Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Соңғы жылдары Қазақстанның сыртқы қарызы күрт өстi. Егер 2005 жылы сыртқы қарыздың көлемi 43 миллиард доллар болса, 2009 жылдың қазанында ол 111 миллиард долларға жеткен. Оның iшiнде мемлекет кепiлдiк бермеген жеке сектордың қарызы – 108,5 миллиард доллар. Ал мемлекет кепiлдiк берген сыртқы борыш – 2,7 миллиард доллар. Қазiр сыртқы қарыз жалпы iшкi өнiмнiң 100,8 пайызынан асты. Cыртқы қарызды айқындайтын бiрден-бiр көрсеткiш – оның тауар және факторлық емес қызмет экспортына қатысы. 2009 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша бұл көрсеткiш 225,5 пайызға жеткен. Ұлттық банк деректерiне сүйенсек, сыртқы мiндеттеменiң, әсiресе, 2007-09 жылдары едәуiр өскенiн байқаймыз. 2007 жылы елiмiздiң жалпы сыртқы қарызы 23 миллиард долларға, ал 2008 жылы 11 миллиард долларға өскен. Шетелден көп қарыз алғанымызбен, қайтарғанымыз аз. 2009 жылдың алғашқы жарты жылдығында сыртқы қарыз небәрi 1,5 миллиард долларға қысқарған.
2007 жылға дейiн алынған сыртқы қарыздың басым бөлiгi екiншi деңгейлi банктерге тиесiлi болса, қазiргi кезде банктердiң қарызы 30 пайызға қысқарып, өзге секторлардiкi едәуiр өскен. Бүгiнде елiмiздiң таза сыртқы қарызы 67 миллиард доллар болса, оның 32 миллиарды банк секторына тиесiлi. Билiк кезiнде сырттан тым көп қарыз алғаны үшiн банкирлерге кiнә артып, жазғырған-ды. Бiрақ, бүгiнде Ақорданың өзi де шетелден көп-көрiм қарыз алып отыр. Биылдың өзiнде сырттан тартылған инвестиция көлемi 25 миллиард долларға жеткен. Ұлттық банктiң 30 шiлде бойынша берген мәлiметiне сүйенсек, Қытайдан 7,3 миллиард доллар қарыз алыппыз. Оның 3,4 миллиарды қытай банктерiнен алынған несие. Ұлттық банктiң негiзгi кредитор елдер бойынша есебiне сүйенсек, Қазақстан ең көп қарыз алған ел – Нидерланды. Бұл елден 39,6 миллиард доллар көлемiнде инвестиция тартылған. Десек те, АҚШ пен Ұлыбританиядан алған қарызымыз да аз емес. АҚШ-тан 7,8 миллиард доллар, ал Ұлыбританиядан 7,5 миллиард доллар көлемiнде қаржы тартылған. Алайда, Ұлттық банктiң 2009 жылды қорытындылайтын есебiнде Қытайдың алдыңғы орынға шығатыны анық. Аспанасты елiнен алынған қарыздың сұрауы тым қымбатқа түстi. «Маңғыстаумұнайгаздың» 50 пайыз акциясын қытайлықтарға ұстаттық. Қалған қаржы Қытай жағымен бiрлескен жобаларды iске асыруға жұмсалмақ.
Сөз жоқ, макроэкономикалық тұрғыдан алғанда, елiмiздiң сыртқы қарызы қомақты. Мұның артында үлкен қауiп-қатердiң тұрғаны билiктiң ойына кiрiп-шықпайтын сияқты. Айталық, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев сыртқы қарыз экономиканың өсуiне оң әсерiн тигiзедi деп есептейдi. «Сыртқы қарыз отандық экономика өндiргеннен анағұрлым көп көлемде тұтынуға, инвестициялауға мүмкiндiк бередi. Оны тиiмдi жұмсау экономикалық прогрестi жеделдетедi», – дейдi ол. Рас, шетелден алынған қарыз есебiнен экономиканы дамытуға болатынын жоққа шығара алмаймыз. Мәселен, Ресей кезiнде сыртқы қарызын темiржол салуға жұмсаған. Сол сияқты Америка сырттан қарыз алу арқылы өндiрiсiн өркендеткен. Ал Қазақстанның қарызы тиiмдi жұмсалып жатыр ма? Бұл жағы белгiсiз. Шетелден ең көп сыртқы қарыз алған салаларға келсек, қаржы қызметi, геологиялық барлау және iздестiру жүргiзу бойынша қызмет, құрылыс саласын бөлiп айтуға болар.
Сыртқы қарыздың терiс тұстары көп. Ең алдымен кредиторлар алдындағы экономикалық, саяси тәуелдiлiк. Сондықтан көптеген экономистер сыртқы қарыздан гөрi iшкi қарыздың берерi көп деп есептейдi. Өйткенi, сыртқы борышты өтеуге жұмсалатын пайыз өзге елдiң экономикасына бағытталады. Бұдан өз елiмiздiң резиденттерiне келiп-кетер пайда жоқ.
Алмақтың да салмағы бар. Басты мәселе қарызды қайтаруға тiрелетiнi анық. Экономикада «Гвидотти ережесi» бар. Бұл ереже халықаралық резервтердiң өтелмеген қысқа мерзiмдi борышқа қатынасын көрсетедi. Яғни, бiр жыл iшiнде өтелуi тиiс негiзгi қарыз бен пайызға қатынасын анықтайды. «Гвидотти ережесi» бойынша елдiң халықаралық резервтерi қысқа мерзiмдi борышты өтеуге жетуi тиiс. Ұлттық банктiң халықаралық резервтерiнiң қалған өтеу мерзiмi бойынша қысқа мерзiмдi борышқа қатынасы 73,4 пайызға жеткен. Мемлекеттiң қысқа мерзiмдi борышын өтеуге әлеуетi жетедi делiк. Ал қарыздың қалған бөлiгiн қалай өтемек? Айталық, биылғы жылы 15,7 миллиард долларды, ал келесi жылы 14,7 миллиард долларды қайтарған күннiң өзiнде 2011 жылдан кейiнгi мерзiмде 73,7 миллиард долларды өтеу керек. Билiк соншама қарыздан қалай құтылмақ сонда? Әлбетте, салық төлеушiлердiң есебiнен. Және бұл борышты өтеуге болашақ ұрпақтың несiбесi де жұмсалатыны анық.
Билiк бейқамдылығының арты дефолтқа әкеп соқтыратынын тарих сан мәрте дәлелдедi. 1998 жылы қарызға белшеден батқан Ресей дефолтқа ұшыраса, 2001 жылы шетелге 132 миллиард доллар қарыз болған Аргентина дефолт жариялады. Аргентинаға сыртқы қарызды қайта құрылымдау тым қиынға соқты. Оның сыртқы кредиторлармен келiссөздерiнiң өзi үш жылға созылды. Жеке кредиторлар әупiрiмдеп жүрiп Аргентинаға борыштың 75 пайызын кештi, әйтеуiр. Қазақстан Аргентинаның кебiн кие қоймас, сiрә. Бiрақ сыртқы борыш ел экономикасын тәуелдi етiп, тәуелсiздiкке нұқсан келтiруi мүмкiн. Шетелге тәуелдi болмаудың бiрден-бiр жолы – халықаралық валюта қорынан несие алу. Бiрақ билiк халықаралық ұйымнан несие алғанша, қытайлықтардан қарыз алғанды құп көретiн тәрiздi. Есесiне, қытайлық компаниялар елiмiздiң мұнай активтерiн бөлiске салып жатыр.
Қазiрдiң өзiнде Қытай энергетика мен минералды ресурстарға қол сала бастады. Ал экономикадағы шетел капиталының өсуi экономикалық және саяси қауiпсiздiкке қатер төндiретiнi белгiлi.
СIЗ НЕ ДЕЙСIЗ?
Мағбат СПАНОВ, экономист, Қазақстан даму институтының президентi:
– Жалпы, мемлекеттiң сыртқы қарызы ғана емес, қарыздың кез келген түрi қауiптi. Менiңше, сыртқы қарызбен iшкi қарызға бiрдей көңiл бөлген жөн. Осы тұрғыдан алғанда, экономикалық ахуал жақсы дей алмаймын. Сондықтан борышты азайту керек. Әйтпегенде, бұл экономиканың дамуына кедергi келтiредi.
– Егер мемлекет сыртқы қарызын өсiре берсе, дефолтқа ұшырауымыз мүмкiн бе?
– Менiң ойымша, әбден мүмкiн. Билiк кезiнде шикiзат саласын шетелдiктерге арзан бағаға сатып жiбергенi белгiлi. Өйткенi, бiзде бұл саланы дамытуға қаржы көзi болмаған. Ендi үкiмет соны ұлтқа қайтаруға тырысып жатыр. Бiрақ, бұл әрекетiнен әзiрге түк шығар емес. Қазiр бұл байлықтың қызығын шетелдiк инвесторлар көрiп отыр. Ал Қазақстан халқына бұл байлықтың аз ғана бөлiгi қалары анық. Егер шикiзат саласындағы байлық шетелдiк инвесторларға сатылмай, өз қолымызда болса, мемлекет сыртқы қарызын он жыл iшiнде өтей алар едi. Жағдай басқаша болған соң, сыртқы қарыздан құтылу ұзақ жылдарға созылары анық.
Кытайга карызданганша олгенимиз жаксы еди гой , он бес милион халыкты асыралмай отырган жогары шенеуниктерди жэне казакстанга кирген икытайларга карсы согыс ашу керек.
Нартай ҚАЗАҚ | 15 қаңтар 2010 14:54
Қазіргі қордаланған карызды қайтару, ертен Қазақ халқына қалады, билік ол кезде Қазақ жерінде де болмайды, ол белгіл жайт!
Хабаршы | 18 қаңтар 2010 19:58
"Өзімнен кейінгі дүние күл болмаса бүл болсын!" деген саясат қой. Қазақстанның қарызы күн санап өсуде, ал ішкі өндірістер құлдырауда. Тек қарыздың есебінен есіріп отырмыз. Мұнай, көмір, темір сияқты бар байлығымыз шетелдіктерде, олардан бюджетке тиын тебен ғана түседі. Ол аздай, түрлі "көмек-корпарациялар" құрып ауыл шаруашылығын да құртуда. Биыл бидай егушілерді де банкротқа ұшыратуда. Қанша астықты элеваторларға өткізе алмай, қар астында қалдырдық. Келесі жылы кім астық егеді?
Бұған дейін, мақта, қызылша, жеміс-жидек, т.б. егушілердің де еңбегін, дәл осы тәсілмен еш еткен. Соның "арқасында" Қытай, Өзбек, Қырғыз, тіпті Ресейден де көкөніс таситын жағдайға жетіп қалдық.
Маке | 8 сәуір 2010 02:03
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра - деп бізді қызығы кеткенше тартып, ойнап, сынығы жеткенше сүйреп, шайқап жететін жеріне жеткізетін болды ғой!
Батырар батпағыңа малмаңдатып,
Шетелге төрт аяқтап қалтаң тасып.
Кетесің ау умытып отаныңды
Мына қалған еліңді қан қақсатып!
Бұған дейін, мақта, қызылша, жеміс-жидек, т.б. егушілердің де еңбегін, дәл осы тәсілмен еш еткен. Соның "арқасында" Қытай, Өзбек, Қырғыз, тіпті Ресейден де көкөніс таситын жағдайға жетіп қалдық.
Батырар батпағыңа малмаңдатып,
Шетелге төрт аяқтап қалтаң тасып.
Кетесің ау умытып отаныңды
Мына қалған еліңді қан қақсатып!