1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (16207)   14 наурыз, сейсенбі 2017

Сөйтіп, АҚШ-ты шаң қаптырып кеттік. Наурыздың 10-ы күні жаңа Конституциямен оянған депутаттар мен шенеуніктер демократиялық құндылықтары ғасырларға созылған АҚШ-тан Қазақстанның озып кеткенін аңғармай да қалған сияқты. Байқамай қалатын жөндері де бар. Депутаттардың сөздеріне сенсек, тарихи бетбұрыс жасап, зор жауапкершілікті мойындарына жүктепті. Енді олар билік өкілеттілігін «қылдай бөлген» су жаңа Конституция бойынша үкімет жұмысын қадағалайды екен. Үкіметтегілер де мәз. Өзгерген Конституцияда президент үкімет актілерін тоқтата алмайды.
Алайда негізгі мәселе үкіметтегілер президентке ұнамайтын актіні өз беттерінше қабылдай ала ма дегенге тіреліп тұрған жоқ па?! Үкіметте президентке көрсетер ондай қауқар мен мінез жоқ кезде Конституциядағы жаңа өзгерістер мен толықтырулар көзбояушылық екенін қоғам белсенділері түсінде аян

Сәуір айында Ресейден Владимир Соловьев, Радислав Гандапас пен бизнесмен Роман Василенко келіп, ақыл-кеңес беріп, бағыт сілтеп, семинарлатып қайтпақ. Бұл үшеуі 1 сәуірде Алматыдағы 1200 орындық «Риксос» қонақүйінде, 8 сәуірде Астанадағы 3000 адамдық Тәуелсіздік сарайында семинар өткізбекші. Семинар тақырыбы: «Қатаң келіссөздер немесе көшбасшы болу өнері».
Соловьевтан бастайық. Бұл кісі ресейлік тележурналист. Қайшылыққа толы кереғар көзқарасымен, соңғы жылдар бедеріндегі Кремльдің басқыншылық саясатын қолдаумен көзге түсіп жүрген адам. Әдетте, мұндай журналистерді саяси билік қоғамның негізгі табын өз дегеніне иландыру үшін

Бүгін Ұлттық тест орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов Ұлттық бірыңғай тестілеуден «Қазақ тілі» пәнінің жоқ екенін ресми мәлім еткен. Бұл хабарды әуелі «ҚазАқпарат» агенттігі таратты. Бірақ ақпараттық агенттік іле-шала материалды алып тастаған. Алайда қазақ тілінің ҰБТ-дан алынып тасталғаны туралы мәлімет қазақ сайттарында лезде таралып, әлеуметтік желідегі негізгі әңгімеге айналып шыға келді. Сонымен, Рамазан Әлімқұловтың сөзіне қарағанда, Ұлттық бірыңғай тестілеудің ресми бекітілген жаңа форматында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығы» және «Қазақстан тарихы» атты үш пән міндетті пән болып қалған және 2 бейіндік пән қосылған. Ал «Қазақ тілінің» сұрақтары «Оқу сауаттылығы

Жасыратыны жоқ, жыл басы – Наурыз мейрамы неге орыстың жаңа жылы сияқты дүбірлеп өтпейді, Ұлыстың ұлы күнін ұлықтау неге әлі де төмен деген әңгіме үнемі айтылып келеді. 1 қаңтардың дүбірі бір-бір жарым ай бұрын басталып кететінін де көз көріп жүр. Соңғы жылдары Жаңа жылға жақын жатқан Тәуелсіздік мерекесі ғана бұл дайындықтың «тәк-тәк» деп тізгінін тартып, мылтық кезенгендей мазасын қашырып тұр. Әйтпесе, Құдай біледі, қараша түскеннен көргеніміз Ақша қар бен Аяз ата болатыны анық еді. Наурызды ел арасында кеңінен насихаттау мақсатында бірқатар облыстарда бұл мереке он шақты күн бұрын басталып, оның әр күні мән-мағынасымен, сән-салтанатымен

Президент жолдауы баспасөзде жарияланғаннан бергі бір жарым ай ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 836 елді мекенде мыңнан астам шара өтіпті. Яғни арнайы жиналыстарда президент жолдауы 317 мың адамға түсіндірілген. Жолдауды насихаттап, халыққа түсіндіру үшін Астанадағы шенеунік, депутаттар оңтүстікке ұшақпен арнайы ұшып келіп, кері қайтқан. Сондай жиынның бірінде Мақтаарал ауданының тұрғыны Елемес Сабыров жолдауды түсіндіруге келген мәжіліс депутаттары

Наурыздың 10-ы күні Қарағандыда 49 жастағы тұрғын көшеде келе жатқан студент жігітті пышақтап өлтіріп тастады. Ешқандай себепсіз. Ресми орындардан тараған ақпарат бойынша, қамауға алынған күдікті қылмыс жасаған сәтінде удай мас болғанын, өзінің бейтаныс студентті не үшін өлтіргенін түсінбейтінін айтқан. Осы қанды оқиғадан екі күн бұрын – наурыздың 8-і күні Қарағандыда 33 жастағы жігіт анасын пышақтап өлтіріп, өзі бесінші қабаттан секіріп ажалын тапқан. Қарағандыда жалпы қылмыс

Cemarket кобрендингтік картасы жаңа мүмкіншіліктерге жол ашады
Бұдан былай кәсіпкерлерге Қытайға барып тауар сатып алу үшін арнайы уақыт арнаудың қажеті жоқ. Мұны заманауи технологияның арқасында әп-сәтте жүзеге асыратын амалдар бар. Назар аударыңыздар, таяуда «Қазкоммерцбанк» АҚ мен Халықаралық UnionPay International (UPI, ҚХР) төлем жүйесі

Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев Орталық Азияда жаңа интеграциялық ұйым құру қажеттілігін алға тартты. «Соңғы жылдары Орталық Азия аймағында ынтымақтастық байланыс жағынан қыруар жұмыс атқарылды дей алмаймыз. Дегенмен таяуда ынтымақтастық күшейеді деген болжам бар. Міне, осыны ұтымды пайдалану қажет. Меніңше, алдағы уақытта Орталық Азияның жаңа бір интеграциялық жобасын

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ҚАЙ КӨШЕМЕН ЖҮРМЕК...
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың 16-17 наурызда Семейдің «төбесінен түсетіні» хабарланды. Бірақ жоғары жақтан біреу келетіні күні бұрын белгілі болса, қауырт қимылға көшетін әкімдік әзірге қарт Семейдің бет-әлпетіне «макияж жасауға» асығар емес. Жылдағыдан қалың түскен қардың қала шетін қойып, орталық көшелерінде жалы күдірейіп тұрғаны өз алдына, ептеп еріп, көшелерді көлге айналдырып жатыр. Онсыз да ойық-ойық асфальт жолдардан темір тұлпарын секіртіп өтіп, мезі болған жүргізуші атаулының өкпесі

Ауылдағы ағайынның негiзгi күнкөрiсi – қорасындағы азын-аулақ малы. Халқымыз амандық-саулық сұрасқанда «Мал-жаның аман ба?» деп бастайтыны да сондықтан. Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы мал ұрлығы қылмысының өршіп кеткені жергілікті шаруаларды алаңдатып отыр. «Мал ашуы – жан ашуын» тудырған Жамбыл облысы Байзақ ауданының Суханбай ауылдық округіне қарасты Қарасу ауылының тұрғыны Тілеужан Терлікбаевтың 15 түйесі

Қырғыз билігі ресейлік «Regnum» басылымының шеф-редакторы Григорий Михайловты елден шығарып жіберді. Журналисті милиция қызметкерлері Қазақ-Қырғыз шекарасына дейін әкеліп тастаған. Қазір Алматыда жүрген Михайлов болса бұл жағдайды өзінің кәсіби қызметімен байланыстырады. Оның Қырғызстандағы тіркеу уақыты аяқталған.
«Тіркеуге қатысты айыппұлды төлер едім. Бірақ соңғы жағдайды кәсіби қызметіммен ғана байланыстырамын», – депті Григорий Михайлов. 11 наурызда Қырғыз президенті

Бұл әңгімені бұдан екі жыл бұрын маған құрылыста бірге істейтін Тынымбай деген кісі айтып беріп еді.  – 1972 жылы мен Душанбе қаласына жақын маңайдағы әскери бөлімнің бірінде әскер қатарында болған едім, – деп бастаған еді әңгімесін Тынымбай. – Біз негізінен құрылыс бөлімінде қызмет ететінбіз. Қапырық күндердің бірінде ыстығым бірден көтеріліп, ауруханаға түсіп қалдым. Аурухана болғанда әскери емес, азаматтық аурухана. Тура Душанбе қаласындағы орталық ауруханада жаттым. Менімен бірге жасы 80-ге жақындаған шүңірек көзді, арық қара шал да жатты. Артынан іздеп келер

Бұл аңыз емес, өмірде болған оқиға. Сонау бір жылдары колхоз-совхоздардың құрылып жатқан кезі екен. Талас ауданына қарасты Сталин колхозында Нарымбет деген қойшы өмір сүреді. Қойшының жайы белгілі ғой, қысы-жазы малдың соңында. Қойын бағып көшіп-қонып жүреді.
Бұл оқиға қыстың саршұнақ аязды күндерінің бірінде болыпты. Нарымбет қойын айдап шыққанда күн сәл бұлыңғыр екен, бірте-бірте тұман қоюланып, қораға айдаған малы екіге

Осы күні адамның жағымсыз әрекеттерінен жануарлар зардап шегуде. Оған Солтүстік теңізінен жағаға шығып қалған 29 өлі кит дәлел. Қараңыздар, өлген бір киттің асқазанынан балық аулауға арналған 13 метрлік ау мен 70 сантиметрлік көліктің сынығы табылған. Әлем жұртшылығы түрлі қоқыс арқылы теңіз, мұхиттарды ластап келеді. Қалдық атаулының барлығы суға түседі. Мамандар пестицид, пластиктер

Үндістанда 17 жастағы Құмар Маревад есімді жасөспірім өзін жерлеп жатқанда тіріліп кетіп, жұртты шошытты. Ата-анасы оны қозғалмай және тыныстамай жатқан соң өлдіге санаған. Бір ай бұрын жасөспірімді қаңғыбас ит тістеп алған. Содан кейін Құмардың ыстығы көтеріліп, Дарвада емханасына түседі. Оның жағдайы нашарлап, жасанды жабдықпен

Театр – өмірдің өзі. Сан мың бояу астасқан сахна – актердің өнердегі өзгеше мекені, аяулы орны. Ол мекенде де көзге көрінбес күрестер, мылтықсыз майдан жүріп жатады. Бірақ соңында соның бәрінен актердің шын өнері ғана қалықтап аспанға шығады. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Қаптағаймен болған әңгімеде өнердегі өмірдің қилы қырлары сөз болып, бүгінгі театр өнерінің жайы айтылды.  – Ә дегенде мынандай бір сауал. Өнердің шындығы деген не? Ұзақ жылғы актерлік қызметіңізде өнердің шындығын немесе жалғандығын көрген кезіңіз болды ма?
– Бұл өте ауыр сұрақ. Өнерде жүрген соң көзің бар көресің, жаның бар сезесің, санаң бар салмақтайсың. Өнерде шындықпен бірге жалған дүние қатар

Совет өкіметінің отарлық жүйесіне қарсы күрескен 1986 жылғы Желтоқсан – ұлт-азаттық көтерілісінің бейресми әнұранына айналған «Қара бауыр қасқалдақ» әнінің авторы, белгілі сазгер Лесбек Амановтың дүниеден озғанына да қырық күнге жуықтады. Көрнекті ақын Есенғали Раушановтың өлеңіне жазылған Лесбек Амановтың осынау мұңлы да зарлы әні сан ұрпақтың жадында әлі де талай

Қазақстан ұлттық құрамасы жақында Александр Бородюктің басшылығымен алғашқы кездесуін өткізеді. Мұны біз үреймен де, үмітпен де күтіп жүрміз. Өйткені бас бапкердің тез арада ауысатынын елімізде ешкім де күтпеген сияқты. Әрине, жаңа жаттықтырушыға жау болуды мақсат тұтпаймыз. Дегенмен Пайперс дәуірінен бері, яғни 2007 жылдан бері ұлттық құрама тізгінін шетелдік маманға беріп келе жатқасын,

Қазақстан премьер-лигасы. 2 тур
12 наурыз
«Тобыл» – «Ақтөбе» – 0:0
«Қайсар» – «Тараз» – 2:1 (Аржанов, 34, Нтибазонкиза, 71 – Мұхаметшин, 15)
«Ертіс» – «Астана» – 1:1 (Ткачук, 30 – Мұжықов, 14)
«Ордабасы» – «Атырау» – 1:1 (Төлебек, 90+4 – Обшивац, 84)
«Ақжайық» – «Шахтер» – 3:1 (Рубио, 2, Азука, 8-пенальтиден, 72 – Тәжімбетов, 69)
«Қайрат» – «Оқжетпес» – 2:2 (Маркович, 34, Аршавин, 83
– Козлов, 19, Волков, 90+4 – пенальтиден)

Екі турдан кейін «Қайсар» көш бастады. Қызылордалықтар 1 турда өз алаңында «Оқжетпесті» 1:0 есебімен ұтқан болатын. Өткен жылы

Дзюдодан Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен халықаралық «Үлкен дулыға» турнирінде отандасымыз Ислам Бозбаев 90 келі салмақ дәрежесінде топ жарды. Ол 1/8 финалда Аслан Мырзаевты (Әзірбайжан) таза иппонмен ұтты. Ширек финалда нидерландылық Ван Тенд Неолмен негізгі уақытта тең ырғасып, алтын ұпайды сарапқа салды. Бозбаев вазари иеленіп, жартылай финалға шықты. Бұл кезеңде татами иесі Тұрал Сафгулиев те