1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (15441) 29 қазан, бейсенбі 2009
29 қазан 2009
Алғанға бар, бергенге жоқ

8 пайыздық несие кiмге бұйырады?

Банк секторы мен бизнес ахуалының келесi жылы жақсара қоюы неғайбыл. Мұны үкiмет те мойындады. Үкiметтiң сейсенбiлiк отырысында премьер‑министр Кәрiм Мәсiмов 2010 жылы банк жүйесiнiң ликвидтiлiгiн қамтамасыз ету мен бизнестi несиелендiру жөнiндегi ұсыныстар дайындауды тапсырды. “2007-09 жылдары дағдарысқа қарсы шаралар аясында экономикаға жеткiлiктi қаржы бөлiндi. Соның есебiнен алға жылжыдық. 2010 жылы ғайыптан тайып ақшаның банктерге, одан экономикаға құйылуы екiталай”, — дедi ол.
Үкiмет бизнес пен банк секторын қолдауды жалғастыратыны Стрестi активтер қорының қапшығын ашқанда‑ақ белгiлi болды. “Самұрық Қазына” әл‑ауқат қоры қайта өңдеушi өнеркәсiп пен жылжымайтын мүлiк нарығына Стрестi активтер қорынан 72 миллиард теңге жұмсамақ. Бiрақ, басты мәселе үкiметтiң кiмдердi қолдайтынына кеп тiреледi. Бұған дейiн де дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша бөлiнген қаржы таңдамалыларға ғана тидi. Үкiмет жүйеқұраушы банктерге қол ұшын берiп, олардың капиталына кiрдi. Бұл бағдарлама аясында шағын және орта бизнеске бөлiнген ақшаның да кiмге тигенi белгiсiз. Осы жолы да Стрестi активтер қорынан шағын және орта бизнестiң несиесiн қайта қаржыландыруға бөлiнетiн 20 миллиард теңге мемлекет меншiгiндегi банктерге тимек. Олар — “БТА Банк”, “Альянс Банк”, “Темiрбанк”, “Қазкоммерцбанк” пен “Халық банкi”. Бiр қызығы, осы банктер Стрестi активтер қорынан несиенi небәрi 1 пайызға алады, ал кәсiпкерлер несиесiн 8 пайыздық мөлшерлемемен қайта қаржыландырады. Сөйтiп, о баста проблемалық активтердi сатып алу үшiн құрылған Стрестi активтер қоры банктерге қол ұшын созды. Осылайша үкiмет бiр оқпен екi қоян атты: бiр жағынан кәсiпкерлер несиесiн төмендетiлген пайызбен қайта қаржыландырса, екiншi жағынан кейбiр терiс капиталды банктердiң ахуалын жақсартудың қамына кiрiстi. Алайда, осы ретте мынандай заңды сауал туындайды. Банктер кәсiпкерлерге тым қатал талап қойғандықтан, бұған дейiн “Даму” бағдарламасы бойынша несиенi 12,5 пайызбен қайта қаржыландырудың өзi мұң едi. Банктер осы жолы да қатаң талаптарын жұмсарта қоюы күмәндi. Сондықтан 8 пайыздық несие керек еткенге қол жетiмдi бола ма, әлде тағы үздiктерге ғана тие ме?
 
Сiз не дейсiз?
Тимур Назханов,
Тәуелсiз кәсiпкерлер қауымдастығының вице‑президентi:
— Стрестi активтер қорынан бөлiнетiн қаржы қайта өндiрушi өнеркәсiпке бағытталады. Бұл — дұрыс шешiм. 8 пайыздық мөлшерлеме де көкейге қонымды. Бiрақ, өткен жолы “Даму” бағдарламасы бойынша бөлiнген қаржының жайы белгiлi. “Даму” мен банктердiң арасындағы қарым‑қатынас бiр iзге түспегендiктен, соңғылары кәсiпкерлерге тым қатал талаптар қойды. Бiр жағынан банктер өз қауiп‑қатерiн төмендету үшiн жеңiл жолды таңдады. Сөйтiп, өткен транш бойынша бөлiнген қаржы небәрi екi жарым мың кәсiпкерге ғана тидi. Ал Қазақстанда тiркелген кәсiпорындар саны — 1 миллион. Оның өзiнде қазiр жұмыс iстеп тұрғандары 500 мыңға жуық. Дағдарыс кезiнде кәсiпорындардың 30‑40 пайызы өз жұмысын тоқтатты. Ендi осы жолғы бөлiнетiн қаржы соңғы транштың қателiктерiн қайталамай, басқа талаптар қоя ма, бұл жағы белгiсiз. Өйткенi, қабылданған шешiмдi iске асыру үшiн көп уақыт қажет.
 
Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар