1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (16204) 2 наурыз, бейсенбі 2017
2 наурыз 2017
Көгілдір отын көкжиегі

Келер жылдан бастап сұйытылған газ электронды биржа арқылы саудаланады. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. «Алдағы жылдары мұнай өнімдерінің барлық түрлерін электронды сауда алаңдары арқылы өткізуді жоспарлаудамыз. Ең алдымен сұйытылған газды сатудан бастаймыз», – деді министр. Министрдің пайымынша, сұйытылған газ бойынша Орталық Азия мен Ресейге экспорттық баға арасында және ішкі нарықтағы бағада 5-7 есеге дейін айырмашылық бар көрінеді. Осыған орай уақыт өте келе кейде ішкі нарықта ауытқулар байқалып, заңсыз экспорт арта түседі. «Сұйытылған газ нарығына заңдастыру жүргізу қажет деп есептейміз. Бұл өз кезегінде үлестірудің ашықтығын қамтамасыз етіп, кәсіпкерлікте мемлекеттің қатысуын ықшамдайды. Бүгінде сұйытылған газды үлестіру тетігіне Энергетика министрлігінің, облыстық әкімдіктердің шенеуніктері, оған қоса газ өңдеуші зауыттардың басшылары жұмылдырылған. Жүйе айтарлықтай ашық емес»,– деді Қ.Бозымбаев.
Жыл соңына дейін заңнамаға тиісті түзетулер енгізіледі. Сөйтіп, 2018 жылдан бастап электронды алаңдар арқылы газды сату ісі жүзеге асады.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті