1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (16207)   14 наурыз, сейсенбі 2017
14 наурыз 2017
QAZKOM кәсіпкерлерді қолдауға кірісті

Cemarket кобрендингтік картасы жаңа мүмкіншіліктерге жол ашады
Бұдан былай кәсіпкерлерге Қытайға барып тауар сатып алу үшін арнайы уақыт арнаудың қажеті жоқ. Мұны заманауи технологияның арқасында әп-сәтте жүзеге асыратын амалдар бар. Назар аударыңыздар, таяуда «Қазкоммерцбанк» АҚ мен Халықаралық UnionPay International (UPI, ҚХР) төлем жүйесі және синьцзяндық Yazhong (Cemarket, ҚХР) компаниясы жеке кәсіпкерлерге арналған Cemarket кобрендингтік картасын шығарды.
Картаның бір ерекшелігі – кәсіпкерлер өндірістік құрал-саймандар сатып алу үшін онлайн түрде тапсырыс беріп, карта арқылы төлем жасай алады. Ол үшін cemarket.kz сайтында қажетті анықтамаларды толтырса болғаны. Сemarket.kz бұл – электронды сауда алаңы. Түрлі құрал-саймандарды (өндірістік, тау-кен, шахта, қайта өндіруші, құрылыс, қойма, ауыл шаруашылығы және табиғат қорғау) шығарушы және сатушы компанияларды біріктіретін сайт. Оны әрі түрлі электромеханикалық, құрылыс құралдары мен жабдықтардың интернет-платформасы деуге болады.
Cemarket кобрендингтік картасы сатып алған тауарлардың құнын теңгемен төлеуге мүмкіндік береді. Ал төлем қытайлық жеткізуші компанияларға бірден юаньмен түседі, яғни валюта бірден теңгеден юаньға ауысады.
Сондай-ақ Qazkom ұсынған кобрендингтік картада заңды тұлғаларға түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Тіпті әрбір сатып алынған тауар үшін бонустар қосылады екен.
Qazkom-ның басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров соңғы кездері Қытайдан елімізге тасымалданатын өндірістік құрал-саймандарының импорттық көлемі артқанын айтады. Оның сөзінше, бір жылдағы тауар айналымы шамамен 5 млрд долларды құрайды.
«Бізде трансшекаралық сауданың жан-жақты дамуын тежейтін бірқатар мәселелер әлі де өз шешімін тапқан жоқ. Олардың ішінде валюталық келісімшарттарды толтыру және теңгені юаньға АҚШ доллары арқылы ауыстыру сияқты қиындықтар бар. Алайда біздің қытайлық UPI және Yazhong серіктестерімізбен бірігіп іске қосқан жобамыз импорттық келісімшарттарға қатысты осындай негізгі мәселелерді шешеді», – дейді ол.
Cemarket картасы үш түрлі валютада: юаньмен, теңгемен, доллармен 5 жылдық мерзімге ашылады. Оның UnionPay International төлем жүйесінің толыққанды құралы екенін естеріңізге саламыз. Демек, UPI карталарын қабылдайтын кез келген нүктеден төлем жасауға болады.


Маржан НҮСІПБЕК

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті