1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Президенттің айналасында 99 пайызы жағымпаздар, жәдігөйлер, «жабық жемқорлар». Яғни, сыбайлас-жемқор демесін деп бәрін таныстары мен туыстарының атына жазып қойып үлкен бизнестерге ие болып отыр. Олардың қатарында елдің ертеңін ойлап отырған ешкім жоқ.  
Автор: Балташ Тұрсынбаев, қоғам қайреткері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №99 (15453) 10 желтоқсан, бейсенбі 2009
10 желтоқсан 2009
Қазақстан газ тасымалдаушыға айналмақ

Қазақстан мұнай көлемi жөнiнен ТМД‑да екiншi орында, ал мұнай тасымалдау бойынша әлемдегi алғашқы ондыққа кiредi. Қазақстанның шикiзат саласын сөз еткенде, әуелi мұнай өндiрудi ауызға алатынымыз содан. Ал елiмiздiң газ өндiру мен тасымалдау саласы онша‑мұнша танымал емес. Қазақстандағы газ қоры 3 триллион текшеметр­ге жететiнiне қарамастан, мұның бiр ұшы тағы мұнайға кеп тiреледi. Мұнайдың газ өндiруден гөрi көптеген артықшылықтары бар. Инвестициялық жағынан да тартымды. Екiншi жағынан алғанда, газ тасымалдаудың әлегi көп. Газ тасымалдау бағыттарының жолға қойылмағаны бiраз қиындық тудырады. Айталық, Ресей арқылы газ тасымалдаудың көлемi тiптi он миллиард текшеметрге жетпейдi. Оның өзiнде Ресейдiң қойған шарттарына мойынсынуға тура келедi. Бұл ретте Өзбекстан мен Түркiменстанның газ саласы бiздiкiнен көш iлгерi. Бұл елдер газ өндiру көлемi жөнiнен де алдыңғы орында. Айталық, өзағаңдар бiр жылда өндiретiн газдың көлемi 60 миллиард текшеметрге жетедi.

Сондықтан газ өндiру көлемiн арттырып, оны Батысқа тасымалдау — күн тәртiбiндегi мәселе. Бұл өзектi мәселенiң таяу арада шешiлу‑шешiлмеуi тағы белгiсiз. Бiр үмiттендiретiнi, шетелдiк инвесторлар кеңесiнде Conoco Phillips компаниясының атқарушы директоры Джеймс Малва Қазақстанда газ тасымалдау орталығының салынуы мүмкiн екенiн мәлiмдедi. Сондай‑ақ, Джеймс Малваның айтуынша, елiмiздiң батысы мен шығысын әрi Қытай жақтан тартылатын газ құбырын жалғастыратын газ құбыры жүйесiн салған жөн. Бiрақ, бұл жобаның қашан iске асатыны белгiсiз. Шетелдiк компания үкiмет көмектессе деген дәмесiн де жасырмады.
Бiрақ, Қазақстан үкiметi қазiр Қазақстан — Қытай газ құбырының iске қосылуына көбiрек мүдделi. Президент Н.Назарбаев бұл келiсiмдi ратификациялау туралы заңға қол қойып та үлгердi. Ендi 12 желтоқсанда елiмiзге ресми сапармен келетiн Қытай басшысы Ху Цзинтао мен Н.Назарбаев бұл құбырдың алғашқы тiзбегiнiң iске қосылу салтанатына қатысады. Сөйтiп, өзбек және түркiмен газы Қазақстан аумағы арқылы Қытайға жеткiзiледi. Сондай‑ақ, Қазақстанның оңтүстiк аймақтарына газ тасымалдайтын құбыр салынатын болады. Ел үкiметiнiң келiсiм беруiне де осы жайт түрткi болса керек. Бұл құбырды салу үшiн ақша таппаған үкiмет Қытайдан он миллиард доллар көлемiнде несие алған‑ды. Есесiне, Қытай жағы Қазақстан — Қытай газ құбырын салуға келiсiм берудi талап еттi. Қазақстан жағы бұл шартты орындады. Ендi алған қарызды қалай қайтарар екенбiз? Оңтүстiк облыстарды газбен қамтамасыз ететiн құбырдың құны тым қымбатқа түсетiн тәрiздi.
Е.Әлiмова.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар