1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №61 (16247) 3 тамыз, бейсенбі 2017
3 тамыз 2017
Үкімет, сенен не қайыр

«Көпірден өткенше қызыңды алайын, өткен соң ...» қағидасы біздің шенеуніктердің сүйегіне сіңіп қалғандай. Қандай да бір реформаны бастар кезде олар «жақсы боладыдан» өзге іштеңе айтпайды. Ал оны бастап кеткен соң, халыққа өз жаныңды өзің бақ деп тұрады. Мәселен, бір айдан бері қолданысқа енген әлеуметтік міндетті медициналық сақтандыру жүйесін алайық. Апта басында Оңтүстік Қазақстан облысына ұшып барған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жиында «осы өңірдегі 423 мыңнан аса адам тегін медициналық көмек ала алмауы мүмкін» деп мәлімдеді. Министрлік келтірген дерек бойынша, облыста 881 мың тұрғынның әлеуметтік ахуалын анықтаған кезде 423 мыңнан астам адамның тұрақты жұмыспен қамтылмағаны анықталған. «Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтитындар зейнетақы жарнасын төлемейді. Бұлар 2018 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен медициналық көмек ала алмайды»,– депті министр Т.Дүйсенова. Оның сөзінше, бұл азаматтар 2020 жылға дейін жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде тіркелуі шарт. Тіркелмесе, тегін медициналық көмек ала алмайды.
Осы сөзді айтардан бір күн бұрын Т.Дүйсеноваға үкімет жетекшісі Бақытжан Сағынтаев арнайы тапсырма берген еді. Жұмыс берушілер, кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жеткіліксіз деген премьер-министр табыстары төмен, тиыны жоқ азаматтарға баса назар аударуды тапсырған еді. Талаппен айтылған тапсырманың жүрдім-бардыммен орындалғанын көрген сияқтымыз. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «табысы жоқтар жұмыссыз ретінде тіркелсін, әйтпесе тегін медициналық көмек жоқ» деп беймарал отыр. «Жас Алаш» газетінің №60 санында сарапшы, экономист Рақым Ошақ-
баев міндетті медсақтандырудың тиімсіздігіне 12 дәлел келтіріп, табысы жоқ ауыл тұрғынына аудан орталығына барып, жұмыссыз ретінде айына алты рет тіркеліп тұрудың өзі олар үшін зор шығын екенін жіліктеп жазған еді. Бірақ мұндай уәжге құлақ асатын шенеунік бар ма?
Айтпақшы, жалақысы бір жарым миллион теңгеге жуық делінген әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрайымы Елена Бахмутова шілде айында қордың қоржынына 800 млн-нан астам теңге түскенін мәлімдеді. Бұл түсімдерді негізінен жеке кәсіпкерлер аударыпты. Тәуелсіз сарапшылар бұл сомаға соншалықты селт етпейді. Себебі, олардың ойынша, елде күшейіп келе жатқан экономикалық дағдарыстың әсерінен кәсіпкерлер салықтан қашып, қызметкерлерін қысқартып, көлеңкелі экономиканың үлесін одан әрі арттырады. Ресми деректің өзінде ел экономикасының 28 пайызы көлеңкеде. Ал тәуелсіз сарапшылар оны «кемінде 30-40 пайызға» есептейді. Мамандар дағдарыс қысып, инфляция шарықтап, бизнеске қылбұрау күшейген сайын үкіметтің қыздай мақтаған әлеуметтік міндетті медсақтандыру жүйесі күйреп түсіп, қарапайым халық тегін аурухана мен емхананың табалдырығын аттай алмайтын жағдайға жетеді деп отыр.
 

Аян ҚАЛМҰРАТ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті