1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №104 (16186) 29 желтоқсан, бейсенбі 2016
29 желтоқсан 2016
1 пайыздық өсiммен тоқсаныншы жылдардың деңгейiне түстiк

“ИМАНЖҮЗДIЛЕУ” ИНФЛЯЦИЯНЫ ҚОЛДАН ЖАСАҒАН СЫҢАЙЛЫ
Кейбiр сарапшылардың жазуына қарағанда, 11 айдың қорытындысы бойынша экономика 0,8 пайызға өскен. Ал ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев “өсiм жыл соңына дейiн 1 пайызға жетуi ықтимал” деп топшылайды. Жарайды өсiм 1 пайыз-ақ бола қойсын. Сонда осы ауыз толтырып айтатындай көрсеткiш пе? Мамандар 1 пайыздық көрсеткiш өткен ғасырдың 1994-1995 жылдары болғанын жазады. Осыдан бiздiң ұлттық экономика тоқсаныншы жылдардағы деңгейге түстi деуге негiз шығады. Айтпақшы, мемлекеттiң қолдауынан кейiн экономика 1 пайыз өсiмге қол жеткiзген. Қолдау болмаған жағдайда, -2 пайыздық көрсеткiшпен төмен құлдилайтындай-ақ деңгейде тұрған. “Иманжүздiлеу” инфляцияны үкiмет қолдан жасағандай. Өйткенi жыл басында жорамалданған межеден көрiндi. Ресми көрсеткiш – 6-8 пайыз. Әрине бiз экономист емеспiз, әйтсе де бiздiңше, нақты көрсеткiш одан да жоғары секiлдi. Себебi бұрын 10 мың теңгеге айтарлықтай азық-түлiк алатын едiк. Қазiр 10 мың теңгеге бiр қап ұн (50 келi), 5 литр сұйық май және 1 келi сиыр етiн ғана аласыз. Осыған қарап-ақ инфляция деңгейi 10 пайыздан асып кеттi ме деп топшылаймыз.
Қаңтар-қараша арасында тұтынушылық баға 7,5 пайызға өскенiн ескерсек, инфляция деңгейiн “тұсаулап” ұстағанымыз көзге анық көрiнедi.
Бiзде әлеуметтiк салада өзгермейтiн бiр көрсеткiш бар. Ол – жұмыссыздық деңгейi. Қателеспесем, соңғы 10 жыл көлемiнде осы 5 пайыздық меже көрсетiлiп келедi. Жұмыссыздар саны не көбеймейдi, не азаймайды. Сенсеңiз де, сенбесеңiз де осы.
Сонымен биыл экономикаға үкiмет 1,7 трлн теңге (5 млрд доллардан артық) инвестиция құйған. “Нұрлы жол” мемлекеттiк бағдарламасы және дағдарысқа қарсы iс-шара аясында осыншама қолдау қаржысы бөлiнген. Егер бұл қаржы бөлiнбегенде, шынында да тақыр жердi сипап қалар едiк.

ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫҢ ТҮБIН ҚОТАРУҒА ЖАҚЫНБЫЗ
Мамандар биыл экспорт пен импорттың құлдырағанын айтты. Экономикалық сарапшылардың бiрi экспорт 31,7 пайызға азайғанын айтса, келесiлерi 25 пайызға кемiген деуде. Импорттың азайғанына қуануға болатын шығар, әйтсе де алыс-берiстiң кемiгенi экономикаға жағымды әсер етпейдi. Сарапшылар импорт көлемi 28,4 пайызға кемiген деген дерек келтiредi. Есесiне, Ұлттық қордың қаржысын “қарқынды игерiп жатырмыз”. Егер дәл осындай деңгеймен кете берсек, онда алдағы 5 жылда бұйырса, қордың түбiн қотарамыз. Қаржы сарапшылары осыны айтып, зар қағуда. “Үкiмет қазiр қорға түсiп жатқан түсiмдердi емес, негiзгi қаржы көзiн пайдаланып жатыр. Бұл – дұрыс амал емес. Егер бұған тоқтау болмаса, онда алдағы 4-5 жылда Ұлттық қордың қаржысын тауысамыз”, – дейдi экономист Ердос Айтуғанов.

ИГIЛIКСIЗ ИНВЕСТИЦИЯ
Қаңтар-қарашада экономикаға құйылған жалпы инвестицияның көлемi 6 трлн теңге. Мемлекеттiң үлесi – 1,7 трлн. Шетелдiк инвесторлар 4,05 трлн теңге инвестиция әкелген. Мамандар отандық экономикаға тартылған жекеменшiк қаржы көзi көрсеткiшiне төмен баға бередi. Биыл небәрi 250 млрд теңге жеке инвестиция құйылыпты. Бұл жалпы көрсеткiштiң 4-ақ пайызы. Демек, жекеменшiк бизнестiң қолында инвестициялайтын ақша жоқ деген сөз. Ал шетелдiктер болса, әдеттегiдей шикiзат саласына шетел валютасын әкеледi. Оларды да түсiнуге болатын шығар, себебi, тұрақсыз теңгемен жұмыс iстеу қауiптi. Шетел валютасымен келген инвестиция күнi ертең өнiмдi, тауарды осы валютада саудалауға әрекеттендiредi. Одан ұлттық экономикаға пәлендей пайда болмасы анық.

КӘСIПКЕРЛЕР ДЕВАЛЬВАЦИЯНЫ КҮТIП ЖҮР
Биыл баспасөзде “92 мың кәсiпорын жабылды” деген ақпар көп кездестi. Бұған сенуге бола ма, болмай ма? Осы сауалды “Жас Алаш” Кәсiпкерлердiң тәуелсiз қауымдастығының вице-президентi Тимур Назхановқа қойды: “Бiзде статистика дұрыс жасалмайды. Мұның сырын мен көптен берi айтып жүрмiн. Жұмысын тоқтатқан кәсiпорындар “жабылды” деген анықтама алу үшiн бiршама әуреленедi. Тиiстi мекемелер кәсiпкерлердi сандалтады, жүгiртедi. Сондықтан олар жұмысы тоқтап қалған өндiрiстi жабуға асықпайды. Қазiргi қолданыстағы заң 5 жылға дейiн емiн-еркiн жүруге рұқсат бередi. Мiне, осындай кәсiпорындар жабылғандардың санатына қосылмайды. Демек, статистикаға да iлiкпейдi. Менiңше, 92 мың кәсiпорынға тағы да осындай көрсеткiштi қосу керек. Сонда нағыз саны шығады”, – дейдi ол.
Ал “шағын және орта бизнестiң қазiргi ахуалы қалай?”, – деген сұрағымызға Тимур Күзекұлы: “Жағдай қиын. Нарықтағы орта, ұсақ кәсiп иелерiн былай қойғанда, үлкен компаниялардың өзi жабылуда. Мысалы, құрылыс нарығында 20 жылдан астам тәжiрибесi бар “Имсталькон” деген компания жабылып жатыр. Көп жағдайда тапсырыс берушiлер оның iшiнде әкiмшiлiктер де бар, жұмысты iстетiп алып, ақшасын төлемей кетедi. Бұдан басқа, қазiр кәсiпкерлер әрi-сәрi күйде. Оларды девальвация болып қалса, қайтемiз деген ой көп мазалайды. Мемлекет шағын және орта бизнеске көмектеспесе көмектеспесiн, бiрақ бiздi жайымызға қалдырсын деген түсiнiк бар. Мемлекет соны да жасамай отыр ғой”, – деп жауап бердi.

БЮДЖЕТТIҢ БЕЛI ҚАЙЫСА МА?
Биылғы бюджеттiң кiрiсi – 3 трлн 600 млрд теңге болды. Шығысы – 7 трлн 200 млрд теңге. Мамандар бюджеттiң 50 пайызы ештеңемен қамтамасыз етiлмегенiн айтады. Экономикада игерiлмеген 365 млрд теңге тағы жатыр. Келер жылдың бiрiншi қаңтарында зейнетақы мен жәрдемақыны iшiнара көбейту тапсырмасы тағы бар. ЭКСПО-2017, Универсиада ойындары сияқты iрi халықаралық iс-шараларды өткiземiз. Осының бәрiне экономика шыдас берсе, онда тырбаңдап алға жылжи беремiз.

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті