1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (16202) 23 ақпан, бейсенбі 2017
23 ақпан 2017
Қазақтың күрiшi мен етi өтпей ме?

ТМД-ДА ЕЛIМIЗДIҢ АГРОЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТI ӘЛСIРЕДI

Бiздiң ел ТМД-ның азық-түлiк нарығындағы үлесiнен айырыла бастады. Қараңыздар, 2016 жылы достастық мемлекеттерге азық-түлiк экспорты 20 пайызға қысқарған. Бұл – шамамен 623 миллион доллар. Осыншама көл-көсiр дүние жоғалтып отырмыз. Мамандар экспорттың кемуiне басты себеп iргедегi Өзбекстан мен Тәжiкстан тарапынан сұраныстың азаюынан деген баға бередi.

Қазiр ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер мен тағам өнiмдерiн шығарушылар жоғалған экспорт есебiн қайтадан қалпына келтiруге тырысып жатыр. Десек те, мамандар өсiм ырғағы әлсiз күйiнде қалып отырғанын айтады. Өткен жылы мәдени дақылдар, ұн және еттiң жиынтық экспорттық бағасы 1,2 млрд доллар ғана болған. Бұл көрсеткiштi 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда, 2 пайыз ғана артық екенiн көремiз.
2013-2015 жылдары азық-түлiк экспортының бағасы тұрақты түрде төмендеген. 2015 жылы күрт құлдырау (25 пайыз) үрдiсi байқалған.
Тауар құнының артуы былтыр экспорт өсiмiнiң сәл-пәл көтерiлуiне ықпал еттi. Әйтсе де, мұны сарапшылар қарқынның күшейiп, жағдайдың жақсарғаны деп бағаламайды.
Мамандар бағадан бөлек, экспортқа шығатын тауарлар көлемiнiң артуы да өсiмге ықпал еткенiн жазады. Мәселен, сыртқа шығарылатын негiзгi 5 тауардың үшеуi өсiмдi қамтамасыз еткен. Оның бiрi – бидай мен қарабидайды сату, сондай-ақ ұн мен сұлы саудасы есебiнен өскенi айғақталды.


ОДАҚТА ДА ОҢБАЙ ТҰРМЫЗ
Ұлттық экономика министрлiгiнiң мәлiметiне қарағанда, 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерiмен арадағы сауда-саттық көлемi 13 583,5 млн доллар болған. Бұл көрсеткiш 2015 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда, 16,8 пайыз кем. Экспорт 23,5 пайызға, импорт 13,7 пайызға азайған.
ЕАЭО-ға шығаратын Қазақстан экспортын, негiзiнен, минералды өнiмдер (жiберiлетiн көлемнiң 33,4 пайызы) құрайды. Одан кейiн металдар, олардан алынатын өнiмдер (25,7 пайыз), химия өнеркәсiбiнiң өнiмi (19 пайыз), мал және өсiмдiк және дайын азық-түлiк өнiмдерi (10,8 пайыз) жiберiледi.
Ал ЕАЭО-дан Қазақстанға мәшине мен жабдықтар (ЕАЭО-ның жалпы импорт көлемiнiң 25,8 пайызы), минералды өнiмдер (16,8 пайыз), химия өнеркәсiбiнiң өнiмi (16,5 пайыз), металдар және олардың өнiмдерi (12,5%) келедi.

ҰН ҰНЖЫРҒАМЫЗДЫ ТҮСIРМЕЙДI
Бұдан бөлек Finprom сараптама қызметi ТМД елдерiмен арадағы сауда-саттық жөнiнде мынадай мәлiметтер бередi: 2016 жылы Қазақстан шетелге 4 млн тонна бидай жөнелткен. 2015 жылмен салыстырғанда, мұның 31 пайызға артық екенiн байқаймыз. Дейтұрғанмен, бiр жыл iшiнде жеткiзу көлемi небәрi 3 пайызға артқан. Бидай сату Қазақстанның азық-түлiк экспортының 52 пайызын қамтамасыз етедi. Бұл – шамамен 622 миллион доллар көлемiндегi табыс.
Ұн экспорты iс жүзiнде 37 пайызға ұлғайған, дегенмен ақшалай көрiнiсте небәрi 4 пайызға көбейгенi айтылады. Агроэкспорттың жиынтық құрамында ұн сату үлесi – 38 пайыз. (Көрсеткiш – 458 миллион доллар).
Сыртқа шығарылатын сұлы саудасы 2016 жылы 29 пайызға ұлғайған. Экспортқа 621 мың тонна өнiм жiберiлген. Мұны ақшаға айналдырғанда, 9 пайызға (88 миллион доллар) өскенiне көз жеткiземiз.
Есесiне күрiш сатудан түсетiн пайда өткен жылы 51 пайызға құлдыраған. Сонда бiз 14,5 миллион долларды жоғалтып отырмыз. Өндiрiсшiлерiмiз 58,5 мың тонна (– 6 пайыз) өнiм шығарыпты.
Өткен жылы етке сұраныс азайған. Сыртқы нарыққа небәрi 10 мың тонна ет (–3 пайыз) жөнелтiппiз. Одан қазынаға 15,5 миллион доллар (–22 пайыз) табыс түскен.
2016 жылы ТМД елдерiне өсiмдiк дақылдары мен азық-түлiк 20 пайызға немесе 155,6 миллион долларға кемiген. Мамандар, негiзiнен, Өзбекстанға экспорт азайғанын тiлге тиек етедi. Қазақтар өзбек ағайынның азық-түлiк нарығының 25 пайызына ие-тұғын. Бара-бара бұл көрсеткiш те азаятын сияқты. Сол сияқты, тәжiк елiне арналған экспорт мөлшерi де 20 пайызға қысқарғаны белгiлi болып отыр. Бұл жақтан бiз шамамен 42 миллион доллар түсiмдi жоғалтыппыз. Тәжiк нарығындағы үлесiмiз 14 пайыз екен.

ТМД-ДАН ТЫС – МЫҒЫМБЫЗ
ТМД-дан тыс экспорт керiсiнше өскен (+178 миллион доллар немесе 45 пайыз). Сарапшылардың пайымынша, өсiмдi Ауғанстанға жөнелткен өнiм көлемi қамтамасыз еткен (120 миллион доллар немесе 56 пайыз). Бiр ескеретiнi, елiмiз барлық түсiмдердiң 28 пайызын сыртқы нарыққа азық-түлiк сатудан түсiрiп отыр.

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ

  • Сiз не дейсiз?
    Тимур НАЗХАНОВ, Кәсiпкерлердiң тәуелсiз қауымдастығының вице-президентi: БҰҒАН IШКI-СЫРТҚЫ ФАКТОР ӘСЕР ЕТУДЕ
    – Қазақстанның экспорт-импортының төмендеуiне сан түрлi себеп-салдар бар. Бұған саяси-экономикалық, әлеуметтiк түйткiлдер керi әсерiн тигiзуде. Сонымен бiрге iшкi-сыртқы факторлардың ықпалы мол. Мысалы, Ресейге салынған санкциялардың да залалы тиюде. Өз iшiмiзде сан алуан мемлекеттiк бағдарламалардың жүзеге аспауынан, инфрақұрылымның жетiлмеуiнен де кедергi көп. Бiрiншiден, мемлекеттiк қолдауға көбiне iрi бизнес ие. Шағын және орта кәсiп иелерi сол iрi бизнестiң көлеңкесiнде қалып қойды. Қайта олар өркениеттi елдердегiдей көш басында жүруi тиiс едi. Бұған әр тараптандырылмаған экономиканың зияны тиюде. Екiншiден, бiр Одақта түрлi деңгейдегi экономика болғаннан кейiн ала-құла жағдай орын алады. Мұны да ескеруiмiз керек. Үшiншiден, Өзбекстан, тағы басқа елдер бiзден дайын тауар (ұн) сатып алғаннан гөрi шикiзат (бидай) алғанды құп көредi. Себебi, бұл арзанға түседi. Төртiншiден, әр мемлекет шамасы келгенше сырттан өнiм, тауар сатып алуды мейлiнше азайтуға тырысады. Өйткенi ең алдымен өз тауарын тұтынуға мүдделiлiк танытады. Мiне, осы және басқа да себеп-салдар нәтижесiнде бiздiң экспорт-импорттық әлеуетiмiз әлсiреуде.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (4)
Unknown | 23 ақпан 2017 11:14
Қызылорданың күріші нағыз палауға жарамайды.
Айдос | 23 ақпан 2017 20:47
Қызылорданың күріші нағыз палауға жарамайды.

Неге ішіңді тесе ма?
Unknown | 24 ақпан 2017 15:05
Қызылорданың күріші нағыз палауға жарамайды. Неге ішіңді тесе ма?
Иə, айызың енді қандыма?
Unknown | 25 ақпан 2017 00:55
Қызылорданың күріші нағыз палауға жарамайды.Неге ішіңді тесе ма?
Үйіңде қырқын беру, ас беру кезінде сол палау басатын аспаздан сұра, сенбесең ;)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті