2 ақпан 2010
Ыстық судың бағасыАлматыда алты айда 33 пайызға өстi

Соңғы уақытта Қазақстанда коммуналдық төлемдердiң бағасы өсiп келедi. Әр аймақта әртүрлi көлемде. Мәселен, 1 қаңтардан бастап электр қуаты Солтүстiк Қазақстан облысында 9 пайызға қымбаттаса, Шығыс Қазақстан облысында 25 пайызға өстi.
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң деректерiне сүйенсек, республиканың әр аймағында коммуналдық төлемдердiң бағасы әртүрлi. Мәселен, дәл қазiр 1 текше мерт ыстық су Ақтөбеде 99 теңге 35 тиын тұрады. Ал Қостанайда 222 теңге 7 тиын, Шымкентте – 225 теңге 43 тиын, Алматыда тұрсаңыз, 237 теңге төлейсiз. Айырмашылық бар ма? Бар. Бағасы қымбаттаған ба? Басқасын былай қойғанда, Алматы қаласы, Медеу ауданында 2009 жылдың шiлде айында 1 текше метр ыстық судың құны – 159 теңге болған. 2010 жылдың қаңтарында 237 теңгеге бiр-ақ өстi. Яғни, 33 пайызға артты.
Ал суық судың әрбiр текше метрiне өскемендiктер – 15 теңге 42 тиын, Орал өңiрi – 16 теңге, 19 тиын жұмсаса, қарағандылықтардың қалтасынан 43 теңге 63 тиын шығын шығады. Таңданарлығы, аталған агенттiктiң ресми сайтында жарияланған арнайы кестеде “Ақтау қаласының тұрғындары суық судың 1 текше метрi үшiн 183 теңге 13 тиын төлейдi” деп жазылған. Неге? Ол жағы таратылып айтылмаған.
Жылу жүйесiнiң бағасы да осындай. Талдықорған қаласындағы тұрғындар 1 шаршы метрге 26 теңге 27 тиын төлесе, қостанайлықтар 122 теңге 73 тиын төлейдi. Неге? Бiрi Қазақстанның оңтүстiгiнде, екiншiсi солтүстiгiнде орналасқандықтан. Бұл әдiлеттi ме? Оңтүстiк аймақ жылу жүйесiн 5 ай, солтүстiк аймақ 7 ай пайдаланады. Ендеше неге аймақтық ерекшелiктер ескерiлiп, шығыны көп терiскейге үкiмет тарапынан жеңiлдiктер жасалмайды?
Сондай-ақ, жарық, көгiлдiр отын, телефон сынды коммуналдық қызмет түрлерi де қымбаттаған. Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Сүлейменовтiң айтуынша, Алматы облысында электр энергиясының тарифi елiмiздiң басқа аймақтарымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Алматыда электр энергиясының тарифi кВт/сағатына 10 теңге 27 тиын. Ал республикада орташа есеппен электр энергиясының құны – 7 теңге 45 тиын. Қысқасы, қалада үнемшiл болсаңыз коммуналдық қызмет үшiн орташа есеппен әрбiр жан басына екi мыңнан аса қаражат жұмсайсыз.
Сонымен дәл қазiр базардағы баға мен коммуналдық төлемдер жұрттың бас ауруына айналды. Әсiресе, күнкөрiсi қиын отбасылар мен зейнеткерлердiң жағдайы мүшкiл. Зейнетақының мөлшерi екi жылда 55 пайызға өстi. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң таратқан ақпаратына сүйенсек, базалық зейнетақыны қоса есептегенде ең төменгi зейнетақы – 18 325 теңге болды. Егер мемлекеттегi барлық қарияның қолы базалық зейнетақыға жетпейтiнiн ескерсек, зейнетақының мөлшерi 12 344 теңгеге түседi. Бұл сома зейнеткерлердiң жыртығын жамай ала ма? Ең болмағанда күнкөрiсiне там-тұм жетiп, ай сайынғы коммуналдық төлемдерiн өтей ме? Жоқ. Статистика агенттiгiнiң мәлiметiнше, 2009 жылы айына бiр қарияға тек күнкөрiс үшiн он төрт мың теңгеден астам қаражат керек болған. Ендi оған базардағы өскен баға мен мына коммуналдық төлемдердi қосыңыз да, қарияңыздың күнiн көз алдыңызға елестетiңiз.
Дилара ИСА





сырттағы елге өзі де сұқтанбайды
алдын алып көрмеппіз ауырудың
дертіңде дер кезінде құнтталмайды
Есіріпесі кеткен жас буындар
ертең ұлық болғанда ұлтты алдайды
жастарында тәрбие тәлім болмай
жұлдызы жанып тұрған ұлт болмайды
ағаштыңда дінгегін ақтап тұрсаң
өріктіңде өзегінде құрт болмайды