1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«10 жылдан кейiн әрбiр азамат мемлекеттiк тiлде сөйлеуi керек», — дейдi Кәрiм Мәсiмов. Қазақша үйрену үшiн ол неге он жыл қажет деп есептейдi?
Он жылда кiм бар, кiм жоқ деген арзан қулық мұнысы (65.4%)
Президент сексенге толғанда қазақша құттықтау үшiн (5.4%)
Қазақ қоғамын әлi шикi санағандықтан (21.8%)
Өзгелердiң тiл үйрену қабiлетiне күмәнданғандықтан (7.4%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №03 (15461) 12 қаңтар, сейсенбі 2010
12 қаңтар 2010
«Хоум кредиттен» Нұрсұлтан Назарбаев та несие ала алмайды

Банк деген танк сияқты. Өзiнiң қатып қалған тәртiбi, ережесi бар, ешкiмдi тыңдамайды да, көз-жасыңа да қарамайды, таптап өтiп кетедi. Қағазына қол қойып, несие алдың ба, бiттi, қыр соңыңнан қалмайды. Бiрақ «осы жұрт несиенiң несiне қызығады?» деп ешкiмдi жазғыра алмайсың. Қайта қазiр екпiнi басылып қалды ғой, әйтпесе осыдан бiр-екi жыл бұрын аттап басқан сайын алдыңыздан «он бес минөтте несиенiң құжаттарын әзiрлеп, қалаған затыңызды арқалап апарып беремiз» деген жарнамалар жарқ-жұрқ ете қалатын. Ал осыдан кейiн несие алмай көрiңiз?! Негiзi, несиенi төлеуге шамасы бар Қазақстанның әрбiр азаматы алуға құқылы. Несие беру тәртiбiнде ұлтқа, нәсiлге, жынысқа бөлу деген жоқ. Талай несие алып жүрiп банкте «қазақсың ба, орыссың ба, әлде кәрiссiң бе?» деп сұраған адамды көрген жоқ едiк. Жақында мына бiр жағдайды естiп, айран-асыр болдық.

Өткен жылдың 27 желтоқсан күнi несиеге теледидар алмақ болып Тараз қаласы, Королев көшесi, №45 үйде орналасқан «Хоум кредиттiң» бөлiмшесiне бардым, – дейдi Тараз қаласының тұрғыны Ерсұлтан ӘМIРБЕК. – Несие құжаттарын дайындайтын оператор Рахат Бекбергенов деген жас жiгiт куәлiгiмдi көрдi де, несие беруден бiрден бас тартты. Себебiн сұрағанымда, «Сiздiң куәлiгiңiзде аты-жөнiңiз қазақша әрiптермен толтырылған, бiз қазақша толтырылған құжаттарға несие бере алмаймыз», – деп ашығын айтты. Шынында, менiң куәлiгiмде аты-жөнiм «Ерсұлтан ӘМIРБЕК» деп қазақша әрiптермен толтырылған болатын. Сонда қалай, мен Қазақстанда тұрып, қазақша құжат алғаным үшiн кiнәлi­мiн бе? Бұдан да «Хоум кре­дит­тiң» маған «сен қазақ екен­сiң, одан да орыс болмайсың ба?» дегенi жақсы емес пе?
...Мәселенiң мән-жайын анықтамақ болып алдымен «Хоум кредит» АҚ-ның Алматы қаласындағы бөлiмшесiне телефон шалдық. 8-727-244-54-77 телефонын тергенiмiзде тұтқаны көтерген оператор қыз әңгiмемiздi асықпай тыңдап, бiз айтқан мәселенiң бәрiн жоққа шығарды. Оператор қыздың «Хоум кредит» құжаттардың қалай толтырылғанына қарамастан кез келген қазақстандық азаматқа несие бере­дi» деген әңгiмесiн естiп қуа­нып қалғанбыз. Бiрақ бұдан кейiн «Хоум кредиттiң» Тараз қаласындағы бөлiмшесiне телефон шалғанда қуанышымыз су сепкендей басылды. 57-44-95 телефонын көтерген оператордың айтқан әңгiмесi мынау болды. «Хоум кредиттiң» Тараз қаласындағы бөлiмшесi бiрде-бiр қазақша толтырылған құжаттарға несие бермейдi. Сiздiң РНН, СИК, жеке куәлiгiңiз мiндеттi түрде орысша толтырылуы қажет. Бiзде қазақша толтырылған құжаттарды рәсiмдейтiн арнайы компьютерлiк бағдарлама жоқ».
Бiр қызығы, Ерсұлтан Әмiр­бек бұған дейiн «Хоум кре­диттiң» Тараз қаласындағы бөлiмшесiнен ешқандай кедер­гiсiз екi мәрте заттай несие алыпты. Ендеше бұрын оған несиенi қалай берген, қазiр неге бермейдi? Бұрын қазақша, орысша жазылған құжаттарды талғамайтын компьютер неге қазiр қақалып қалды? Әлде бұл жерде «Хоум кредит» басшыларының басқа бiр ойлағаны бар ма? «Құжаттардың бәрi мiндеттi түрде орысша толтырылуы қажет» дейдi. Сонда «Хоум кредиттен» ел президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев та несие ала алмайды деген сөз ғой. Осыдан кейiн қазақ болып туылғаныңа қуанасың ба, жоқ, өкiнесiң бе? Сiз қалай ойлайсыз?
 
Оралхан ДӘУIТ,
Жамбыл облысы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (10)
Ақжол | 12 қаңтар 2010 12:20
Мұндай сорақылыққа кінәлі алдымен елбасының өзі. Қазақты өз жерінде отырып, көзін жаутаңдатқан президент бізге керек емес! Тіл мәселесі дүниежүзінде жоқ проблема, тек бізде ғана бар.
Қазақ | 12 қаңтар 2010 12:50
Бұл нағыз сылтау. Компьютер бағдарламаларында қазақ тілінің қолданылып жүргеніне қаншама уақыт өтті?!
Намыс | 12 қаңтар 2010 14:55
Қазақ бұққан сайын сұғып жатыр. Қазақ бұратылып өлер болды. Ал биліктің жан рахаты шалқып тұр. Жыла, еңіре АЛАШ жұрты еш болмаса шемен болып қатқан қайғы шерің көз жасыңмен төгіліп, кеудең босап қалады.
Айкын | 12 қаңтар 2010 17:36
Оралхан, басқа жазатын әңгіме қалмады ма?
ҚАЗАҚ ТІЛІ | 12 қаңтар 2010 17:58
Қазақстанда тұрып көкірегін керген,қазақ тілін менсінбейтін осындай мекеме басшыларын биліктегілер талтандатып қойып қарап отыратын болса, қазақ тіліне деген сый құрмет ешкімнің де қыртына кіріп шықпайтын болады!Биліктегілер осындайда керең,соқыр болып қалады.Егер осындайларды сабасына түсіру қолынан келмесе,халықтын қолына берсін.Бір түннің ішінде кеңсесінің астан-кестенін шығарсын!Қазақ тілінің мүддесін қорғап халық көтерілсе,қазақ тілін сыйламайтындарға қарсы,билік қолдау керек,себебі биліктің де,халықтын да ойлағаны,мақсаты бір ол-қоғамдағы қазақ тілінің ролін арттыру!АЛҒА ҚАЗАҚТАР!!!!!!!!!!!!
Бақытжан | 13 қаңтар 2010 10:10
Бауырлар! Діндеріңе тіллеріңе бекем болыңдар, кінә өзімізде дінге боспыз тілге қайдан бекем болайық
Махат | 13 қаңтар 2010 14:47
Ерсұлтанның жағдайы банктен несие алатын кедейшілік деңгейіне жетіп қалған ба? Хабардағы жалақасын былай қойғанда мойкасы мен безнесі қайда қалды?
Елтай | 17 қаңтар 2010 21:52
Бул да бір іштен орыстандырудын бір турі, себебі кредит алмай тура алмайтын казак амал жоктыктан аты жонін орыстандырады гой. Экеннін аузын урайын не болды бул.
123 | 28 қаңтар 2010 13:28
Қазақ тілінде жасалған құжаттарға тірелген ештеңе жоқ. несие алатын кезде жалғыз жеке куәлік емес сонымен қатар РНН, СИК секілді құжаттарыңызда да жеке куәлігіңізбен бірдей болуы шарт. Соны да осылайша дақпыра қылудың керегі қанша? ол несие алушының жеке басының сауатсыздығы деп білемін
Гүлжан | 22 ақпан 2010 17:01
Сұмдык қой , сұмдық ! Қайда кетіп бара жатырмыз ! Қазақтың жуастығын пайдаланып қалатындар көп-ақ!!!!!!!!!!!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар