1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №92 (16174) 16 қараша, сәрсенбі 2016
16 қараша 2016
Асқанбайлар
ЕКI ЖЫЛ IШIНДЕ ӨТЕМҰРАТОВ 200 МЛН,
ҚҰЛЫБАЕВ 300 МЛН ДОЛЛАРҒА БАЙЫҒАН FORBES.KZ САЙТЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 50 БАЙДЫҢ ШЕРУIН ЖАРИЯЛАДЫ
Көш басында 2 млрд 400 млн долларымен 58 жастағы Болат Өтемұратов тұр. Болат Өтемұратов Forbes журналының әлемдегi ең ауқатты адамдар туралы рейтингiсiнде Қазақстаннан кiретiн бес дәулеттiнiң бiрi. Осыдан екi жыл бұрынғы осы журнал жасаған рейтингте 2,2 млрд долларымен 796-орыннан табылған едi. Екi жыл iшiнде оның табысы 200 миллионға көбейгенiн көремiз. Ол –  “Верный Капитал” компаниясының басшысы. Вена мен Мәскеудегi Ritz-Carlton қонақүйiнiң иесi.  Сондай-ақ ақпараттық-сараптамалық  Informburo.kz интернет-порталы мен “31 арнаның” да қожайыны. Бизнесмен сонымен бiрге  ITF Халықаралық теннис федерациясы директорлар кеңесiне мүше, Қазақстандағы теннис федерациясын басқарады. “Асыл-Мирас” атты қайырымдылық қоры бар.
Елу байдың екiншiсi – 2 млрд 100 млн доллар жинаған Н.Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев.  Тимур Құлыбаев зайыбы Динара Құлыбаева екеуi “АЛМЭКС” АҚ холдниг тобы арқылы Халық банктi басқарады. Осыдан екi жыл бұрын­ғы мәлiметте (Forbes журналы) бұл жұптың 1,8 млрд доллар байлығы болған едi. Содан берi өткен екi жыл iшiнде олар 3 млн доллар табысқа кенелген. Халықаралық рейтингте олар 988 орынға иелiк етедi. Бұлардың құзырында сондай-ақ “Фирма “АЛМЭКС Плюс” ЖШС-нiң,  “Кипрос” ЖШС-нiң, “Mercury Properties” ЖШС-нiң, “Аксайгазсервис” АҚ-ның, “Viled Group” ЖШС-нiң,  “Viled Fashion” ( Saks Fifth Avenue сауда желiсi) ЖШС-нiң қазақстандық активтерi бар.  Тимур Асқарұлы “Атамекен” кәсiпкерлер палатасын басқарады. Елу байдың алғы шебiндегi Т.Құлыбаев қазiр 50 жаста.
Үшiншi бай – Владимир Ким. 55 жастағы Владимир Ким 1 млрд 700 млн  АҚШ долларына ие. “Қазақмыс Корпорациясы” ЖШС-нiң 70 пайыз үлесi Кимнiң қолында.  Былтыр оның қаржысы 1 млрд 800 млн доллар болған едi. Ал Forbes журналының халықаралық тiзiмiнде екi жыл бұрын 1,65 млрд долларымен 1078 орында болған.
Төрдегi дәулеттiлердiң төртiншiсi – Дiнмұхамет Ыдырысов. 51 жаста. Ыдырысовтың байлығын аталған сайт 479 млн доллар деп көрсетiптi. Ыдырысов “Алма-ТВ” ЖШС-нiң 100 пайыз, “Казазот” ЖШС-нiң 30 пайыз, “Bank RBK”-нiң 9,68 пайыз, “Страховая компания Amanat” АҚ-ның 100 пайыз, “Актюбинский завод нефтяного оборудования” АҚ-ның 29,9 пайыз акциясына ие. “Дом мамы” қайырымдылық жобасына қатысушылардың бiрi.
Рейтингтiң бесiншi сатысы 37 жастағы Кеңес Рақышевке бұйырған. Qazkom-ның 71,31 пайыз акциясына тiкелей бақылау жасайтын iскер жiгiттiң қалтасындағы қаржы көлемi 718 млн доллар көрiнедi.  “7 канал” дейтiн телеарнаның қожайыны атанған Рақышевтiң “Magnum Cash & Carry”, SAT & Company, “Страховая компания Standard”,  Central Asia Metals Plc Net Element,  SAT & Company және Net Element атты бизнестiк құрылымдарға қатысы бар. ҚР дзюдо Федерациясының президентi.  “Дом мамы” жобасына  да тұрақты ат салысып тұрады екен. К.Рақышев И.Тасмағамбетовтiң күйеубаласы екенiн ескерте кетейiк.
Алтыншы алпауытыңыз – 63 жастағы Алиджан Ибрагимов. 1 млрд 800 млн долларды қалтасына басқан Алиджанды аталған сайт неге алтыншы орынға қойып отырғанын түсiне алмадық.
350 млн АҚШ долларымен Қайрат Боранбаев жетiншi орынға жетiптi. 50 жастағы Қайрат Боранбаев Қазақстан мен Белоруссиядағы McDonald’s-тiң франчайзi.   “Phystech II” мұнай АҚ-ның 30 пайызы, “Esentai Mall” сауда орталығының 50 пайызы,  “Esentai Towers” бизнес орталығының 50 пайызы, “Рахат Палас” қонақ үйiнiң 50 пайызы соның қолында.  Медеу аңғарындағы  “Medeu Resort”  қонақ үй кешенi де Қайратқа қарайды.  “Кемикал” мұнайхимия компаниясына да қожалық етедi. Қ.Боранбаев Д.Назарбаеваның “туған” құдасы екенi әмбеге аян.
Сегiзiншi орындағы серкемiз – Рашит Сәрсенов. 68 жаста. 669 000 000 доллардың иесi. “Новое поколение” басылымының қожайыны.  Vita деп аталатын ауыз суды шығаратын (тазалап шығаратын) Сәрсеновтiң компаниясы Gelios жанармай стансаларының қызметiне де бақылау жасайды. Опа-далап, иiссулар брендiмен аты шыққан “Французский дом” сауда үйi де соған қарайды.
Былтырғы шеруде 7-сатыда тұрған Нұржан Сұбханбердин алғашқы ондықты жауыпты. Қазақстандағы бизнесiнiң бiразын сатуға мәжбүр болған ол қазiр шетелде деген дерек бар. Айтпақшы, Forbes.kz сайтының шеруiнде 9-орынға 38 жастағы Дәурен Жақсыбек жайғасыпты. Оның байлығы 486 млн доллар екен. Дәурен Жақсыбектiң түп-тамырын бiлетiн шығарсыздар. ҚР президентi әкiмшiлiгiнiң басшысы Әдiлбек Жақсыбековтiң баласы. Ол 2015 жылдың 14 желтоқсанында “Цеснабанк” АҚ-ның директорлар кеңесiнiң төрағасы болып сайлан­ған.
Г.Қапан
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті