1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №61 (16247) 3 тамыз, бейсенбі 2017
3 тамыз 2017
Бәріне рубль кінәлі

Тамыздың 2-сінде доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аяқастынан қымбаттап, 328-ден 343 теңгеге бір-ақ секірді. Сөйтіп, соңғы аптада «доллардың қымбаттауына еш негіз жоқ» деп ерекше сайрағандардың аузына құм құйды. Сарапшылар құнсызданудың төркінін рубльден көреді. «Теңге рубльге тәуелді. 1 тамызда Ресей ақшасының бағамы долларға шаққанда 60 рубльге дейін құнсызданды. Сөйтіп, теңгені әлсіретіп тастады. Оның үстіне АҚШ өзі өндіретін мұнай көлемін арттырып, қара алтынның бағасын 51 баррельге дейін түсірді. Теңгенің құнсыздануына бұл да әсер етті», – дейді сарапшы Айбар Байкенов. Ұлттық банк мәлімдемесі де осы ойды қолдап, АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкциясын айыпты көреді.
«Теңге бағамының құбылуы АҚШ пен Ресей саясатынан, нарықтағы тұрақсыздықтан болып отыр. Баспасөз беттерінде «доллар қымбаттайды» дегендей арандатушы хабарлар АҚШ-тың ақшасына сұранысты арттырып жіберді», – дейді Ұлттық банк өкілі Әлия Молдабекова. Өкіл теңге бағамының құлдырауын уақытша құбылыс деп түсіндіріп, «долларды сатып алуға негіз жоқ» деп қояды. Бірақ Ресей сарапшылары мен Қазақстан қаржыгерлері «рубль мен теңге жақын арада есін жинай алмайды» дейді. Grand Capital компаниясы сараптама бөлімінің басшысы Сергей Козловскийдің айтуынша, АҚШ пен Ресейдің қырғиқабақ қатынасының кесірінен шетелдік инвесторлар орыс жерінен, қаржы нарығынан кете бастайды. Мұның соңы рубльдің одан әрі құнсыздануына ұласады. Айбар Байкенов «геосаяси тартыстар теңге бағамын жақын арада 340-қа дейін құнсыздандырады» деп отыр. Қырымды аннексиялап, батыс елдерінің санкциясына қалған Ресей осылайша қазақ теңгесін құзға сүйреп бара жатыр.
 

Аян ҚАЛМҰРАТ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті