1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 21 ақпан, сейсенбі 2017
21 ақпан 2017
Базалық мөлшерлеме төмендетiлдi

Кеше Ұлттық банк ( +/-1% көрсеткiшi бойынша) базалық мөлшерлеменi 11 пайызға дейiн төмендету туралы шешiм шығарды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев хабарлады. Бас банкирдiң пайымынша, мөлшерлемелер өтiмдiлiктi қамтамасыз ету операциялары бойынша 12 пайызды және өтiмдiлiкке қол жеткiзу үшiн 10 пайызды құрайды. Ұлттық банк мұндай шешiмдi сыртқы фактордың жағымды жағдайына байланысты қабылдады.
“Базалық мөлшерлеменi төмендету – әлемдiк мұнай бағасының 50 долларға дейiн көтерiлуiмен және жаһандық экономикалық басымдықтардың, сауда серiктестерiнiң шектеулi инфляциялық деңгейiнiң жақсаруына орай жасалды. Iшкi жағдайлар бойынша инфляция деңгейi бәсеңдедi. Халықтың девальвациялық көзқарастары оңалып келедi, банктердегi салымдар долларсыздана бастады”, – дедi Ақышев.
Алдағы уақыттағы шешiмдер қаржы секторындағы тұрақтылық пен iшкi сұраныстағы бастапқы факторлардың ырғағына байланысты қабылданады, – дедi Ұлттық банк төрағасы. Естерiңiзге сала кетейiк, 2017 жылдың 9 қаңтарында Ұлттық банк базалық мөлшерлеменi 12 пайыз деңгейiнде сақтау туралы шешiм шығарған-тын.


Г.Қапан

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті