1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (16204) 2 наурыз, бейсенбі 2017
2 наурыз 2017
Мұнайдан түскен салық теңгенің тұрақтануына ықпал етті

Ақпанда теңге бағамы (АҚШ долларына шаққандағы) 3,5 пайызға нығайды. Жыл басынан бері есептегенде 6,2 пайызға көтерілді. Жалпы, ақпанның соңындағы теңгенің бағамы 2015 жылдың желтоқсанының екінші жартысынан бергі жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді. Бұлтуралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. «Теңгенің нығаюына алдымен мұнай бағасының көтерілуі әсер етті. Қазір мұнай бағасы 55 доллардан асып, сол деңгейге тұрақтады. Жалпы, мұнайдың қымбаттауына ОПЕК ұйымымен оған кірмейтін өзге де мұнай экспорттаушы елдердің өндірісті азайту туралы келісімі ықпал етті», – деді бас банкир.
Сонымен қатар бас банк басшысы ақпанның екінші жартысында шетелдік валютаға сұраныс пен ұсыныстың көрсеткіші де теңескенін айтты. Әйтсе де, бұл уақытша жағдай екені де айтылды.
«Экспорттаушы кәсіпорындар валюталық табыстарының бір бөлігін салық төлеуге жұмсады. Бұл өз кезегінде шетелдік валюта сұранысын арттырды. Нәтижесінде теңге тағы нығая түсті. Ал «салық аптасының» аяқталуымен ақпан соңында теңге аздап әлсіреді. Наурыз айында да бұл қайталануы мүмкін. Дегенмен, теңгенің құлдырауынан мұнайдың қымбаттауы сақтайды», – дейді бас банкир.

Мағбат Спанов, қаржы сарапшысы:
– Теңге одан әрі нығая ма, жоқ қайтадан арзандай ма?
– Меніңше, сәуір айына дейін тұрақталады. Тұрақты ештеңе жоқ, дұрысы уақытша жағдай десек, қателеспейміз. Бас банкир отандық валютаның нығаюына мұнай бағасы ықпал етті деді. Мұнысы рас. Экспорттаушы компаниялар салық төлеген соң, теңге тұрақтылық танытты.
– Әйтсе де, қымбатшылық қос өкпеден қысып барады.
– Бұл енді басқа мәселе. Бәсекелестік жоқ, соның салдарынан осындай жағдайға жеттік.
– Кейбір саудагерлер девальвация болуы ықтимал дейді?
– Жоқ, мен мұндай пікірмен келіспеймін. Девальвация болатындай алғышарт көріп тұрғаным жоқ.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті