1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (16204) 2 наурыз, бейсенбі 2017
2 наурыз 2017
Зейнеткерлердің жинағын шашып отпен ойнағандар

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) бұрынғы басшысы, қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталған Руслан Ерденаевты қамау мерзімі 28 наурызға дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі ақпарат таратты. БЖЗҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Ерденаевқа «өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп, талан-таражға салды» деген айып тағылған. Оның ұсталғаны туралы осы жылдың басында хабарланған. 2016 жылы 21 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті БЖЗҚ-ның «АлатауМұнайАлтын» компаниясы мен «Бузгул Аурум» компаниясының облигацияларын «бес миллиард теңгеге сатып алғаны» дерегі бойынша тексеру басталғанын хабарлаған. Ерденаевпен бірге БЖЗҚ-ның қауіпсіздік департаменті қаржылық қауіп-қатерлер басқармасының бастығы Мұса Бахтов та қамалған. Бұл іс бойынша сонымен қатар «АлатауМұнайАлтын» компаниясының бақылау кеңесінің төрағасы, «Бузгул Аурум» компаниясының құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаев пен «Бузгул Аурум» директоры Азат Найзағарин да ұсталған.
2013 жылы 22 тамызда «МЖЗҚ жинақтаушы зейнетақы қоры» БЖЗҚ болып қайта тіркелген. Қазақстан үкіметі БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері. Нақты айтқанда, Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің атынан үкімет жауапты. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін Ұлттық банк басқарады.
Қазір БЖЗҚ-да 10 миллион дербес зейнетақы есепшоты тіркелген. Өткен жылғы желтоқсан айының басындағы есеп бойынша, зейнетақы қорының активтері 6,6 триллион теңгеге (19 миллиард доллардан астам) жеткен.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті