1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (15434) 6 қазан, сейсенбі 2009
6 қазан 2009
Қаржы қадағалау агенттiгi кредиторларды «қорқытты»

 

Қаржы қадағалау агенттiгi «БТА Банкi» ұсынған қайта құрылымдау жоспарын мақұлдады. Агенттiк төрайымы Елена Бахмутованың айтуына қарағанда, Ұлттық банк төрағасы, Қаржы министрi мен Қаржы қадағалау агенттiгi қайта құрылымдау жоспарын 26 қыркүйекте‑ақ мақұлдап қойыпты. «БТА Банкi» басшылығы мен кредиторлардың қайта құрылымдау турасындағы пiкiрi екiге жарылғанына қарамастан. Бiр қы­зығы, банк қол жеткiзген өзара түсiнiстiк жөнiндегi меморандумда да кредиторлардың банктiң қайта құрылымдау жоспарымен келiспейтiнi, сол себептi қайта құрылымдаудың мүлде бөлек нұсқасын ұсынғаны анық көрсетiлген. Айталық, БТА‑ның қайта құрылымдау жоспарында қарызды 8,2 миллиард долларға қысқарту көзделсе, кредиторлар қарызды 4,9 миллиард долларға қысқартуды жеткiлiктi деп есептейдi. Сөйтiп, кредиторлардың кеңесшiсi «Делойт» пен банк жалдаған консалтингтiк компания несиелiк портфельдi бiрiгiп қайта қарастыруға келiскен.
Қаржы қадағалау агенттiгiнiң банк ұсынған қайта құрылымдау жоспарын мақұлдайтынына ешкiм де күмән келтiрмедi. Бұған дейiн де БТА‑ның триллионнан асқан терiс капиталы, пруденциалды нормативтi орындамауы тәрiздi жайттарға көзжұмбайлықпен қарап келген Қаржы қадағалау агенттiгi қайта құрылымдау жоспарын керi қайтармайтыны о баста‑ақ белгiлi болған. Ђйткенi, жоспар мақұлданбаған жағдайда банк лицензиясын айырылып, банкроттыққа ұшырар едi. Ендi банк 7 желтоқсанға дейiн кредиторлармен бiржола келiсiмге келуi тиiс. Елена Бахмутова егер кредиторлар белгiленген мерзiмге дейiн келiсiмге қол қоймаса, Қаржы қадағалау агенттiгi банк лицензиясын тоқтатып, оны жабатынын тәптiштеп түсiндiрдi. Қысқасы, БТА келiсiмге қол жеткiз­бесе, заңнамада көрсетiлген барлық механизмдер iске асырылады. Жабылған банктiң жақсы активтерi тұрақтандыру банкiне аударайық деген ұсыныс көптен берi айтылып жүр. Жақында заңнамаға бұл өзгерту енуi тиiс. Бахмутова мұнысымен кредиторларға «егер келiсiмге келмесеңдер, жағдай ушыға түседi», «жер сипап қалғыларың келмесе, тезiрек келiсiмге келiңдер» дегендi меңзегендей. Бұған дейiн «Самұрық‑Қазына» басшысы Қ.Келiмбетов те, банктiң топ‑менед­жерлерi де кредиторлар БТА ұсынған опцияларға келiспесе, ақшадан мүлде қағылатынын бiрнеше рет ескерткен. Ендi Қаржы қадағалау агенттiгi де кредиторларды тығырыққа тiреп отыр. Оның үстiне елiмiздiң заңнамасы бойынша барлық кредиторлардың келiсiмге келуi мiндеттi емес, үштен бiр бөлiгi банк ұсынған опцияларды таңдаса жеткiлiктi. Кредиторлармен түбегейлi келiсiмге қол жеткiзген соң банк барлық пруденциалды нор­мативтi орындауға мiндеттеледi. Қазiр кредиторларға келiсiмге келуден басқа жол қалмағандай. Десек те олар 7 желтоқсанда келiсiмге қол қойған күннiң өзiнде арадағы келiссөздердiң аяқталуы екiталай. Кредиторлармен арадағы мәселелер келесi жылы да жалғасатын тәрiздi.
Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар