1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (16228)   25 мамыр, бейсенбі 2017
25 мамыр 2017

1 маусымнан бастап дизельді отынның көтерме бағасы өседі. Оған отынның осы түрін сатуға қосылатын салықтың (акциздің) өсуі ықпал етеді. Нақты айтқанда, жаздың алғашқы айында дизельді отынның тоннасына акциз 9300 теңге көлемінде белгіленеді. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС мамандары ірі май құю стансаларында көтерме баға 7,3 теңгеге қымбаттайтынын айтады. «Бұл, бір жағынан, диқан қауымына ауыртпашылық

25 мамыр 2017
«Самұрық-Қазына» тағы да қарыз алмақ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма басшысы Өмірзақ Шөкеев Қытайдан 3 млрд доллар қарыз алмағын мәлімдеді. Шөкеев бұл қарыз туралы екіжақты келісім әлі жасалмағанын, алайда оны қайтару шарттары 8 маусым күні талқыланатынын айтты. Мәжілістегі сөйлеген сөзінде Шөкеев «кепілдіксіз қолайлы шарттармен

25 мамыр 2017
Кінәлі – Келімбетов...

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев 10 тәулік ойланып, толғанып алған соң, Әзірбайжанның дефолт болған банкіне салынған 71,3 млрд теңгенің дауына қатысты («Қош бол, 71,3 миллиард!», «Жас Алаш», №39) түсініктеме берді. Алматыда өткізген баспасөз жиынында ол Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қаржысын дефолт болған Әзірбайжан банкіне салу туралы

23 мамыр 2017

ӘЗІРБАЙЖАН БАНКІНЕ САЛЫНҒАН АҚШАНЫ ҚАЙТАРУ МЕХАНИЗМІ ӘЛІ ТАЛҚЫЛАНҒАН ЖОҚ

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) Әзірбайжан халықаралық банкіне 200 млн доллар көлемінде инвестиция салынып, аталған банктің берешегі өсіп, қарызын қайтара алмай отырғаны туралы ақпарат шыққан соң, отандық қаржыгерлер «зейнетақы қорынан алынған ақша қайтпай қалуы мүмкін» деп дабыл қақты. Бұл БЖЗҚ-дан шыққан алғашқы дау емес.
 

16 мамыр 2017
Қош бол, 71,3 миллиард!

 

Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры төңірегінде кезекті даудың ұшқыны шықты. Бұл жолғы даудың басы Әзірбайжанда жатыр. Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан 71,3 млрд (71 276 248,50) теңге алынып, Әзірбайжанның халықаралық банкіне салынған екен. Ал банк болса дефольт жағдайында. Сөйтіп, салымшылардың 71,3 млрд теңгесі күйіп кеткелі тұр. Бұл хабар шыққалы екі күн болса да

13 мамыр 2017
Сыр елінің «шынысы» шытынап тұр...

Дәл қазір Қызылорда облысында құрылысы жүріп жатқан шыны зауыты туралы әңгімелердің қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін айыру қиын. «Орталық Азияда теңдесі жоқ зауыт» деп бағаланған бұл жобаны ең алдымен ағылшынның «Пилкингтон» компаниясы қолға алмақ болған-ды. Одан «Eurasia Float Glass» акционерлік қоғамы қызығушылық танытып, бірақ кейін қаржы дағдарысына байланысты бұл іске тәуекел ете алмапты. Содан бері «Қызылордада шыны зауыты салынады» деп жар салып, сәт сайын елден «сүйінші» сұрап жүргенімізге

27 сәуір 2017
Денсаулықты қарызбен сақтандырмақ

Қазақ билігі медициналық сақтандыруға деп Халықаралық қайта құру және даму банкінен тағы да ірі көлемде қарыз алатын болды. Аз ақша емес, әрине. Бақандай 80 миллион АҚШ доллары. Еліміздің өзге елдерге қарызы онсыз да аз емес. Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстанның жалпы берешегі 165 миллиард 364 миллион долларға жетіпті. Бұл – жан басына шаққанда әр тұрғынға орта есеппен 9300 доллардан келеді деген сөз. Ресми деректерге

13 сәуір 2017
Үкімет газ бағасын еркіне жібереді

Көгілдір отын мемлекеттік бақылаудан босатылып, электронды сауда арқылы сатылмақшы. Келер жылдан бастап газ қымбаттайды. Өйткені бензин бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартқан үкімет енді сұйытылған газ құнын бақы-лаудан босатпақшы. Қазір алматылық тұтынушылар көгілдір отынның текше метріне 33 теңгеден төлейді. Еркін баға нарығына

11 сәуір 2017
Алматы облысы Путиннің билігінде ме?

Қазақстанның қай түкпіріне барсаңыз да, алдыңыздан ойдым-ойдым жолдар шығады. Кімнен сұрамаңыз, көлік түгіл, жаяу адам жүргісіз жол азабын түңіліспен айтар еді. Көлікке емес, асауға мінгендей шоқалақ жолдарда мөңкіп кетіп бара жатқан машинада жыны ұстаған бақсыдай селкілдеп кетіп бара жатып, «экономиканың күретамыры – жол» дегенге екі дүниеде сенбейсің. Сонда «әй, осы біздің елдің экономикасы жерде емес, аспанда-ау, шамасы» деп еріксіз ойлайсыз. Егер Қазақстанның «қарыштап» дамып жатқан экономикасы жерде болса,

6 сәуір 2017
Жанармайдың арзан бағасы қымбат болып тұр

«Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды» дегендей, қарағандылық диқандар биыл тағы да жанар-жағармайдың жаңа дауына бастарын қатырып отыр. Себебі жаңа ереже бойынша биыл шаруа, диқандар өздеріне арнайы бағамен бөлінген жеңілдетілген жанармайды Қарағанды қаласына келіп алып кетуі тиіс. Үш айға бөліп берілетін жанармайдың наурызға тиесілісін

28 наурыз 2017

ОТАНДЫҚ ЭКОНОМИКАҒА АҚША ҚҰЙЫП, НЕГЕ ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ-ӨНЕГЕ КӨРСЕТПЕЙДІ?
Forbes журналы 2017 жыл миллиардерлерінің тізімін жариялады. Атақты қазақстандық бестік бұл жолы да асқанбайлар арасынан шоқ жұлдызындай жарқырап шыға келді. Орыс халқында «бөтеннің ақшасын санамайды» деген мәтел бар. Әйтсе де біз одан аттап өтіп, асқанбайлардың тапқан табысын шотқа салып көрдік. Себебі халық жыл өткен сайын кедейленіп, жалақымызды инфляция деген «жалмауыз» жеп жатқанда, олардың қандай жолмен байып жатқаны қара орман қауымға қызық. Соңғы деректерге қарағанда, Қазақстан халқы тапқан табысының 50 пайызын азық-түлікке жұмсайды екен. Айлығымыздың тең жартысын ішер тамаққа жұмсасақ

14 наурыз 2017

Cemarket кобрендингтік картасы жаңа мүмкіншіліктерге жол ашады
Бұдан былай кәсіпкерлерге Қытайға барып тауар сатып алу үшін арнайы уақыт арнаудың қажеті жоқ. Мұны заманауи технологияның арқасында әп-сәтте жүзеге асыратын амалдар бар. Назар аударыңыздар, таяуда «Қазкоммерцбанк» АҚ мен Халықаралық UnionPay International (UPI, ҚХР) төлем жүйесі

10 наурыз 2017

Үш жыл Қарағанды политехникалық колледжінде автотехник мамандығы бойынша білім алған Ерасыл Дәулетұлы Алматыға оралғанда өзіне лайықты жұмыс таба алмай, жолаушылар таситын көлікке кондуктор болып орналасты. Қолында дипломы болғанымен, тәжірибесі жоқ жас маманды ешқандай

10 наурыз 2017

Естеріңізде болар, 2008 жылы Үкімет пен Ұлттық банк дағдарысқа қарсы жоспар құрды. Осы жоспар аясында келер жылы жүйеқұраушы банктер, оның ішінде Қазком, Халық банкі, БТА мен Альянс банктер бар, мемлекеттен 476 млрд теңге алған еді. Мұны сол кездегі бағаммен АҚШ долларына шаққанда 14 млрд доллар екеніне көз жеткіземіз. Әсілінде, бұл банктерге тегін берілген ақша емес. Ол кезде мемлекет аты аталған банктердің акциясының бір мөлшерін уақытша сатып алып, үлеске кірген. Кейін есін жиған қаржы институттары мемлекеттен өз акцияларын қайыра сатып алды. Сол жылдардан есте қалғаны, Халық банкі басшылығының: «Үлесімізді белгіленген

7 наурыз 2017

1 трлн 92 млрд 941 млн 288 мың теңге қаржы институттарын қолдауға бөлінеді

Шынын айту керек, Ұлттық қорға жылма-жыл қанша кіріс кірді, қанша шығын шықты, оны шотқа салып отырғандар қоғамға ашық, нақты ақпарат бермейді. Әйтсе де, кейбір деректерге қарағанда, осыдан үш жыл бұрын қорымыздағы қаржы 77 млрд АҚШ долларына жеткені жөніндегі ақпарды

беттер:1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11»