1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22 (16208)   16 наурыз, бейсенбі 2017

Ресейдің империялық астам пиғылы күн өткен сайын асқынып барады. Асқынған сайын одан іргелес мемлекеттерге келер қауіп те күшейетіні сөзсіз. Міне, Кремльдің кезекті жымысқы ойы бой көрсетті. Ол – өзге елдердегі орыс тілі мен мәдениеті өкілдеріне Ресей азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен беру туралы заң жобасы. Жоба 2016 жылдың 30 желтоқсанында Ресей Думасына енгізіліпті. Жоба авторы – ТМД істері жөніндегі комитеттің төрағасы, Еуразиялық интеграция бойынша кеңесші Константин Затулин. Заң жобасы Путиннің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы «Ресей империясы мен Совет Одағында

Дағдарысты сылтауратып бүгінде бар дүниенің бағасы өсті. Әсіресе, азық-түлік бағасы дес бермей тұр. Құны өрге озғанымен, сапасы күн санап кері кетіп барады. Онысы аздай, өндірушілер тұтынушыларды таразыдан жеп жатқаны тағы бар. Бұл мәселені қозғап жүрген қоғамдық белсенділер мен депутаттар «баяғы жартас – бір жартас» деп отыр.

УЛЫ НАН
Парламентте жуырда өткен үкімет сағатының бірінде сенатор Ләззат Қиынов ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғановқа азық-түлік құнын өз қалауынша шарықтатып, ойына келген бағасын қойып отырған «мафиялық топтар» туралы мәселе көтерді. «Жылда рекорд жаңартып аста-төк астық алсақ та, нан бағасы өте қымбат. Сөйте тұра, сапасы мен дәмі өте нашар. Өзге елдердің наны тәтті болады. Біздің жеп

НЕМЕСЕ ЕР НЕГЕ ЕКІ СӨЙЛЕДІ?
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың жұмысына соңғы уақытта әлеуметтік желілерде, ақпарат құралдарында сын айтылатын болып жүр. Бұл түсінікті де. Әбдірахымовтың ғаламат жобалар жасап, елді таңғалдыратын, өзінің бет-бейнесін әкім ретінде қалыптастыратын кезеңі өтті. Халықты құрғақ уәдемен жарылқайтын уақыт та әлдеқашан түгесілген. Шымкенттің тізгінін қолға алғанына бір жарым жылдан асқан әкімге енді нақты тірлік істейтін, алға қойған жоба-жоспарын жүзеге асыратын сәт келді. Ал әзірге Әбдірахымовтың

Әскерге барып келген жас жігіттер керемет әңгімешіл. Өздері неше түрлі жаргонмен сөйлейді. Қазақ тілінің жаңа мүмкіндіктерін ашып жатқандай көрініп кетеді кейде. Жақында азаматтық борышын өтеп қайтқан бір жігіт өзінің «ақсақал» кезіндегі қызықтарын біраз термеледі. Шынын айтқанда, бізге сол оқиғалар түк қызық көрінген жоқ. Бір-бірін қалай қорқытқанын, «сарыауыздарға» өмір сабақтарын

Әрине, бір күнде төрт облыстың әкімі опыр-топыр ауысып кеткені бір қарағанда аяқастынан болған жағдай сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ кез келген аймақта бір-екі жыл жұмыс істеген әкімдердің соңынан «ауысады екен, кетеді екен» деген әңгімелердің ақырын айтыла бастайтыны анық қой. Оның үстіне осынау ауыс-түйіске бір-екі күн қалғанда әлеуметтік желілерде «бірқатар облыстарда әкімдер ауысады, пәленшенің орнына түгенше барады» деген ақпараттардың ашық

Ақтөбеге ажар берген «Нұрдәулет» мешіті мен «Дәстүр» үйін тұрғызып, сауда-бизнес орталығын көркейткен Мақсат Байжарқыновтың ұлдарына қала билігі тағы да қырын қарай бастағандай. Былтыр Ақтөбе қалалық сәулет-құрылыс бөлімі әуелі «Нұрдәулет» кешені аумағындағы шағын саябақты мекендейтін жануарлар «жан-жаққа жағымсыз иіс таратып, қаланың ауасын бұзып жатқандықтан», олардың көзін жоюды жақсылап өтінді.
«Нұрдәулеттің» ойын алаңына бір жағы тірі қоянды азықтандыруға, қырғауылды қызықтауға келетін балалар аңырап қалды. Себебі Ақтөбенің қақ ортасында балаларға осы

Биыл – Алаштың ғасырлық тойы. Ал қарт Ертістің жағасындағы Семей Алаштың астанасы болғанын көзіқарақты жұрт біледі. Алаш туы желбіреп, ұлт рухы асқақтаған, жаңа тұрпатты мемлекеттілік қалыптастырудың қайнаған ортасы болған қала қызыл өкіметтің қалдығынан арыла алмай отыр. Соның дәлеліндей Семейдің орталық көшесі күні бүгінге дейін Лениннің атында тұр. Тәуелсіздікке ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, басқа-басқа, Семейде «Совет өкіметінің құламай тұрғаны»

Көрісу күні бірнеше облыстың әкімдері ауысты. Солардың арасында «ауыр салмақтылардың» бірі болып есептелетін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин де бар. Сонау кеңес дәуірінде атқа мініп, аудандық, облыстық деңгейде басшылық қызметте болған Кулагин тәуелсіздік алғасын да тұғырынан түспей, Торғай облысы әкімшілігінің басшысы болып бастап, кейін талай-талай лауазымды қызметтердің тізгінін ұстаған. Білетіндер оны президентке жақын адамдардың бірі десетін. Бұл сөз тегін айтылмаса керек. Оған бір мысал айтсақ, 2004-2012 жылдары Қостанай облысын басқарған Кулагин ол жерден дау-дамаймен кеткені әлі есімізде. Облыс әкімінің аппарат жетекшісі Анатолий

Отыз бес жылдық педагогикалық тәжірибеме сүйене отырып, биылғы оқу жылындағы 1-сыныптардағы жаңартылған білім мазмұнына көшкен оқулықтардың сапасы жайлы пікірімді білдіруді жөн көрдім. Сөзімнің басын алдымен екі негізгі пән – математика мен дүниетану оқулығына сараптама жасаудан бастайын. Бұл оқулықтар, біріншіден, Назарбаев зияткерлік мектебіне арнап жазылған. Қазіргі таңда 1-сыныптағы «Сауат ашудан» басқасы осы мектепке арналған оқулықтармен оқып жатыр. Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің табалдырығын кез келген оқушы аттай алмайды. Себебі ол мектепке қабылдану үшін

ХХ ғасырдағы Ұлыбританияның ұлы адамы Уинстон Черчилль: «Мектеп мұғалімдерінің қолындағы билігін премьер-министрлер тек армандай алады», – депті. Па, шіркін, премьер емес, бізге әкімдер армандаса да аздық етпес еді. Черчилльдің сөзіне зер салып ой қорытсаңыз, бүгінгі күннің шындығынан бетіңіз күйіп, табаныңызбен шоқ басып алғандай боласыз. Айтыңызшы, мұғалімдерде қайдағы билік, қайдағы бедел?! Рас, бір кездері мұғалім беделі биік, тау тұлға болғаны талассыз. Айтқаны – айтқан, дегені – деген, даналардың қатарында тұрған. Сауатты адаммен

Кеңестік қылмыстардың негізгілерін жүйелеп еске алар болсақ, ең алдымен Алаш қозғалысына қатысқан, кеңес билігі кезінде советтік платформада тұрып ұлт мүддесін күйттеген ұлттық интеллигенцияның қудаланғаны тілге оралады. 1930 және 1932 жылдары бүгіндері «Алаш ісі» деп аталатын сот үдерістері өтті. Кезінде ұлттың ар-ожданы атанған Ахмет Байтұрсыновпен бірге қырықтан астам адам репрессияның алғашқы толқынында сотталды. Бұлардың ішінде төртеуі – мәдениет қайраткері Дінмұхамед Әділов, жазушы Жүсіпбек Аймауытов, журналист Ахметсафа Юсупов, әдебиетші Әбдірахман Байділдин 1930 жылғы

Бұл сұхбатта ақын, қоғам қайраткері Серік Тұрғынбекұлы ауыр сынның астында қалған білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті кінәлай алмайтынын, зиялы қауымның жасықтығын және Алаш жолын оңалта алмай тұрған жайымызды баяндайды.
– Бүгінде қазақ қоғамын қатты толғандырып тұрған мәселенің бірі – білім мәселесі. Әсіресе, бұл салаға Ерлан Сағадиев мырза басшылық жасағаннан бері тіптен қойыртпақтанып кетті. Әліппеміз келмеске кетіп, ұлттық тіл, тарих, шығыстану, түркология секілді салаларға темір кісен салынды

Қазір не көп, мүшәйра көп. Мүшәйрашыл ақын да көп. Атасына ас берсе де мүшәйра жариялайтын болды. Тіпті газет-журналдың таралымын арттырудың да амалына айналды. Қаптаған мүшәйраларға қарап, өлеңді аяйсың... Бірақ ақынға да жан бағып, мал табу керек қой. Өлеңін бәйгеге салмағанда қайтсін...
Әйтсе де мүшәйраға еті үйреніп, сол үшін ғана өлең жазатын ақындардың легі пайда болды. Қайда барсаң да – сол ақын, сол өлең, сол сарын, сол толғаныс, сол ұйқас. Тек тақырыбы басқа

ЖАПОНИЯНЫҢ ТОКУШИМА ПРЕФЕКТУРАСЫНЫҢ АҢЫЗЫ
Ава елінде (Токушима префектурасындағы көне елдің аты) Цуноминэ деген тау бар. Баяғыда осы таудағы Куваногава өзенінің жоғары жағындағы Кувано деген жерде бір бай тұрыпты. Бірде кешқұрым бір рикубу байдың сарайына келеді. Рикубу деген жапон елі алпыс алты аймаққа бөлініп тұрған кезде Хокэ (сутраның түрі) оқып,

ЖАПОНИЯНЫҢ ЧЮБУ АЙМАҒЫНЫҢ АҢЫЗЫ
Баяғыда бір қария ауыл маңынан өтіп бара жатса, үш бала түлкінің күшігін азаптап жатыр екен. Қария мақұлықты аяп кетіп, балаларға қалтасындағы ақшасын беріп, түлкінің күшігін тауға босатып жібереді. Ары қарай шаһарға барып, қайтар жолда әлгі жерден өтіп бара жатса, бір сүйкімді

Сіз Евгений Левкиннің Азия ойындарының чемпионы болар алдында қызық оқиғаға тап болғанын білесіз бе? Жол апаты оның спорттағы ғұмырын белден сызса да, қазір Женяның жаңа өрістер тапқанынан хабардарсыз ба? Жалпы, өміріндегі ең үлкен жеңісін ол қалай бағалайды? Жақында Алматыда өткен Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада Левкиннің комментаторлық

45 жыл бұрын «Кіндік әке» гангстерлік фильмінің алғашқы сериясы жарыққа шықты. Көптеген сыншылар әлем кинематографиясының тарихындағы үздік таспалардың бірі деп есептейтін туынды кинотеатрларда 280 миллион доллар жинаған. Ал фильмнің өзі 6 миллионға ғана түсірілген.

Германияның Фрайбург университетінің нейробиологтары Леонардо да Винчидің «Мона Лиза» картинасындағы жұмбақ жымиыстың себебін тапты. Ғалымдардың айтуынша, полотнодағы әйел өте бақытты болып көрінеді, оның суреттегі жалғыз эмоциясы сол ғана. Зерттеушілер картинаның ақ-қара түсті 8 репродукциясын салыстырып көрген. Оның әрқайсысында бет-әлпеттің сәл өзгерістері келтіріліп, біреуіне мұңды, біреуіне көңілді кейпі

Жақында археологтар Мысыр қаласының шығыс бөлігінен сегіз метрлік алып ескерткіш тапты. Мүсін кварциттен жасалған. «Бет-бейнесі Египетті 3 мың жыл бұрын билеген Рамзес ІІ-ге ұқсайды» дейді мамандар.
Қазынаны Египеттің ежелгі мұралар министрлігі адамзат тарихындағы ең маңызды жаңалықтардың бірі деп бағалап отыр. Ескерткіштің бюсті мен басының жарты бөлігі табылған. Ежелгі Гелиополис