1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (16177) 28 қараша, дүйсенбі 2016
29 қараша 2016
ӨЗБЕКТЕН ДЕ АРТТА ҚАЛДЫҚ...
1995 жылдан бастап Қазақстан экономикасы 262 пайызға өсiптi. Осы уақыт iшiнде Өзбекстанның жалпы iшкi өнiмi 350 пайызға артқан.  ТМД-ның статкомитетi сайтында тәуелсiз мемлекеттер достастығы елдерiнiң жаңартылған макроэкономикалық көрсеткiшi жарияланды. Экономикасы шарықтап дамыған елдердiң көшбасшысы “қара маржанға” аса бай ел – Әзiрбайжан. Бұл елдiң экономикасы 1995 жылдан бас­тап алты есе өсiптi. 20 жылдағы ЖIӨ өсiмi бойынша екiншi орынды Армения иеле­нiптi. Бұл елдiң өсiмi 450 пайызға бағаланған. Үшiншi орында өзбек ағайындар тұр. Олардың шаруашылығы осы жылдар iшiнде 350 пайызға артқан. Бiз мұр­нымызды шүйiре қарайтын Қырғызстан мен Тәжiкстанның көрсеткiшi де тәуiр. Олардағы өсiм сәйке­сiн­ше, 269 және 234 пайыз. Өсiмi өте төмен елдер ретiнде Ресей, Молдова мен Украина аталған (177, 173, 107 пайыз).
Мұнайға ғана емес, уранға, көмiр мен газға, жалпы тау-кен өндiрiсiне аса бай, экспортқа астық, ұн жiберетiн бiздiң Қазақстанның көрсет­кiшi тiптен төмен. 1995 жылдан берi бiздiң төл экономикамыз небәрi 262 пайыздық өсiмге ие болыпты. Сөйтiп, бiздiң мақтангөй шенеунiктер­дiң “бәрi керемет” деп ақпар беретiн шикiлiгiн нақты статистика, қорытынды көрсеткiш көрсетiп бердi.
Осыдан он-он бес жыл бұ­рын қазақтiлдi журналистер: “Түбi Өзбекстан мен Қырғызстан бiздiң елден озады”, – деп жазғанда бұл пiкi­р билiк­ке ұнамаған. Ендi арада 25 жыл өткенде осы болжам шын­­дыққа айналып жатыр. Жалған ақпар берiп халықты, мемлекет басшысын алдайтын шенеунiктердi жауапқа тарту керек. Статистика дегенiңiз ойыншық емес, ол – бiз өмiр сүрiп отырған қоғамның айнасы. “Орталық Азияда көшбасшы мемлекетпiз” деген өтiрiк­тiң ойда-жоқта арты ашылып қалды. “Өтiрiктiң өрге бастырмайтынын” ескерсек, бұл бiз­дiң алғашқы жығылуымыз болмайды. Өзбектiң көлiгiн мiнiп, қырғыздың киiм-кеше­гiне қа­рап қалған күнiмiз ертең не болмақ?
Гүлзат Нұрмолдақызы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті