1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 21 ақпан, сейсенбі 2017
21 ақпан 2017
Бензин «БЕЗГЕГI»

Өткен аптада Алматыда 139-141 теңгеге (АИ-92) қымбаттаған бензин кейбiр жанармай бекеттерiнде 145 теңгеден сатыла бастады. Қымбат бензинге наразы халық әлеуметтiк тұрмыстың ауырлап бара жатқанын айтып, алаңдайды. Бiр қызығы, көлiк отыны бағасының күрт көтерiлуiн энергетика министрi Қанат Бозымбаев елiмiзде мәшине атаулының көбеюiмен байланыстырады. БАҚ-қа берген бiр түсiнiктемесiнде министр “Соңғы жылдары көлiктiң көбеюiне орай сұранысқа ие бензин түрi (АИ-92) жетiспейтiн деңгейге жеттi. Соның салдарынан бiз жоғары октанды бензиннiң 40 пайызын сырттан сатып алуға мәжбүрмiз”, – дейдi.
Өздерiңiз бiлесiздер, қазiр елiмiзде үш мұнай өңдеу зауыты жұмыс iстеп жатыр. Үшеуi де толық қуаттылығында жұмыс iстемейдi. Кейбiр сарапшылар мұны “лоббистердiң мүддесi” дейдi. “Әйтпесе, 25 жылдың iшiнде бiр емес, бiрнеше шағын мұнай өңдеу зауытын салуға мүмкiншiлiгiмiз болды. Бұл туралы бiз, сарапшылар үнемi айтып жүрмiз. Бiрақ жоғарғы жақ мұны қаперге алмайды”, – дейдi Олег Егоров “Жас Алашқа” берген түсiнiктемесiнде. Мұны бiр деп қойыңыз. Екiншiден, “қара алтынның” құлағында отырғандар шикi мұнайды өңдеуге емес, сыртқа айдауға құмар. Себебi одан түсетiн пайда мол. Үшiншiден, үкiметтегiлер бiздiң жалақымыз, әлеуметтiк-экономикалық жағдайымыз төмен бола тұра, “бензиннiң бағасы Ресеймен деңгейлес болуы керек” деген пиғылда. Министр Бозымбаев “бензиннiң әдiл құны – 150 теңге” дегендi Құдайдың құтты күнi айтады. “Әдiл бағаға” жету үшiн бiздiң жалақымыз да, зейнетақы да әдiл болуы керек қой. Өткен жыл соңында BRB Invest ЖШС директоры Ғалым Құсайынов: “АИ-92 бағасы нарық бағасына сәйкес келуi үшiн оның құны 145 теңге болуы керек. Бiрақ бұл жерде бiр шарт бар, мұндай жағдайда АИ-80 және дизельдi отынның бағасын тежеу қажеттiлiгi туындайды”, – деген едi. АИ-92-нiң құны қазiр нарықта 145 теңгеге таяп қалды. Есесiне АИ-80 маркалы бензиндi өндiрiстен алып тастағалы жатыр. Ал Astana Best Consulting Group компаниясының экономисi Арман Байғановтың сөзiне қарағанда, бензин бағасы 150 теңгеге көтерiлуi мүмкiн. Мұндай пiкiрдi ол былтырдан берi айтып жүр. “150 теңге дұрыс баға”, – дейдi ол. “Рубль бағамы жоғары болған сайын екi ел арасындағы баға айырмашылығы ұлғая бередi. Осы диспропорцияның орнын толтыру үшiн қазақ үкiметiне ерте ме, кеш пе отын бағасын өсiруге тура келедi”, – дейдi ол баспасөзге берген сұхбатында. Үкiмет мүмкiн жолдың бәрiмен баға өсiмiн тежегiсi келедi, бiрақ бұл көп жағдайда оң нәтижесiн бере бермейдi. Инфляцияның өсiмiн болашақта базалық мөлшерлеменi төмендету деңгейi тежеуi ықтимал, бiрақ мұның да экономикаға залалы басым”, – дейдi экономист Арман Байғанов. Қалай болғанда да, ел iшiнде бензин “безгегi” қоза бастады. Өкiнiшке қарай, дауасы табылмай тұр.

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті