1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (16228)   25 мамыр, бейсенбі 2017
25 мамыр 2017
«Самұрық-Қазына» тағы да қарыз алмақ

 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма басшысы Өмірзақ Шөкеев Қытайдан 3 млрд доллар қарыз алмағын мәлімдеді. Шөкеев бұл қарыз туралы екіжақты келісім әлі жасалмағанын, алайда оны қайтару шарттары 8 маусым күні талқыланатынын айтты. Мәжілістегі сөйлеген сөзінде
Шөкеев «кепілдіксіз қолайлы шарттармен ұзақ мерзімге берілетін мұндай қарызды міндетті түрде алу керек» деді.
Бірақ ол өзі меңзеген «қолайлы шарттардың» талаптарын депутаттарға ашып айтпады. Депутаттар да талап етіп сұрамады. Дегенмен Шөкеевтің бұл бастамасына депутат Нұртай Сабильянов алаңдап отыр. Оның сөзінше, ұлттық әл-ауқат қорының қарызы бүгінгі күні 9 трлн 938 млрд теңгеге жеткен. «Қор үшін осыншама қарыз өте көп. «Самұрық-Қазына» қарызын төлей алмай қалған жағдайда ол берешекті мемлекет төлейді. Себебі «Самұрық-Қазына» 100 пайыз үкіметтік қор» – дейді ол. Депутаттың бұл ойын сарапшылар да қолдайды. Экономист Мағбат Спановтың ойынша, ұлттық әл-ауқат қорын қайта құрылымдайтын уақыт жетті.
«Самұрық-Қазына» қарыз алмауы керек, керісінше, бизнесті қаржыландырып, ақша табуы тиіс. Қытайдың бермек қарызының шарттары қандай болсын қарыздың аты – қарыз. Онда пайыз міндетті болады. Мемлекеттік қорды пайда түсетіндей етіп басқару керек», – дейді ол.
Экономистің пайымдауынша, мемлекет үлесі бар компанияларда қарыздың көбеюіне дағдарыс немесе мұнай бағасының құлдырауы емес, басқарма басшыларының дұрыс жұмыс істей алмауы себеп. «Сондықтан қордың жұмысын қайта құрылымдау керек болмаса, оны тарату қажет. Себебі олар алған қарыздар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге емес, компания ішіндегі белгілі бір операцияларға ғана жұмсалады», – дейді ол.
«Компаниялар қарыздарын төлей алмайтын жағдайға жетсе, олардың берешектерін мемлекет төлейді» деген пікірді сарапшы Мақсат Халық та қолдайды. Мысал ретінде ол былтыр мемлекет «ҚазМұнайГаздың» 5 миллиард долларға жуық қарызын қайтарып бергенін алға тартады. «Бұл – мемлекет қандай жағдай болсын өзіне тиесілі компаниялардың қарызын міндетті түрде төлеп береді деген сөз», – дейді экономист Мақсат Халық.
Алдағы бес жылда «Самұрық-Қазына» сыртқы қарызының 4,4 трлн теңгесін қайтаруы тиіс. Ал депутаттардың мәліметінше, ұлттық әл-ауқат қорының қарызы 9 трлн 938 млрд теңгеге жеткен.

Аян ҚАЛМҰРАТ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті