тайжан мен А.Сарымның «министр отставкаға кетсін» деген талаптарына Е.Сағадиев: «Ол кісілердің мұндай мәлімдемелерімен таныс емеспін. Ондай сөздер айтылған болса, мен өзімнің жауабымды беретін де шығармын. Бірақ олар мұндай мәселені

ТОМИРИС ҚАЗАҚ ПА?
Қазақ тарихына қатысты дау көп. Әсіресе, БАҚ бетінде әлдебір тарихи тұлға төңірегінде немесе тарихи уақиға жайында айтысып-тартысып, қызыл кеңірдек болып дауласып жататын ағайын көп-ақ. Бір қызығы, ондай даукестерді тіпті тарихи дерек те тоқтата алмайды. Қандай деректі көлденең тартып, бұлтартпас айғақ көрсетсеңіз де, өз айтқанынан танбайды сабаздар. Мысалы, Шыңғыс ханды алайық. «Шыңғыс хан – қазақ», «жоқ, қазақ емес» деп тартысқан екі тараптың айтысы ұзақ жылдардан бері бір толастаған емес. Қаған хақындағы дау арагідік

Режиссер Талгад Жаныбековтің жауабы да осындай болды. «Феникс» фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина «толықтай келісетінін», «Қазақфильм» мекемесінің экономика және қаржы басқармасының директоры ГауҺар Ысқақова «атқарылған жұмыстарды тексермей қол қойғанын мойындайтынын», кино редакторы Гизат Сұлтанов «айыпты мойындамайтынын», жеке кәсіпкер Илья Коробейников пен екінші режиссер Бижан Әбішевтер «айыппен ішінара келісетіндерін», түсіруші топ басшысы Марлен Әбішев «толық мойындайтынын»

Биліктің ұшар басында көлеңкеде жүріп-ақ өте ықпалды болған, қазірде «мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату және жария ету» айыбымен қамауда отырған экс-шенді Астананың сол жағалауында желдей ескен бір сөзге қарағанда, достары мен бизнестегі әріптестерін шетінен құзырлы орынның құрығына іліп жатқандай. Сенімді ақпарат көзінің дерегінше, бұрынғы шенеунік түстеп берген дос-әріптестерінің түрлі жолмен жеп қойған қаржының нақты санын тергеушілер калькулятор жадына сыйдыра алмай

Естеріңізде болар, 2008 жылы Үкімет пен Ұлттық банк дағдарысқа қарсы жоспар құрды. Осы жоспар аясында келер жылы жүйеқұраушы банктер, оның ішінде Қазком, Халық банкі, БТА мен Альянс банктер бар, мемлекеттен 476 млрд теңге алған еді. Мұны сол кездегі бағаммен АҚШ долларына шаққанда 14 млрд доллар екеніне көз жеткіземіз. Әсілінде, бұл банктерге тегін берілген ақша емес. Ол кезде мемлекет аты аталған банктердің акциясының бір мөлшерін уақытша сатып алып, үлеске кірген. Кейін есін жиған қаржы институттары мемлекеттен өз акцияларын қайыра сатып алды. Сол жылдардан есте қалғаны, Халық банкі басшылығының: «Үлесімізді белгіленген

Үш жыл Қарағанды политехникалық колледжінде автотехник мамандығы бойынша білім алған Ерасыл Дәулетұлы Алматыға оралғанда өзіне лайықты жұмыс таба алмай, жолаушылар таситын көлікке кондуктор болып орналасты. Қолында дипломы болғанымен, тәжірибесі жоқ жас маманды ешқандай

Жамбыл облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Мырзақасым Байбек жуырда тәртіптік кеңеске тартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облыстық департаментінің ұсынысымен өткен бұл кеңес отырысы театрға бергісіз өтті. Қойылымның қысқаша сипаты мынандай: Мырзақасым Байбек Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы К.Қожатаеваға хабарласып, сол аудандағы Ш.Смаханұлы атындағы орта мектепте жұмыс істейтін келіні Айжан Кертаеваға бірлік қосып беруді талап еткені, айтқанын орындамаса,

Ана тілін білмеушілік немесе біле тұра менсінбеушілік қазақ ұлтын іштей қақ жарды. Қазақстандық неміс жазушысы Г.Бельгердің бұл туралы «Қазақтардың қазір тілге байланысты жіктелуі – өте-мөте өткір мәселе. Байшыкештерге ана тілінің көк тиынға қажеті жоқ. Олардың тілі – доллар. Тілді сақтаймын деушілер – түгелімен жалаңаяқ,

Марат Омарұлының «Өз тілімізді өгейсітпесек болғаны...» («Жас Алаш», 21.02.2017) деген мақаласы көкейімде жүрген біраз ойды қозғады. Үштілділік жөнінде баспасөз беттерінде де, жұртшылық арасында да, бұған дейін де қаншама пікірлер айтылып жүр. Солардың бірен-сараны ғана болмаса,

«Ұрыда ұят болмайды» деген рас екен. Мұны Семейдегі Қайым Мұхамедхановқа орнатылған барельефтегі ғалымның ныспысынан үш әріпті қолды еткен қорлықтан көрдік. Ұлт руханиятында орны бөлек тұлғаның кім екендігін ұғынбаған ұрының ісін күнделікті орын алатын ұсақ-түйекке жатқызуға

«Айналайын баладан,
Тауып алған даладан,
Далада бала жата ма?» – деп басталатын әжелердің әлдиі осындайда еске түседі. Қазір бесікте жатқан немересін әлдилеп, ән айтатын әже де қалмады-ау. Кінәнің бір ұшы да осыған, яғни ұлттық тәрбиенің жоқтығына барып тірелетіндей. Соңғы екі аптаның көлемінде Оңтүстік Қазақстан облысында үш тастанды

Бүгінгі қазақ баласы Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтарды жақсы танығанымен, Қаражан Үкібаев, Медеу Оразбаев, Хасен Ақаев, Ыбырай Ақбаев, Иса Көпжасаров, Тобанияз Әлниязов, Сырым батырдың шөбересі Салық Омаров, Маман бай және ағайынды Бекметовтердің кім екенінен хабарсыз. Оларды білмейінше, Алаш тарихын толық тани алмасымыз хақ. Себебі ХІХ ғасырдың аяғы

Өткен жылы ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетінін алғашында бөркімізді аспанға атып сүйіншілегенімізбен, соңынан сиырқұйымшақтанып, ақыр соңында туған жері Ақтоғайдың айналасында «айды аспанға шығарғаннан» арыға бармағанымыз рас. Биыл Қарағанды облысының Октябрь ауданын (туған жерін) Әлихан атына ауыстырудың өзі «облыс әкімін сотқа тартам»

Ғасырмен құрдас Айша апай­дың бүкіл саналы ғұмыры қазақ театрымен тығыз байланысты. Киелі табалдырықты он бес жасында аттаған Айша Төкебайқызы сол бойы табан аудармастан сексен жыл қазақ өнеріне қызмет етті.
Жастығына қарамастан, ә дегеннен-ақ басты образдарды сомдаған ол ең алғаш «Еңлік-Кебектегі» Еңлік ролімен танылды, «Отеллодағы» Дездемона бейнесін кейіптеу бақыты да қазақ актрисаларының ішінде ең бірінші Айшаға бұйырды. «Ол кезде Қалибек Қуанышбаев, Серағаң, Елубай аға, Күләш, Қаныбек, Құрманбек

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі «Ұлттық музейге сый тарту» акциясын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Осы акцияның тағы бір тармағы ретінде «Музей кітапханасына кітап сыйы» акциясы ұйымдастырылды. Музейдің ғылыми кітапханасы аталған акцияны биыл екінші рет өткізіп отыр.
Акцияның мақсаты – халықтың тарихи-мәдени құндылықтарына, оның ішінде жазба жәдігерлерді сақтаудың өзекті мәселелеріне қоғам назарын аудару. Музей кітапханасының қорын құнды және сирек кездесетін басылымдармен толықтыру.

Испанияның Сьерра-Невада қаласында шаңғы фристайлынан өтіп жатқан әлем чемпионатынан қуанышты хабар жетті. Отандасымыз Юлия Галышева қатар могул бағдарламасында күміс медаль жеңіп алды. Ол могулда дара шыққан Перин Лафонды (Франция) алға салып, екінші нәтиже

Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан кубогы мәреге жетті. Бұл жарыстың қорытындысы бойынша құрама жасақталып, 21 сәуірде Ашгабатта (Түркменстан) өтетін Азия чемпионатына қатысады. Бас бапкер Юрий Мельников Қазақстан кубогында көрсетілген нәтижелердің Сары құрлық сынына

Ақпан айының қорытындысы бойынша футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 2 саты алға жылжып, 94-орынға көтерілді. Жыл басынан бері бас командамыз ешқандай матч өткізген жоқ. Алғашқы ондық өзгеріссіз тұр. Аргентина (1644 ұпай), Бразилия (1534), Германия (1443), Чили (1389), Бельгия (1379), Франция (1318), Колумбия (1312), Португалия (1240), Уругвай (1200), Испания (1162)

Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам Талдықорғанда жанкүйерлерімен кездесті. Кездесу барысында облыс ақсақалдары батырға ақ бата берді,