1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (16202) 23 ақпан, бейсенбі 2017
23 ақпан 2017
Нұрбибi не деп жауап бередi?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) Қоғамдық кеңесi зейнетақы қорындағы 50 млрд теңгенiң темiр жол саласына бөлiнуiне түсiнiк беруiн сұрауды. Бұл туралы naryk.kz хабарлады. БЖЗҚ Қоғамдық кеңесi Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев пен БЖЗҚ төрайымы Нұрбибi Наурызбаеваның атына темiр жол саласын қолдау үшiн зейнетақы қорындағы 50 млрд теңгенiң бөлiнуiне түсiнiктеме беруiн сұрап отыр. Ресми түрде жолданған хатта бұл ақпараттың шындыққа қаншалықты жанасатыны, егер рас болса, онда шешiмдi кiмнiң және қашан қабылдағаны сұралады. Сондай-ақ, “бұл қаржыны қай компаниялар алады және оны алу шарттары қандай?” деген мәселеге түсiнiк беру талап етiледi. Бұдан өзге “Қордың акционерi мен құрылтайшысы ҚР үкiметi, яғни Қаржы министрлiгiнiң “Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi” ММ және Ұлттық банк осы қаржының берiлуiне келiсiм берiп пе? – деген де сауалды кездестiресiз. Зейнетақы активтерiн компаниялардың алуы үшiн өтiнiштi қабылдау, iрiктеу тәртiбi қандай екенiн шынында да ешкiм бiлмейдi. Ең бастысы, зейнетақы қорының қаржысы қайтарылатынына кепiлдiк бар ма, инвестициялық шешiм қабылдаудың тетiгi қандай? Оны бергеннен кейiн қаржының көбейетiнiне қаншалықты сенуге болады? Қоғамдық кеңес зейнетақы активтерiнiң қоры құрылғаннан берi (2014 жыл) қандай жобаларға инвестиция салынғаны туралы толық мәлiмет берудi де сұрайды.
Ал ендi осы түйткiлдi мәселелерге Д.Ақышев пен Н.Наурызбаева жауап бере ме?
Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн БЖЗҚ-дан 50 млрд теңгенiң темiр жол саласына бөлiнетiнi жөнiнде Инвестициялар және даму министрлiгiнiң алқа отырысында вице-министр Альберт Рау мәлiмдеген едi. Тартылып отырған инвестицияға жаңа үш мың вагон шығарылмақшы екен. Сөйтiп, тасымал саласында туындаған түйткiлдердi шешу жолдары қарастырылып жатқанын қалың жұртшылық министр аузынан естiген едi.

Г.Нұрмолдақызы

  • Маман пiкiрi:

Айдар ӘЛIБАЕВ, сарапшы: ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫ САУДА-САТТЫҚҚА ЖҰМСАЛМАУЫ ТИIС

– Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы сiз бен бiздiң ақшамыздың бұлай инвестициялануына мен түбегейлi қарсымын. Өйткенi халықтың жинағы тауар сатып алуға жұмсалғалы жатыр. “Қазақстан Темiр Жолы” компаниясы вагондарды неге өз ақшасына сатып алмайды? Олардың қызметiндегi қателiктер, шығындар неге халық есебiнен жабылуы тиiс? Мiне, вице-министр А.Рау осы сауалдарға жауап берсiн. Ал зейнеткерлердiң жинағына вагон шығарылмай, Ресейден немесе басқа мемлекеттен сатылып алынса, қайтемiз? Жинағымыздың ту-талақайы шықпай ма? Сондықтан зейнетақы қорындағы салым сауда-саттыққа емес, өндiрiске, нақты экономикаға жұмыс iстеуi тиiс. Егер жинаққа вагон сатып алынғалы жатса, онда қордағы ақшаға аяқ киiм, нан, тұз, т.б. сатып ала берейiк. Бұлай жұмыс iстеуге болмайды! Зейнеткерлердiң ақшасын талан-таражға салғандар түбi оңбайды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (4)
иван | 24 ақпан 2017 21:39
Қазақ темір жолы кунделікті жолаушылардан миллиондаган акша туседі. Акша кайда? Зейнетакы корымызды жеуді токтатыңдар. Жеуге жук тасымалыда жетеді.
зейнет | 25 ақпан 2017 10:20
тарт колдарынды зейнет акы корынан оншен буржуа!!!!
аса | 25 ақпан 2017 12:02
Тойымсыз адам көзін ақша толтыра алмайды, оны тек топырақ толтыра алады.
Ауыл мұғалімі | 26 ақпан 2017 00:56
Жиналған ақшамызды өзімізге қайтарып берсе екен. Балаларымызды оқытуға, емделуге, қаладан үй сатып алуға ақшамыз жоқ. Оншақты жылдан соң құны кетіп қалады. Кім бар, кім жоқ дегендей.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті