1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
16 ақпан 2017
Экономикада өсiм аз, құлдырау басым

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ШЫНАЙЫ ДЕҢГЕЙI – 15 ПАЙЫЗ

 

Қазақстан кәсiпкерлерiнiң ұлттық палатасы 2016 жылға жасаған макроэкономикалық шолуын ұсынды. Осы шолу қорытындысына сарапшылар екi түрлi баға бердi. Бiр жағынан алып қарағанда, төл экономикамызда аз да болса өсiм көзге шалынады, екiншi жағынан бiрқатар маңызды салада көрсеткiштер кәдiмгiдей құлдырағанын байқаймыз әрi елiмiздiң қоры кемiп бара жатқанын цифрлар ақылы көргенде көңiл-күйiңiз түсетiнiн жасыра алмаймыз.
Cонымен, жыл қорытындысында Ұлттық экономика министрлiгiнiң алдын ала мәлiметi бойынша, 2016 жылы IЖӨ өсiмi 1 пайыз болғаны айтылады. Дейтұрғанмен, былтыр экономикада сәл-пәл өсiм болғанына қарамастан, сарапшылар соңғы үш жыл бойы өсiм ырғағының кемiп бара жатқанын жазып қынжылады.
Өткен жылғы IЖӨ өсiмiн құрылыс пен көлiк саласы және ауыл шаруашылығы қамтамасыз еткен. Есесiне, өндiрiсте құлдырау көрiнiс берiп, IЖӨ-нiң өсiмiне жағымсыз ықпал еткен. Мамандар ұзақ жыл бойы тек өсiм көрсеткiшiмен келе жатқан байланыс пен сауда саласының былтыр “керi кеткенiн” жазды. Назар аударыңыздар, 1998 жылдан берi тек артық табыспен келе жатқан байланыс саласының өсiмi 2 пайызға, ал сауда-саттықта 1 пайыз құлдырау байқалған.
Соңғы төрт жыл бойы өсiм ырғағының әлсiзденуiне қарамастан, IЖӨ өсiмiне түрткi болған тағы бiр сала ол – инвестициялар мен оны тұтыну базары. Iшкi сұранымның 47 пайызы инвестициямен, 29 пайызы үй шаруашылығын пайдалану шығындарымен және 23 пайызы мемлекеттiк сатып алулар есебiнен қамтамасыз етiлiптi. 2012 жылдың екiншi жартыжылдығынан бастап экспорт өсiмiнiң төмендеуi де таза экспорттың IЖӨ өсiмiне жағымсыз әсерiн тигiзуде.
Тағы бiр ерекше айтып өтетiн жайт, өткен жылғы инфляцияның деңгейi 8,5 пайыз көлемiнде көрсетiлiп жүр. Бұл үкiметтiң болжамынан 5 пайызға жоғары. ҰКП баяндамасында көрсетiлмесе де тоқталып өткен орынды, Ұлттық банктiң бұл көрсеткiшiне Еуропалық қайта құру және жаңғырту банкi күдiкпен қараған-тын. ЕҚЖБ Қазақстандағы инфляция деңгейiнiң екi есе төмен түсiрiлiп көрсетiлiп жүргенiн жариялаған едi. Бұл ендi құлаққа енетiн жағдай. Жұрт та ақымақ емес, инфляцияның қай деңгейге дейiн шарықтап кеткенiн сезедi.
Тағы бiр ерекше айтып өтетiн жайт, өткен жылғы инфляцияның деңгейi 8,5 пайыз көлемiнде көрсетiлiп жүр. Бұл үкiметтiң болжамынан 5 пайызға жоғары. ҰКП баяндамасында көрсетiлмесе де тоқталып өткен орынды, Ұлттық банктiң бұл көрсеткiшiне Еуропалық қайта құру және жаңғырту банкi күдiкпен қараған-тын. ЕҚЖБ Қазақстандағы инфляция деңгейiнiң екi есе төмен түсiрiлiп көрсетiлiп жүргенiн жариялаған едi. Бұл ендi құлаққа енетiн жағдай. Жұрт та ақымақ емес, инфляцияның қай деңгейге дейiн шарықтап кеткенiн сезедi.

ҰКП-ның сарапшылары тұтынушылық баға индексi құрылымындағы қымбатшылықтың ең алдымен азық-түлiкке тән екенiн жазады. Жалпы азық-түлiк 9,7 пайызға қымбаттаған. Оның iшiнде жарма түрлерi 31,1 пайызға, алкогольсыз сусындар – 125,8 пайызға, жұмыртқа – 120,3 пайызға және қант 17 пайызға қымбаттағаны айғақталған.
Назар аударарлығы, 2016 жылдың үшiншi тоқсанында жұмыспен қамтылған тұрғындар 37,2 мың адамға қысқарып, олардың көрсеткiшi 8 586,6 мың болған. Жұмыссыздық ауыл шаруашылығы еңбеккерлерi арасында (121,4 мың адам) және мемлекеттiк басқару саласында көбейгенi (30,7 мың адам) байқалған. Өзiн-өзi жұмыспен қамтамасыз етушiлер де 103,5 мың адамға қысқарып 2 225,4 мың адамды құраған. Бұл жалпы жұмыспен қамтылғандардың 26 пайызы. Жұмыссыздық деңгейi соңғы екi жыла 0,1 пайыздық пунктке көтерiлiп, 5,1 пайызға жеткен. Ұлттық палатаның бұрынғы өкiлi, қазiр тәуелсiз экономист-сарапшы ретiнде танылған Рақым Ошақбаев өткен аптада ғана Қазақстандағы шынайы жұмыссыздық деңгейi 15 пайызға жеттi деген шолу жасады. Сарапшының сөзiне қарағанда, қазiр 3,3 млн адамның тұрақты жұмысы жоқ. Оның 2,2 миллионы “өзiн-өзi жұмыспен қамтамасыз етушiлер”. Халық арасындағы 0,4 млн жұмыссыздар мен “белсендi еместер” деп “таңба басылған” 0,6 млн адам формальды түрде өзiн-өзi жұмыспен қамтушылар. Бұлар ресми мәлiметте жұмыссыздар деп танылмайды. Соның салдарынан елiмiзде жұмыссыздық деңгейi өзгермейтiнi белгiлi.

Тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтерi нарығында су тарифi 13,4, газбен қамтамасыз ету 10,4, электр жарығы 6,1 пайызға көтерiлген. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң мәлiметтерi бойынша, бұл салада баға өсiмi жалғасын табады. Биыл тарифтердiң орташа қымбаттауы былайша көрiнiс бередi: жарық бағасы 5,9 пайыз, суық су – 7,2, су тарту құны – 5,6, жылу – 10,2, суық су – 11,8 пайыз.
Сарапшылардың пайымынша, әлеуметтiк салада жаңа әдiстеменiң қабылдануына орай “өнiм бермейтiн өзiн-өзi жұмыспен қамтамасыз етушiлер” және жұмыссыздар ретiнде ресми есепке енбегендер “белсендiлер емес” категориясына жататындар екен. Мiне, осы амал жұмыссыздық деңгейiн елiмiзде 6,4 пайыздық өсiм орнына 5,1 пайыз шамасында қалуға түртi болған жағдайы бар.
Ұлттық палата өкiлдерi атап өткендей, соңғы екi жыл бойы жұртшылықтың жалақысы азайып жатыр. Өткен жылы оның көрсеткiшi 0,9 пайызға қысқарған. Ең көп табыс табатындардың көш басында әдеттегiдей өндiрiсшiлер, ал ең төмен жалақы алатындар ауыл шаруашылығы мен әлеуметтiк салада. Ең жоғарғы жалақы мен ең төменгiсiнiң арасындағы айырмашылық 200 мың теңгеден асады. Мамандардың айтуынша, бiлiм беру мен денсаулық саласында қызмет ететiндердiң еңбегiнiң төмен бағалануы сапалы адами капиталдың қалыптасуына керi әсерiн тигiзуде.
Сондай-ақ, Қазақстанның сыртқы сауда қызметi қатарынан үшiншi жыл төмендеп барады. Былтырғы 11 айда экспорт 22 пайызға азайған. Ал импорт өткен жылдың осындай мерзiмiмен салыстырғанда, 20,1 пайызға кемiген. Бұған қоса, 2010 жылғы көрсеткiшпен салыстырғанда, оның мөлшерi 2 есе құлдырағаны айқындалған.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерi арасындағы сауда айналымы өткен жылдың 11 айында 21 пайызға кемiптi. ЕАЭО елдерiне экспорт 3 480,6 млн доллар болған. Бiр жыл бұрынғы көрсеткiшпен салыстырғанда, 26 пайызға төмендеген. ЕАЭО елдерiмен импорт 8 465,1 млн долларды құраған. Көрсеткiш 18 пайызға құлдыраған. Мамандар Қазақстанның сыртқы сауда құрылымы өзге елдермен салыстырғанда әр тараптандырылуымен төмен екенiн айтып жүр. Экспорт көрсеткiшiнiң қысқаруына қарамастан, жалпы экспорт көлемiнде минералды өнiмдер үлесi өзгермей, 60 пайызды құрауда. Елiмiздiң халықаралық резервтерi Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтердi қоса есептегенде, 0,7 пайызға қысқарып, 90,8 млрд долларды құраған.
Сонымен Ұлттық кәсiпкерлер палатасының шолуында елiмiздегi экономикалық ахуал анау айтқандай мәз емес екенi жазылады. Өндiрiсте құлдырау басым. Жұмыссыздар легi жыл өткен сайын көбейiп келедi. Қаржылық қор кемуде. Биыл елiмiздiң алдында үлкен сын – ЭКСПО халықаралық көрмесiн өткiзу мiндетi тұр. Мамандар дәл осындай экономикалық көрсеткiштермен оны өткiзу әсте оңайға түспейтiнiн айтып жатыр.

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті