1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (16204) 2 наурыз, бейсенбі 2017
2 наурыз 2017
Қымбатшылық түбі тақырға отырғызады

АСҚАНБАЙЛАР ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ 23,6 ПАЙЫЗЫНА ИЕ

Соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2016 жылы халықтың нақты табысы 4,5 пайызға азайыпты. Кіріс кеміген соң көпшіліктің күнкөрісі сөзсіз әлсірейді. Оның үстіне күні кешеге дейін доллар үздіксіз қымбаттап, соның салдарынан тұтыну тауарлары, қызмет көрсету бағасы, коммуналдық-шаруашылық тарифтері көтеріліп, ел-жұртқа қосымша салмақ салды.
Мамандар 2009 жылы халықтың табысы 3,1 пайызға азайғаны жөнінде жазады. Содан бергі қомақты көрсеткіш (4,5 пайыз) өткен жылы орын алыпты. Негізі кірістің кеміп, табыстың азайғаны жақсы емес. Бұл экономиканың әлсіреп, ырғағының бұзылғанынан хабар береді. Былтыр ІЖӨ өсімі небәрі 1 пайыз болғанын ескерсек, биыл бірден жақсы нәтижеге қол жеткізе қоямыз деу – артығырақ.
Назар аударыңыз, Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны Өмірсерік Ізтай биылғы қыста шамамен 500-600 мың теңгені жағармайға жұмсады. Осыдан 3 жыл бұрын сұйық отынмен жанатын пеш орнатқанда оның бағасы (литрі) 128-130 теңгеге көтеріледі деп әсте ойламаған. «Қара күйе көмірден құтылдық» деп қуанып жүргенде баға шарықтап шыға келді. Мәссаған, безгелдек. Енді қайтпек, көмір пештің көзін құртқалы қашан. Үйді жағармаймен жылытатын пеш «мешкей», күніне 20 литр отын жейді. 2600 теңгені шырт-шырт санап, «заправкаға» қарай жүгіресің. Үнемдеуге болмайды, үйде кішкентай екі немересі бар. Бір қызығы, (мүмкін шыжығы) бұл үйде тұрақты жұмыс істейтін адам жоқ. Өзі үйіне жөндеуге көлік алады, әйелі – базарда тоқыма киім сатады. Баласы жүк мәшинесімен жұмыс берушіге жалданады. Кей күндері қарға қолдарына тышпақ түгілі, маңайламай кетеді. Мұндайда жасыратын дәнеңесі жоқ, кейде өзі, енді бірде әйелі тамыр-танысты, көрші-көлемді аралауға мәжбүр. Қарыз сұрайды. Отын алмаса, күн суық, жылу жүйесі қатып қалуы ықтимал. Сөйтіп, бір үйдегі 3 адамның азды-көпті табысы қыста сұйық отын сатып алуға кетті. Күннің көзі жылтырап, көктем исі шығып еді, бұл үйдегілердің де көңіл-күйлері көтеріліп қалды. Әйтсе де, қыс ауасы суықтау, әлі де кемінде 1 ай от жағуға тура келеді. Осыны ойлағанда, Өмірсеріктің еңсесі түсіп кетеді. Мұндай жағдай сан мың отбасының басында бар. Өмір сүру құны жыл озған сайын қымбаттап келеді. Көпшіліктің табысын сөйтіп, бір жағынан қымбатшылық құртып жатса, екінші жағынан инфляция «жеп» жатыр.
Табыс азайғанда ел-жұрт үнемдеуге көшеді. Әрине, тамақтан үнемдей алмайсың. Киім-кешек, той-томалақ, демалыс шығындарын шектеуден басқа амал жоқ. Десек те, психологтар үнемі үнемдеудің жүйкеге кері әсер тигізетінін айтады.
Жоғарыда біз келтірген деректердің өзінен-ақ, ел ішінде табысы тәуір отбасылардың қатары кеміп бара жатқанын көреміз. Статистер 2011-2015 жылдары арасында елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейінен де аз табыс табатындар саны күрт қысқарғаны жөнінде дерек келтіреді. Әйтсе де, 2016 жылы көрсеткіш төмендеп кетіп, былтырғы ІІІ тоқсанда кедейлер 452 мың адамға жеткен. Мамандар мұның өткен жыл қорытындысымен салыстырғанда, 6 мыңға көп екенін жазады. Назар аударыңыздар, 2015 жылы тұрмысы төмен отбасылар легі 27 мың болса, байлардың қатары 18,3 мың адамға көбейіпті. Еліміздегі 10 пайыз асқанбайлардың табысы бүкіл халықтың табысының 23,6 пайызын құрайды.
Мамандар жыл өткен сайын ел ішіндегі бай мен кедейдің арасы тым алшақтап бара жатқанын тілге тиек етеді. Мұны заңдылық деп бағалаған күннің өзінде, еліміздің ертеңі үшін бұл жақсылық емес. Бай болып елге, жерге қараспаса, экономикаға инвестиция құйып, қосымша жұмыс көзін ашпаса, олардан не қайыр, не үміт. Күні кеше сенатор Дариға Назарбаева Ұлттық экономика министріне еліміздегі қымбатшы- лықты дереу тоқтату қажеттілігін айтып жатыр. Ал бұл туралы «Жас Алаш» қақсағалы қашан. «Арадағы делдалдардың көзін құрту керек» дейді. Дұрыс-ақ. Бірақ бұл бір күннің, яки бір жылдың шаруасы емес қой. Тамыры тереңге кеткен өте күрделі түйткіл болғандықтан бұл мәселені шешу үшін жылдар қажет. Әйтпесе, өз күнімізді өзіміз көре алмайтындай не күн туды басымызға? Қырғыздың «Дордойында» 60 теңгеге сатылатын картоп «Алтын ордаға» келіп көтерме саудагердің қолына түскенде 120 теңге боп шыға келеді. Алатооның ар жағынан Алатауға жеткенше тауардың бағасы сан құбылады. Ортадағы делдалдар тауарды бір қолдан екіншісіне өткізіп жүріп, ерен пайдаға ие. Бұл жылдар бойы қалыптасқан жүйе және оған мүдделілер өте көп. Сондықтан онымен күресу әсте оңайға түспейді.

Гүлзат Нұрмолдақызы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Окырман | 4 наурыз 2017 12:11
Нашар журналист.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар