Астана. 9 қараша. 7kun.kz — Beeline, Youtube және Genesis-пен бірге, Youtube-тің Қазақстандағы ресми серіктесі, бейнероликтер байқауы басталғанын жариялайды. Жоба атауы — «ВидеоБәйге». Байқаудың жалпы жүлде қоры — 5 миллион теңге, деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.

Видеоблогерлердің өтініші 27 қарашаға дейін қабылданады. Жеңімпаздар 9 желтоқсанда Алматыда өтетін фестивальда жарияланады. Жоба мақсаты – Қазақстандық интернет-қауымдастықты нығайту және елімізде сапалы, әрі қызықты бейнеконтентті тудыру.

«ВидеоБәйге» 4 санаттағы номинациялардан тұрады, олар: «Жас видеоблогерлер», «2017 жылғы үздік Youtube жоба», «Youtube-тегі үздік телеарна» және Beeline-ның арнайы номинациясы.

«ВидеоБәйге» жобасы 3 кезеңге бөлінеді:

9 қараша — 26 қараша – жаңа бастаған видеоблогерлердің өтінішін қабылдау (Youtube-тегі арналарына 50 мыңға дейін адам жазылған)

27 қараша — 4 желтоқсан – номинацияның 4 блогы бойынша қолданушылардың дауыс беруі («Жас видеоблогерлер», «2017 жылғы үздік Youtube жоба», «Youtube-тегі үздік телеарна» және Beeline-ның арнайы номинациясы)

9 желтоқсан — «ВидеоБәйге» фестивалі және үздік жобаларды марапаттау рәсімі.

“Жас видеоблогерлер” санатындағы номинациялар саны — 10:

•Лайфстайл

•Beauty-блог

•Gaming/Летсплей

•Балаларға арналған видеоблог

•Скетчком (комедиялық-көңіл көтерер блог)

•Автоблог

•Аспаздық блог

•Музыкалық блог

•Үздік шолушы (кино, техника, жаңалықтар және т.с.с.)

•Басқасы

Байқауға автор өзі жасаған және 2017 жылғы 7 қарашадан бастап Youtube-те жарияланған роликтер қатысады. «ВидеоБәйге» байқауына қатысудың шарттарымен videobaiga.kz сайтында танысуға болады.

Запись Beeline қазнеттегі үздік бейнероликтер үшін 5 миллион сыйлайды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз