Астана. 9 қараша. 7kun.kz — Beeline картасының иелері мен «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын қолданушылар AliExpress-те сатып алған затының құнынан 7,5 пайызға дейін кэшбек қайтып ала алады, деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.

Кэшбек алу үшін «Менің Beeline-ым» қосымшасында акциялық баннерді тауып, сондағы тиісті сілтеме арқылы AliExpress-ке өту керек, содан соң тауарды таңдап, Beeline картасымен төлеу қажет. Тауар сатып алған сәттен бастап, 24 сағатта клиентке SMS хабарлама келеді. Кэшбек, көрсетілген Beeline мобильді телефонының шотына зат сатып алған сәттен бастап, 45 күнде түседі. Кэшбек көлемі таңдалған санатқа байланысты болады.

«Beeline интернетте зат сатып алу оңай және ыңғайлы болуы үшін, қолдан келгеннің бәрін жасауда. Жаңа жыл қарсаңында бұл аса маңызды. Енді дүкен аралап, жүгіріп жүрудің қажеті жоқ. Тамаша бонустар ала отырып, Beeline картасы арқылы төлеу аса тиімді. Осының арқасында жақындарыңызға сыйлық таңдауда тартынбауға болады. 31 желтоқсанға дейін жоғары кэшбекпен зат сатып алуға болады», — деп Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Александр Комаров пікір білдірді.

Келесі санаттар акцияға қатыспайды:
Сыйлықтық сертификаттар
AliExpress қосымшасында мобильді шотты толтыру;
Молл санатындағы тауарлар немесе Ресейден жеткізілетін кез келген тауар;
Сондай-ақ тапсырыс берер алдында қолданушы тіркелмесе, акцияға қатыса алмайды.

Beeline картасы сатып алу және ақша аудару бойынша кез келген операцияны орындауға, сонымен қатар ҚР-дағы кез келген банкоматтан комиссиясыз ақша алуға мүмкіндік береді. Картаға жыл бойы тегін қызмет көрсетілуімен қатар, Beeline абоненттері келесі мүмкіндіктерге қол жеткізеді:

Кэшбек 1.5%
Сый ақы — 6% қалдыққа
Қаражатты тегін аудару
Жасалаған операциялар туралы тегін SMS-ақпарат қызмет
Жанаспай төлеу мүмкіндігі
Динамикалық 3D Secure кодпен қауіпсіз интернет сауда

Картаны алу үшін, жеке басыңызды куәләндыратын құжатпен Beeline-ның кез келген Сату және қызмет көрсету кеңсесіне келсеңіз болды.

«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын iOS және Android құрылғыларға App Store және Google Play қосымшалар дүкені арқылы тегін орнатуға болады.

Запись Beeline AliExpress-те жасалған саудадан 7,5 пайызға дейін қайтарады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз