1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №98 (16180) 7 желтоқсан, сәрсенбі 2016
7 желтоқсан 2016
«Жiгiт» «қызға» сенбейдi…
Сейсенбiдегi үкiмет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiктi қолдау тұрғысында кешендi шаралардың атқарылып жатқанына қарамастан, инвесторлардың бiрлескен жобаларды жүзеге асыруға асықпай отырғанын мәлiмдедi және жекешелендiрiлуге тиiстi 300-дей жобаны ұзатылатын қызға теңедi. Өкiнiшке қарай, “қыз дайын, бiрақ алатын жiгiт жоқ”. Осылай деген Б.Сағынтаев аталған жобаның қаншама жылдан берi сөз болып келе жатқанына қарамас­тан, тек жоспар күйiнде қалып қойғанына қынжылды. Айтуынша, мемле­кеттiк-жекеменшiк әрiптестiктi жүзеге асыру бойынша нормативтi-құқықтық база қалыптасқан, аймақтарға дербестiк берiлген. Сонда да жұмыс жүрмедi. “Бәлкiм, мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптес­тiк аясында әлеуметтiк салада жұмыс iстегiсi келе­тiн инвесторларды тағы да жинап, оларға не кедер­гi болып жатқанын, қандай өзгерiстер енгiзу қа­жеттiгiн сұрау керек шығар”, – деген премьер-министр үкiмет мүшелерiне жұмысты жеделдетудi тапсырды. 
 
Аталған жиында Бiлiм және ғылым министрi Е.Сағадиев жекеменшiк балабақшалардың тәрбиешiлерiн мемлекет есебiнен оқытуды көз­дейтiнiн хабарлады. Оның мәлiметiнше, елiмiздегi 9,5 мың мектепке дейiнгi меке­менiң 2,5 мыңы жекеменшiкте екен. Ал мемлекеттiк және мемлекеттiк емес балабақшаларда жұмыс iстейтiн тәрбиешiлердiң 65 пайызының педагогикалық бiлiмi жоқ көрiнедi. Бұл ретте, Б.Сағынтаев балабақшаларға қатысты жұмыстың iлгерiлегенi жақсы екенiн айтты. Сонымен қатар, 2017-2019 жылдар аралығында мектепке дейiнгi 1630 мекеме ашу жоспарлан­ғанын айтып, “осы уақыт iшiнде солардың тым болмаса жартысын мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiкке кө­шiрсек, ол – үлкен қадам болар едi”, – дедi. 
Үкiметтiң бұл отырысында “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төр­ағасы Өмiрзақ Шүкеев қордың еншiлес компанияларының негiзгi актив­терi IPO арқылы жекешелен­дi­рiлетi­нiне және оның кес­тесiне тоқталды. Мәселен, “Эйр Астана” IPO-ны 2017 жылдың аяғында немесе 2018 жылдың бiрiншi жартысында жүзеге асыруды жоспарласа, “Қа­зақтелеком” мұны 2017 жылдың соңына қарай атқармақ. Бүгiнде компанияның 49%-ы жеке меншiкте. “Қазатом­өнеркәсiп” компа­ния­сында  IPO 2018 жылдың бi­рiншi жартысында жүргi­зiлiп, акциялардың 25%-ы сатылады. 2019 жылы “Қазпошта” акцияларының 49%-ға   жу­ығы сатылым­ға шығады. Ал ҚТЖ компания­сының акцияларын сату 2020 жылға орай­лас­тырылған.
“Бiз сонымен бiрге “Qazaq Air” және “Тау-Кен Самұрық” компанияларын да дайындаймыз. Ал IPO-ға бiрiншi болып бiздiң “Эйр Астана”, “Қазақтелеком” және “Қазатомпром” компаниялары шығады”, – дейдi Өмiрзақ Шүкеев. Бұл орайда, акциялары сатылым­ға шығарылатын компаниялардың тарифтiк құрылымы мен басқару негiзiн өзгерту жоспарлануда. Ө.Шүкеевтiң пiкi­рiнше, бұл компаниялардың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшiн қажет.
Оқырманға түсiнiктi болуы үшiн ендi мынаған тоқтала кетейiк. Жалпы, мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк деген не? Ол не үшiн қажет? Бiр анығы, бұл арада кәсiпкер зор маңыз­ға ие. Инновациялық шараларды жетiлдiруге және оны өз кәсiпорнына енгiзуге ең алдымен мүдделi болатын да – оның өзi.
Алайда бiздiң отандық кәсiпорын­дардың инновациялық белсендiлiгi төмен. Жеке бизнестi ынталандыру және оны инновациялық процеске тарту үшiн мемлекет жеке инвестицияның құйылуын ынталандыру, инвесторлар үшiн ғана емес, отандық технологияларды өндiрiске енгiзушi компаниялар үшiн де салықтық жеңiлдiктер қарастыру, тапсырыс берушi-инвесторлар үшiн салықтық жеңiлдiктер жүйесiн заңдық тұрғыда бекiту сияқты бiр­қатар кешендi шараларды атқаруы тиiс.
Бұл әрiптестiк негiзiнде жекемен­шiк сектор үшiн жаңа инвестициялық арна ашылып, сәйкесiнше, жаңа табыс көздерi, iрi жобаларға қатысу мүм­кiндiктерi молаяды. Алайда бұл тарапта мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптес­тiктi реттеу, жобаларды жоспарлаудағы тәжiрибе жетiмсiздiгi, инвесторларды iрi жобаға тартудың қиындығы тәрiздi, елге аян бiрқатар мәселелер бар. Бұл Қазақстан үшiн айтарлықтай жаңа тұжырымдама болғандықтан да, бүгiнде жұмыс iстеп тұрған жобалар көп емес. Олар, негiзiнен, көлiк инфраструктурасы саласында жүзеге асырылуда. Дамыған шетелдердегi сияқты, мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптес­тiктi денсаулық сақтау мен оқу-ағарту салаларында қолдану жағы кемшiн.
Қазiр 300-ге тарта компанияның ұзатылатын қыз кейпiнде тұрғанын айт­тық. Бұған дейiн де “КЕГОК”, “ҚазМұнайГаз”, “КазТрансОйл”, “Газпромм” компаниялары акцияларының да бiраз бөлiгi сатылымға шыққан. Сол мезетте жаппай насихатталған “Халықтық IPO” жобасы қарапайым жұрттың жиған-тергенiн сақтап қана қоймай, еселеуге мүмкiндiк беруге тиiс болған. Бiрақ қаржылық сауаттылығы төмен халық, мұндай өте нәзiк әрi күрделi ойыннан пайда таба қоятынына сенiңкiрей бермейдi. Оңай олжаның жолда жатпайтынын бiлетiндiктен де, “Бұл не қылған батпан құйрық?” деп жатырқай қарайды.
Акцияларды сатылымға алғаш рет шығару компаниялар үшiн де қауiптi екенiн сарапшылар жоққа шығармайды. Биржалық және валюталық тәуекел IPO-ға қауiп-қатер төндiрмес үшiн олар әдетте нарықтағы ең жайлы, тыныш мезгiлдi таңдайды. Ал теңгенiң құнсыздануы, инфляцияның өсуi қат-қабат келiп отырған қазiргi уақытты Қазақстан экономикасындағы қолайлы кезең деп айту қиын. Осының бәрi қосыла келе, инвесторларды да, қарапайым халықты да мазасыздануға мәжбүрлейдi. Мұндай жағдайда мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк жобасының жедел және жемiстi түрде жүзеге аса қоюы екiталай.
Қорыта айтқанда, дәл бүгiнгi таңда бұл шараға қарапайым халық та, компаниялардың өздерi де толық да­йын емес. Оны жүзеге асыру үшiн уақыт қажет әрi нақты жағдай туғызылуы тиiс.
Н.ҚОҢЫР
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар