1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27(16213) 6 сәуір, бейсенбі 2017
6 сәуір 2017
Жанармайдың арзан бағасы қымбат болып тұр

«Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды» дегендей, қарағандылық диқандар биыл тағы да жанар-жағармайдың жаңа дауына бастарын қатырып отыр. Себебі жаңа ереже бойынша биыл шаруа, диқандар өздеріне арнайы бағамен бөлінген жеңілдетілген жанармайды Қарағанды қаласына келіп алып кетуі тиіс. Үш айға бөліп берілетін жанармайдың наурызға тиесілісін сәуірдің ортасына дейін алып кету талабы және бар. Мұндай жанашырлық қаладан 200-300 шақырым қашықтықтағы ауыл тұрғындарына нағыз машақат болғалы тұр.
Өйткені, біріншіден, жол алыс. Екіншіден, қазір Қарағанды мен ауыл арасында жүк көлігі түгіл, жаяу адам жүре алмайтын кез.
Кейбір аймақтарда қар суы жолдарды шайып, барыс-келіс қатынасы біраз уақытқа үзілген. Жол қашықтығы мен төтенше жағдайды есепке алмаған күннің өзінде, үш кезеңмен берілетін арзан бағадағы жа-
нармай ауыл тұрғындарына тиімсіз болып тұр. Себебі көктемі асықпай келетін орталық өңірде егістік науқан мамырда басталады. Жеке шаруа қожалығының жетекшісі Дәурен Өмірқұлов: «Күн райына байланысты егіс жұмыстарын сәуірдің аяғында бастаймыз, оған дейін Қарағандыдан алып кетуіміз тиіс жанармайды сақтайтын орнымыз жоқ. Оны сақтау, тасу шығын. Ондай жанармайды жеңілдетілген бағада (литрі) 124 теңгеден алғанша, қажетті уақытында 130 теңгеден кәдімгі бекеттен сатып алған тиімді ғой. Шаруаның мұңын ойлап, бағаны жеңілдетіп бергісі келсе, жанармайды аудан орталықтарына дейін жеткізіп бергені жөн болар еді», – дейді. Бір қызығы, жеңілдетілген бағадағы жанармайдың сапасына қатысты дау шықса, шаруалар оның шешімін аудан немесе облыс орталығы Қарағандыда емес, сонау мың шақырымнан астам жердегі Алматыдағы операторға барып шешулері тиіс екен. Бұл талапқа қарағандылық диқандар не айтарларын білмей таңырқап отыр.
«Жас Алашқа» түсініктеме берген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Юржан Бекқожин биыл жанармай тасымалдаушылардың ауысуына байланысты бұрынғы тәртіптердің өзгеріп, шаруаларға қиындықтар шыққанын растап отыр. Дегенмен жауапты маман кемшіліктерді ретке келтіру жұмыстары жүріп жатқанын айтады.
Әрине, ақылға салса шешілмейтін түйін жоқ. Алайда шенеуніктердің бүлдіріп алып, «бүтіндейміз» дегені бар ырысын жер мен ауыр еңбектен іздеген шаруаның жанына батып тұр.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА
Қарағанды облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар