1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Заңгерлердiң халықаралық одағының төрағасы Андрей Требков Н.Назарбаевқа «Фемида» сыйлығын не үшiн бердi?
Қола берiп, алтын алу үшiн
Ұялсын дегенi де...
Демократияның дамуыны үлес қосқаны үшiн
Адам құқығы көп тапталатын елдiң басшысы алатын сыйлық бұл...
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (15528) 3 қыркүйек, жұма 2010
1 қыркүйек 2010

Өткен аптада Қазақстандағы Қытай елшiлiгiнiң сауда жөнiндегi кеңесшiсi Чжан Ди бiрқатар қызық мәлiметтiң бетiн ашты. Алғашқыда ресми деректердi алға тартқан кеңесшi қытайлықтардың дәмесiн дипломатиялық түрде жеткiзе бiлдi.  Алғашқы жарты жылдық iшiнде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 66 пайызға өсiптi. Осылайша екi ел арасындағы сауда айналымы 9 миллиард долларға жеткен. Алайда, ең қызығы, Қытаймен арадағы сауда айналымы қытайлық импорт есе­бiнен емес, отандық экспорт арқасында өсiптi. Ке­ңесшiнiң сөзiне сенсек, бi­рiншi жарты жылдықтағы қытайлық импорт көлемi былтыр­ғы жылдың осы кезе­ңiмен салыстырғанда өзге­рiс­сiз қалған.

24 тамыз 2010
АҚШ-тың орталық барлау қызметi әлем елдерiнiң әлеуметтiк-экономикалық ахуалына талдау жасап, 2009 жылғы деректердi тiзiптi. Бiз американдықтардың Орталық Азия елдерiне қатысты келтiрген деректерiне көз жүгiрттiк.  АҚШ барлау қызметiнiнiң мәлiметтерi көбiне-көп ресми статистикамен сәйкес келе бермейдi. Егжей-тегжейлi зерттеу жүргiзген орталық барлау қызметiне сену-сенбеу әркiмнiң өз еркi, әрине. Десек те құпия ақпараттарға әбден әккiленген американдықтарға сенбеуге негiз жоқ сияқты. Орталық барлау қызметi Орталық Азия және Әзiрбайжанға қатысты баян­дамасын сол елдердiң географиялық аумағы тәрiздi жалпы сипаттамаларды тiзуден бастапты. Ең қызығы, американдықтар бұл елдердiң көрсет­кiштерiн Еуроодаққа мүше мемлекет­тер­дiң көрсеткiштерiмен салыстырған.
19 тамыз 2010
 “L&K Building” ЖШС-ның ашынған жұмысшылары “Тұран” тұрғын үй кешенiнiң алдына шығып, наразылық бiлдiрдi. Бұл – олардың үшiншi мәрте қарсылық көрсетуi. Құрылыс алаңына екi жылдан берi жалақыларын ала алмай жүрген жұмысшылар жиналды. Кейiн олардың қатарын iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерi, прокурор мен еңбек инспекторы толықтырды. Үстiмiздегi жылдың басында құрылысшылар мәжiлiс депутаты Динар Нүкетаеваға арызданған екен, одан түк шықпапты.
12 тамыз 2010

Ресейлiк “Полюс Золото” мен қазақстандық KazakhGold төңiрегiндегi дау-дамайдың толастар түрi жоқ. Даудың басы шiлде айында басталған. Осы кезде қазақстандық шенеунiктер “Полюс Золото” мен KazakhGold арасындағы келiсiмшарттың ашықтығына күмән келтiрген-дi. Артынша Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi бұл келiсiмдi бастан-аяқ қайта қарауға кiрiстi. Өйткенi шенеунiктердiң ойынша, ресейлiк “Полюс Золото” KazakhGold активтерiн тым арзан бағаға сатып алған. Расында да, ресейлiк компания KazakhGold -тың 50,1 пайыз акциясы үшiн 269 миллион доллар санап берiптi.

29 шілде 2010

Осы аптада Сирия президентi Басар Ашад Беларуське ресми сапармен ат басын бұрды. Беларусь басшысы А.Лукашенко екеуi бiрқатар құжатқа қол қойды. Машина жасау, ауыл шаруашылығы, туризм салаларындағы жобаларды екi ел бiрiгiп iске асыратын болды. Артынша Сирия президентi Беларусь премьерi Сергей Сидорскиймен кездестi. Әңгiме барысында Башар Асад Сирияның да кедендiк одақтан дәмесi бар екенiн анық аңғартты.  Сирия кедендiк одақтың еркiн сауда аймағына қосылуға мүдделi екенiн Башар Асад былай жеткiз­дi: «Сирияның Беларусь, Ресей және Қазақстанмен арадағы еркiн сауда аймағына қосылуы – бiз үшiн

27 шілде 2010
Әр жылдың күзiнде үкiметтi әбден меңдеген ескi ауру қайта қозады. Мәсiмов бастаған министрлер кабинетi биыл да бұл аурудан айыға алмайтын тәрiздi. Күз айларында жұртты әбден әбiгерге салып, әуре-сарсаңға түсiретiн аурудың диагнозы – қымбатшылық. Ал бұл қымбатшылыққа әдеттегiдей жанар-жағармай бағасының көтерiлуi түрткi болатыны анық. Жанар-жағармай жыры күзде қайта басталатыны шiлде айында-ақ байқалып қалды. Кедендiк одаққа енгендiктен, дизельдi отын мен жанармай бағасын әкiмшiлiк жолдармен реттеп, тежеу мүмкiн емес. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұны о баста
22 шілде 2010
Ресей мен Беларусь арасындағы ақпараттық соғыс әлi де жалғасып жатыр. Екi ел арасында газ жанжалынан бастау алған дау-дамайдың жақында бiтер түрi жоқ. Беларусь пен Ресей арасындағы ақпараттық айқасты екi елдiң басылымдарын былай қойғанда, батыс ақпарат құралдарының өзi сан-саққа жүгiртiп жатыр.
Ресейлiктердiң Лукашенкоға қарсы ақпарат майданы шiлденiң басында бастау алған. Бұл батьканың кедендiк одаққа бiрде кiремiн, бiрде кiрмеймiн деп Кремльдiң қитығына тиiп, қалыңдықша сызылған кезi-тiн. Ақыры Беларусь басшысы кедендiк кодекстi ратификациялағанын, Астанада өтетiн ЕурАзЭҚ-тiң мемлекетаралық кеңесiне қатысатынын мәлiмдедi. Ертесiнде ресейлiк НТВ арнасы Лукашенконың былық-шылығын әшке­релейтiн
20 шілде 2010

Облысымыздағы Маңғыстау ауданының ауа райы – жазы өте ыстық, қысы жылы. Өлкемiздегi 55 жылдық ғылыми-сараптамалық зерттеулер бойынша әрбiр жылдың (365 күннiң) 273 күнi – аязсыз, яғни 0 градустан жоғары, ал қалған 92 күнi – аязды, 0 градустан төмен екенi анықталып, нақтыланған. Менiң бұл жерде айтқым келiп отырғаны – қыста негiзiнен жылуға, жазда отынға пайдаланып отырған табиғи газ мәселесi.

20 шілде 2010
Global Witness халықаралық ұйымы жақында “Қазақмыс” компаниясының былық-шылығын әшкерелейтiн есеп жариялады. Британдық халықаралық беделдi ұйым өз есебiнде “Қазақмыс” пен президент Н.Назарбаев әмпей-жәмпей әрекеттерiнiң бетiн ашатын таңғаларлық фактiлердi алға тартады.  
Global Witness-тiң “Тәуекелшiл бизнес: Қазақстан, Қазақмыс plc және Лондон қор биржасы” атты есебiнде: “Лондон нарығындағы 100 iрi компанияның қатарына кiретiн қазақстандық мыс өндiрушi “Қазақмыс” биржаға шыққанда
20 шілде 2010
ОТАНДЫҚ ТУРИЗМНЕН ДЕ ҚЫРУАР ПАЙДА КЕЛМЕК
Жаз. Көпшiлiк демалуға асығатын кезең. Аптап ыстықта көлге түсiп, оның жағалауында күнге қыздырынып қайт­қанға не жетсiн. Мұндай кезеңде қазақстандықтардың көпшiлiгi көршi елдегi Ыстықкөлге ағылатын. Өткен жылдардағы мәлiмет бойынша, әр жыл сайын Ыстықкөл жағалауында 2 миллион Қазақстан азаматы демалып қайтады екен. Бiрақ, Қырғызстанда орнаған тұрақсыз саяси жағдай биыл Ыстыққкөлдiң бағын байлады. Осының әсерiнен биылғы жылы өз елiмiздегi Алакөл, Балқаш сынды көл­дердiң жұлдызы жанып, айы оңынан туа ма деген болжам бар едi. Бiрақ, ол үмiтiмiз ақталған жоқ.
15 шілде 2010
Теңiзшевройлдың мердiгерi “ESS Support Services” компаниясында еңбек ететiн қазақстандықтар еңбек дауын шешуде жергiлiктi билiктен күдер үзiп, ТШО-ның бас директоры Тодд Левиге хат жазуға кiрiстi. Олар өздерiнiң әлеуметтiк таршылық тартып отырғандарын экспат инвестор бiлмейдi деп санайды. Ал Атырауда талтаңдаған үндiлiк кәсiпкер қазақстандық жұмысшыны өз кәсiбiне төнген қауiп ретiнде қарап отыр. Теңiзшевройлдағы осыдан бiрнеше жыл бұрынғы түрiктер мен отандық жұмысшылар арасындағы қақтығыстан соң бiршама уақыт өтсе де, жалақыдағы теңсiз­дiктiң таразысы теңгерiле қойған жоқ.
13 шілде 2010
БҰҒАН БАСҚА БАНКТIҢ КЛИЕНТТЕРI ДЕ ҚАТЫСА АЛАДЫ
Осыдан бiрнеше жыл бұ­рын, дәлiрек айтсақ, дағдарыс әлi бастала қоймаған кезде жұрттың банктерден оңды-солды ала-құла несие алғаны рас. Бiрақ көп ұзамай алқымнан алған дағдарыс халық қалтасын қақты. Бұл аздай, бiреулер қысқартуға ұшырап, ендi бiрi жұ­мысынан айырылып, күн­делiктi табысынан қа­ғылды. Сөйтiп, көпшiлiк банктерден бұрынырақта алған несиесiн қайтара алмай, әуре-сарсаңға түстi. Осылайша несие өтеуге төлем қабiлетi жетпеген жұрт банктерден түрлi жеңiлдiктер сұрай бастады. “Несие ставкасы төмен­детiлсе екен”, “несие мер­зiмiн ұзартуға бола ма?”,
13 шілде 2010
СЫРТҚЫ ҚАРЫЗ КӨБЕЙДI
Елiмiздiң сыртқы қарызы көбейе түстi. Ұлттық банктiң кеше таратқан мәлiметiне қарағанда, Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы I тоқсанның аяғына қарай 2009 жылдың осы кезеңiмен салыс­тырғанда 5,8 пайызға өскен. Сөйтiп, сыртқы қарыз 110,7 миллиард долларға жетiптi. Мұның iшiндегi фирмааралық берешек – 51163 миллион доллар. Фирмааралық берешектi есепке алмағанда, Қазақстанда әрбiр адамның басында 3701,9 доллар қарызы бар. Ал жалпы сыртқы қарыз
8 шілде 2010
Сонымен, Астанада өткен ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесiнде кедендiк одақтың тағдыры бiржолата шешiлдi. Беларусь пен Ресейдiң мұнай мен мұнай өнiмдерiне салынатын баж салығына қатыс­ты ортақ келiсiмге келе алмағанына қарамастан, кедендiк кодекс қабылданды. Сөйтiп, кедендiк одақ толық күшiне ендi. Ендi Беларусь, Ресей және Қазақстан ортақ кедендiк территорияға айналды. ЕурАзЭҚ кеңесi аяқталғаннан кейiн-ақ ресейлiк басылымдар Беларусь пен Ресейдiң арасындағы дау-дамай кедендiк одақтың iшiнде жалғасатынын айтып, жар салып жатты.
6 шілде 2010
Кедендiк одаққа Беларусь та қосылды
Кеше Астанада ЕурАзЭҚ-тың мемлекет басшылары деңгейiндегi мемлекетаралық кеңесiнiң отырысы өттi. Осы жиында кедендiк одақтың тағдыры бiржолата шешiлдi. Бұған дейiн кедендiк одаққа бiрде кiремiн, бiрде кiрмеймiн деп қалыңдықша сызылып, Мәскеудiң қитығына тиген Беларусь президентi сенбi күнi кедендiк кодекстi ратификациялағанын мәлiмдедi. Кедендiк одақты саудаға салып, әбден қипақтаған Лукашенконың Астанаға келу-келмеуi де соңғы күнге дейiн белгiсiз болып келген. Алайда сенбi күнi Беларусь президентiнiң баспасөз қызметi Лукашенконың Астанаға келетiнiн хабарлады.
беттер:1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7»