1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №99 (16181) 13 желтоқсан, сейсенбі 2016
13 желтоқсан 2016
Астананы алақан жайып...
Бiрде мен Астананың жаңа келбетiн көрiп қуанып, таң-тамаша болып тұрғанымда, жанымдағы әрiп­тесiм: “Қазiргi президент бiр-ақ қала салды, ал Қонаев кезiнде 19 қала сал­ған”, – дедi. Шынында да солай ғой. Бiр қаланың өзiн де өзiмiз салмаппыз. Өзгелер­дiң ақшасына салыппыз. Бұл туралы “25KZ. Жаңа тарих” деректi фильмiнде прези­денттiң өзi айтып бердi.
 
“Бәрi ұмытып та қалды. Мәселен, сенат ғимараты. Ол арабтардың ақшасына салынды. 15 млн долларды Сұлтан ханзада сыйлаған. Ол бiзге кiшiгiрiм кардиоорталықты да сыйға тартты. Үкi­мет ғимараты – бұл мұнай компаниялары консорциумының пұлы. Мен олардан 25 млн доллар беруiн сұрадым, Астана қаласын салып жатқанымызды айттым... Ку­вейт­тiктер бiзге әкiм­дiк құру үшiн 15 млн доллар бердi”, – дедi президент.
 
Мемлекет басшысы “Салтанат сарайының”  Оман билеушiсi берген 10 млн долларына салынғанын да жасырмады.
“Осылайша, түрiк компаниялары мен өзгелер бiзге көмектестi. Бұл шамамен 300 млн доллар едi. Мұның бәрi iрi инвестициялар”, – дей­дi президент.
 
Мемлекет басшысының осы сөзi­нен-ақ, Астананың “картинасы” ашылады. Өзi­нiң айтқан цифрларын қосып жiбергенде 365 миллион доллар шыға келедi. Бұған бюджет қаражатын қосыңыз. Мемлекеттiк, ұлт­тық ком­паниялардың ақшасы және бар. Сонда бiр ғана Астананың құрылысына, сән-салтанатына қаншама қаржы жұм­салған?
Әрине, Астананың құлпырып-көркеюiне бiз қарсы емеспiз. Бiрақ Астана үшiн өзге қалалардың “қанын” (бюджетiн деп түсiнiңiз)  сү­лiктей сорып, құрбан етудiң қажетi қанша? Астанамен бiрге неге Арқалық, Жез­қазғ­ан, Семей, Қаратау, Кен­тау, Жаңатас құлпырмайды? Неге осы қалалардан өндiрiс ошағы ашылмайды?
 
25 жылдың iшiнде бiз бiр қала тұрғызамыз деп қалғанын құрбандыққа шалып жiбергенiмiздi жұрт көрiп-бiлiп отыр. Астананың абыройын асқақтатамыз деп жүргенде басқа шаһар атау­лының тыр-жалаңаш қалатын түрi бар. Соның бiрi – Алматы. Алматының донор шаһар екенi белгiлi. Тапқан табысының бiраз бөлiгi республикалық бюджетке құйылады. Соның салдарынан ме­га­по­листiң шеткерi аймақтарының күйi керi кетiп жатыр. Мысалы, “Қалқаман” ық­шам ауданының халқы жол азабын әлi тартуда. Көптеген көшелерге тас жол тө­сел­меген. Соның салдарынан қыста қарға, жазда суға бөккен халық мұң-зарын кiмге жеткiзерiн бiлмей, дал. Бiр ғана “Қалқаман” жұрты емес, басқа да ықшам ау­дандар халқының бiрi судан таршылық көрiп отырса, ендi бiрi жарыққа қол жет­кiзе алмай, сандалып жүр.
Осыдан кейiн мынадай ой туады: Астананың құрылысына ақшаларын аямай, сытырлатып санап берген арабтар мен түрiктерге тағы алақан жайып, Алматының да ахуалын неге түзеп ал­мас­қа... Бұған бiздiң прези­денттiң беделi жететiн се­кiлдi.
Г.ҚАПАН
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар