1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (16228)   25 мамыр, бейсенбі 2017
25 мамыр 2017
Дизельді отын құны қымбаттайды түбі бензин мен дизель бағасы теңеседі

1 маусымнан бастап дизельді отынның көтерме бағасы өседі. Оған отынның осы түрін сатуға қосылатын салықтың (акциздің) өсуі ықпал етеді.
Нақты айтқанда, жаздың алғашқы айында дизельді отынның тоннасына акциз 9300 теңге көлемінде белгіленеді. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС мамандары ірі май құю стансаларында көтерме баға 7,3 теңгеге қымбаттайтынын айтады. «Бұл, бір жағынан, диқан қауымына ауыртпашылық тудырса, екінші жағынан, өнімге сұраныс тым артқан кезде ел ішінде тапшылық болмауынан сақтайды», – дейді «ҚазМұнайГаз Өнімдері» өкілдері.
Үкіметтің 2015 жылғы «Бензин (әуе бензинінен басқасы) және дизельді отын акциздерінің мөлшерін бекіту туралы» №133 қаулысына биыл 31 наурызда өзгертулер енгізілген еді. Осы дизельді отынды сатуға қосылатын салықты (акцизді) көбейту мерзімін маусым айына қалдыру сәуір-мамыр айларында отын бағасының күрт қымбаттауынан сақтап қалыпты. Мұндай уәжді әлгі «ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясы көлденең тартады. Көктемгі егіс науқанында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін отынмен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қолға алыныпты. Қазір дизельді отын ірі май құю стансаларында 135-136 теңгеге сатылып жатыр. Ал аграршылар үшін баға 122-128 теңге деңгейінде сатылуда.
Акциз көлемінің ауыл шаруашылығы жұмыстары қызған тұста өзгеруін «ҚазМұнайГаз Өнімдері» «көрші елдер арасындағы баға айырмашылығын азайтуға бағытталған шара» деп түсіндіреді. Оның үстіне науқан кезінде өнімге сұраныстың тым артатынын білетін саудагерлер мен арадағы делдалдар импорттық отынның нарыққа ағыл-тегіл келуіне мүдделілік танытады. «Акциздің мерзімдік өзгеруі жергілікті бюджетке де түсімді молайтады» делінген компания таратқан хабарламада.
Әрине, отынның қымбаттауы диқан атаулыға оңай тимейді. Қазір күнгейде сепкен егінді күтіп-баптау жұмыстары басталса, теріскейде егін егу науқаны енді ғана аяқталып жатыр. Алда дала төсін емген диқанды қыруар тірлік күтіп тұр. Осының бәрі жағармай арқылы бітетін шаруа. Егер баға үсті-үстіне қымбаттай берсе, диқанның тірлігі өнбесі анық.
Әйтсе де «ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясының мамандары «дизельді отын мен бензиннің бағасын біртіндеп сәйкестендіру – заманауи нарық үрдісінің бірі» дейді. Көптеген елдерде екі өнімнің бағасы шамалас келетіні рас. Тіпті бірдей десек те артық айтқандық емес. Мәселен, Ресейде дизельді отын бағасы теңгемен есептегенде, оның литрі – 208-209 теңге.
Дейтұрғанмен жалпы бағаның қалыптасуына өндірілген өнім көлемі мен тұтыну деңгейі, қор жағдайы әсер етпей қоймайды. Бұған Ресейден келетін импортты қосыңыз. Айналып келгенде, осының бәрі отынның көтерме бағасына ықпал етеді. Мамандар кейбір өнім түрлері бүгінгі бағадан да артық қымбаттауы мүмкін екенін тілге тиек етеді. Күзге салым жиын-терім кезінде отын атаулының құны 150-170 теңгеге көтерілуі ықтимал деген болжам да жоқ емес.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті