1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (16215) 13 сәуір, бейсенбі 2017
13 сәуір 2017
Үкімет газ бағасын еркіне жібереді

Көгілдір отын мемлекеттік бақылаудан босатылып, электронды са-уда арқылы сатылмақшы

Келер жылдан бастап газ қымбаттайды. Өйткені бензин бағасын мемле-кеттік реттеуден бас тартқан үкімет енді сұйытылған газ құнын бақы-лаудан босатпақшы. Қазір алматылық тұтынушылар көгілдір отынның текше метріне 33 теңгеден төлейді. Еркін баға нарығына жіберілгенде тауар құны тағы көтеріліп шыға келуі әбден мүмкін. Әу баста бензин бағасынан мемлекеттік реттеу алынғалы жатқанда энергетика министрі Қанат Бозымбаев: «Егер нарыққа жан-жақтан өнім ағылып келетін болса, онда баға арзандайды», – деп «құйысқаны көтеріліп тұрған» жұртқа басу айтқаны бар еді.
Дейтұрғанмен арзандаған бензинді көрген жоқпыз. Қайта күн өткен сайын құн үдеп барады. Бұл жолы да энергетика министрлігіне қарасты газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев: «Сұйытылған газ бойынша жасалатын барлық мәмілелердің барынша ашық болуы әрі өндіруші мен тұтынушы мүддесінің теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында электронды сауда алаңының тетігін дайындадық», – деп мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, көгілдір отын бағасын мемлекеттік реттеу 2018 жылы 20 пайыға, одан кейін 50 пайызға азайтылады. Сөйтіп, газ бағасы біртіндеп электронды сауда алаңы арқылы саудалануға көшеді. Жасалған жоспар бойынша бұл жұмыс 2-2,5 жыл ішінде толық аяқталмақшы. Бұл жолы шенді-шекпенділердің аузынан «газ саудасы бәсекелестік ортаға жіберіл-геннен кейін баға арзандайды» деген сөз шыққан жоқ. Бұған да шүкіршілік дейміз. Әйтпесе тұтынушыны алдап, текке үміттендіргеннен не пайда. Әйтсе де Зияш Қияқбаевтың аузынан «алдағы 2-3 айда газ бағасы көтерілмейді» дегенді естіп қалдық.
 

ДҮНИЕНІҢ КІЛТІ – ДЕЛДАЛДЫҢ ҚОЛЫНДА
2015 жылдың қыркүйегінен бастап үкімет бензин бағасын мемлекет-тік реттеуден бас тартқан еді. Сол кезде сұранысқа ие АИ-92 бен-зинінің бағасы 126 теңге тұратын. Бұған министрлер кабинетіндегі шенді-шекпенділер «егер бағаны еркіндікке жібермесек, жанармай тапшылығына тап боламыз» деген уәж келтірді. Жоғары октанды бен-зиннің 40 пайызын Ресейден алып отырған бізге теріскейдегі деваль-вация сөйтіп теріс ықпал етті.
Әрине, егер елімізде бәсекеге қабілетті ашық нарық қалыптасқан болса, онда мемлекеттің бұл қадамын жұртшылық қуана қабылдар еді. Оның үстіне экономикада «мемлекет – нашар менеджер» деген ұғым бар. Осы тұрғыдан алғанда еркін баға алаңы ең алдымен тұтынушыға тиімді-тін. Әйтсе де біздің елімізде дүниенің кілті делдал деген «делқұлыда». Өнім құны өндірушіден тұтынушыға жеткенше кемі 5-10 мәрте құбылады. Ортадағы делдалдар кесірінен біз қымбат тауар тұтынуға мәжбүрміз. «Үкімет бензин бағасын бақылап тұрғанда, АИ-92-ні мен 128 теңгеден сатып алатынмын. Бағаны қалай еркіндікке жіберді, солай қымбатшылыққа ұрындық. Қазір сол жанармай түрін 143 теңгеге аламыз. Болашақта 150 теңгеге жетіп жатса, оған да таңғал-маймыз. Жанар-жағармай нарығында ашықтық жоқ. Өндіруші мен тұтынушы ортасындағы делдалдар тауар құнын бір емес, бірнеше есе құбылтып отыр. Сол делдал атаулыдан құтылатын күн туа ма?» – деп кейиді алматылық тұтынушы, ІІ топ мүгедегі Асқат Ерғалиев.

КӨЗДЕГЕНДЕРІ – КІРІС
Бұған дейін энергетика министрі Қанат Бозымбаев алдағы жылдары мұнай өнімдерінің барлық түрлерін электронды сауда алаңдары арқы-лы өткізуді жоспарлап жатқанын хабарлаған болатын. «Ең алдымен сұйытылған газды сатудан бастамақпыз. Көгілдір отынды пұлдауда Орталық Азия мен Ресейдегі экспорттық баға арасында және ішкі нарықтағы бағада 5-7 есе айырмашылық бар. Осының салдарынан отандық нарықта ауытқулар орын алып, заңсыз экспорт арта түседі. «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға өзгерістер енгізілуі тиіс. Бұл өнімді үлестіру ашықтығын қамтамасыз етіп, кәсіпкерлікте мемле-кеттің қатысуын қысқартады», – деп БАҚ-қа түсініктеме берген еді.
Бүгіндері көгілдір отынды үлестіру жұмысына энергетика ми-нистрлігі, облыстық әкімдіктер, газ өңдеуші зауыттардың басшылығы тартылған. Жүйе айтарлықтай ашық емес. Зияш Қияқбаевтың айтуына қарағанда, елімізде шамамен 10 пайызға жуық тұрмысы төмен отба-сылар сұйытылған отынды жеңілдікпен пайдаланады екен. Міне, осы әлеуметтік топ және химия өндірісімен айналысатын кәсіпорындар жаңа жүйеде де жеңілдікті пайдаланады.

ПЕШТІҢ ҚҰНЫ – 200 МЫҢ ТЕҢГЕ
Қазір Қазақстан халқының 46,3 пайызы (8 млн адам) көгілдір отынды пайдалануға қол жеткізген. Демек, елімізде өмір сүретін халықтың тең жартысы бұл игілікті көре алмай отыр. Оның үстіне жекеменшік үйге газ тарту да арзан емес. Алматы облысы Талғар ауданының жұртшы-лығы үйге көгілдір отынды енгізу үшін 309 мың теңге төлеп жатыр. «Бұл баға біз үшін өте қымбат. Өзім онкологиялық дертке шалдыққан адаммын, күйеуім ғана жұмыс істейді. Кәмелеттік жасқа толмаған үш балам бар», – дейді Панфилов ауылдық округінің тұрғыны Зүлфия Әбдірасылова. Көгілдір отынды жағуға арналған пештің бағасы нарықта 150-200 мың теңге. Бұған түрлі сервистерді қосқанда үйге газ кіргізу бағасы 500-550 теңгеге барып жығылады. Мұндай бағаға, шы-нында да, екінің бірінің мүмкіншілігі жоқ. Демек, елдімекендерді газифи-кациялау ісінде де түйткіл жетіп-артылады. Тендерді ұтып алатын компаниялар шаруаны қолдан-қолға өткізуге құмар. Бұл жерде де делдал дегендеріңіз өріп жүр. Бітпейтін мердігер компаниялар. Істі бір-біріне сілтейді. «Үйге газ тартқан құрлы солардың соңынан жүгіріп іздеумен болдым. Өтініш бергеннен кейін 6 айдың ішінде қолым әрең жетті», – дейді осы ауылдың тұрғыны Бақтияр Ізтілеу.

«ЖАС АЛАШТЫҢ» АНЫҚТАМАСЫ

Биыл елімізде 48,1 млрд текше метр көгілдір отын өндіріледі. Оның 15 млрд текше метрін Қарашығанақтан, 14,5 млрд текше метрін Теңіз кенішінен, 3,1 млрд өнімді Қашағаннан алу көзделуде. Сұйытылған газды көлікке пайдалану бұрындары жылына 100 мың тонна болса, соңғы жылдары оның көрсеткіші 350-400 мың тоннаға жетіпті.
Ресейде көгілдір отын құнының тоннасы (қосымша құн қосылғанда) теңгеге шаққанда 125 мың, Тәжікстанда 107 мың, Қазақстанда 31 360 теңге екен. Сұйытылған мұнай газын өндірудің өзіндік құны «Қазгермұнайда» тоннасы 43,4 мың, «Қазақойл-Ақтөбеде» 48 мың, CNPC-де 38,6 мың, ҚазГӨЗ-де 32 мың, KazFraс-та 47 мың теңге.
Көгілдір отын мемлекеттік бақылаудан босатылып, электронды сауда арқылы сатылмақшы.
 

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті