1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
22 қазан 2015
Серiктерiнiң сиқы анау
Осыған дейiн жағ­дайы­мыз жақсы, экономикамыз қарқынды даму үстiнде, алаңдайтын ештеңе жоқ деген сыңайда жұртты жұбатып, алдарқатып келген президент Н.Назарбаев түнеугүнi премьер-министр Кәрiм Мәсiмовтi қабылдап, дағдарыстың жай-күйiн сөз еттi. Сөз етiп қана қоймай, нағыз дағдарыстың ендi бастал­ғанын ескерттi. Жалпы, дағдарыстың кеше-бүгiн тумағаны анық. Былтырғы ақпан айында теңгенiң құлдырауынан басталған бұл қиындық биыл тiптi қарқын алды.
20 қазан 2015
Андрей Тимченко: “Клиенттерге қиын жағдайда көмектескен кезде – оның есесi келешекте жүз есе рет қайтады”
Сбербанк: жаңа мүмкiндiктер уақыты
Қазақстандағы Сбербанктiң тарихы 2007 жылы елiмiздiң экономикасы ауыр кезеңдердi басынан өткiзiп жатқан кезде басталды. Алайда бұл бизнестi дамытуға елеулi тосқауыл болған жоқ, және бiр-ақ жылдан соң Сбербанк Қазақстандағы он iрi банктердiң қатарына кiрдi. Қазiр, экономиканың төмендеуiнiң жаңа толқынының аясында Сбербанк, әдеттегiдей, өсiм мен сапалы қаржылық көрсеткiштердi көрсетiп отыр. 
13 қазан 2015
Келесi жылдан бастап нанның бағасы 30 пайыз­ға қымбаттауы мүмкiн. Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрi Асылжан Мамытбеков мәлiмдедi. Министр бұл қымбаттатудың себебiн осыған дейiнгi нанның бағасын қолдан ұстап тұрумен түсiндiрдi.Күнделiктi тұтыну тауарларының iшiндегi басты тағам саналатын нанның бағасының бұған дейiн қымбаттамағаны рас.
8 қазан 2015
Сәл тербетiп жiберсе, қатты құбылуы мүмкiн
БАС БАНК ИНТЕРВЕНЦИЯЛАРДЫ ЖАЛҒАСТЫРУҒА ДАЙЫН
Ұлттық банк теңге бағамын еркiне жiбер­ген кезде валюталық нарыққа қатысуды тоқтатамыз, тек экономикалық жүйеге қатер төнсе ғана өктемдiк жүргiземiз деген-дi. Ондай жағдай 16 қыркүйек күнi қазақстандық банктер долларды 300 теңгеге сата бастаған кезде болды. Осы күнi Ұлттық банк нарықта алыпсатарлық әрекеттер орын алып жатыр деп, валюта саудасына қатысқан екiншi деңгейлi банктердiң тiзiмiн жария еткен. Теңге бағамын тұрақтандыру үшiн бас банк бұл кезде 144 миллион доллар көлемiнде интервенция жүргiзген.
6 қазан 2015
Сейсембаев «кепiл берудi» тоқтатты

Тамыз айының соңынан берi отандық өнiмнiң сапасын жақсартуға бағытталған жобаны қолға алған топ-бизнесмен Марғұлан Сейсембаев өткен аптада оны доғаратынын мәлiм еттi. Бұған прокуратураның оның үстiнен кезiнде көтерiлген iстi қайта қаузап, жауап беруге шақырғаны түрткi болды. М.Сейсембаев мұны қоғамдық жобаның халық арасында таныла бастауымен байланыстырады. Бизнесменнiң әлеуметтiк желiде жазған пiкiрiне қарағанда, “жоғарыдағылар” жұрттан қолдау тапқан қоғамдық бастамадан қауiптенген болуы мүмкiн.

1 қазан 2015
Сапарбаевтың ескертуi қытай компаниясының басшысына жайсыз тидi

“СПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ бас директорының орынбасары Тохталифум Есен­ғұлов пен оған еншiлес “Ұлы қабырға” қытай бұрғылау компаниясының басшысы Жан Ақтөбе облысының әкiмi Бердiбек Сапарбаевтың сұрақтарына жауап бере алмай қалды. Әкiм компаниядағы жергi­лiктi мұнайшылар мен қытай мамандарының нақты жалақысын, компания басшылығы мен қатардағы мұнайшылардың жалақы көлемiн нақтылап сұрады.

29 қыркүйек 2015
«Алым-салықты көбейту абырой әпермейдi» дейдi миллиардер

Қазақстандық миллиардер, Forbes журналының әлемдегi ең дәулеттi адамдар тiзiмiндегi 714-орындағы бизнесмен Болат Өтемұратов жақында өзiне тиесiлi “Информ­бюро” порталына сұхбат берiптi. Ақпарат құралдарына шыға бермейтiн, мемлекеттiк қызметтен кеткелi берi жария болудан қалған Болат Жәмитұлы Қазақстан экономикасындағы өзгерiстер мен жалпы ахуал туралы ой қозғайды.

29 қыркүйек 2015
Қытай президентi Си Цзиньпиннiң АҚШ-қа сапары тұсында батыс баспасөзi “Орталық Азияға Пекин ықпалының күшеюi Ресей мен Үндiстанның мазасына тидi” деп жазады. АҚШ президентi Барак Обама мен Қытай президентi Си Цзиньпин жұма күнi Вашингтонда кездесiп, өзге тақырыптармен бiрге Азия аймағындағы АҚШ-қа әрiптес елдер мен Қытай арасындағы жер дауын да талқылады.
29 қыркүйек 2015

Қазақ басшысының аузынан шыққан қайсыбiр сөздер кей­де жартаста салған айқайдай жаңғырып жатады. Әсiресе ұлық мерекелерде, үлкен жиындарда айтқан пiкiр­лерi мемлекеттiк БАҚ бетiнен түспейдi. Шенеунiктер қостайды, депутаттар “тамсанады”, “зиялылар” үн қосады. Бұл – бiр жағынан дұрыс. Бiр адамның аузын баққан заманда басқаша болуы мүмкiн де емес қой ендi. Дегенмен кейде прези­денттiң қоғамға түсiнiксiздеу, көпшiлiкке бұлыңғырлау, қарапайым халыққа жағымсыздау сөз айтып жiберетiнi де бар.

24 қыркүйек 2015
Дүбiрге толы төрт күн
Атырау қаласында “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндiру” АҚ қызметкерлерiнiң IV спартакиадасы өттi
Мұнай. Тарих. Спорт. Атырау қаласында ұғымы жөнiнен бiр-бiрiнен алшақ тұрар осынау салаларды бiр арнаға тоғыстырған игi iс-шара өттi. Биылғы жылы бүкiл елiмiзде және халықаралық дәрежеде аталып отырған Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы құрметiне мұнайлы астана ауқымды спорт жарысымен дүбiрледi. Кәсiби спортшылар емес, негiзгi кәсiбi мұнайшы саңлақтар сайысқа шықты.
24 қыркүйек 2015
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша құрылысқа бөлiнген қаржыны «Бәйтерек» АҚ холдингi қарқынды игеруде

“Бәйтерек” АҚ холдингiнiң еншiлес компаниясы “Қазақстандық ипотекалық компания” АҚ қазақстандықтарды жалға берiлетiн әлеуметтiк пәтерлермен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша Алматыдағы “Ақкент” тұрғын үй кешенiнен 275 пәтер алып, оны жыл соңына дейiн тапсырады. 18 қыркүйекте – қала күнiнiң қарсаңында пәтерлердi заңды иелерiне таратып бере бастады. “Ақкент” тұрғын үй кешенiндегi №35 үйдiң ауласында өткен салтанатты шараға Алматы қаласының әкiмi Бауыржан Байбек пен “Бәйтерек” холдингiнiң бас­қарма төрағасы Қуандық Бишiмбаев қатысты.

24 қыркүйек 2015
Әлсiз теңге, бизнеске әлiмжеттiк және экспортқа шығарушылар жайында

Сонымен, теңгенi еркiне жiберсе, Ұлттық банк алтын-валюта резервтерiн жұмсауды доғарады деген уәж ақталмады. Бас банк валюталық интервенцияларды дүйсенбi күнi де жалғастырды. 21 қыркүйек күнi Қазақстан қор биржасына Ұлттық банк 213,1 миллион доллар көлемiнде валюталық өктемдiгiн жүргiздi. Сөйтiп, 22 қыркүйек күнi қор биржасының кешкiлiк сессиясында долларға шаққандағы теңге бағамы 262,65 теңгеге бiр-ақ түстi. Сәрсенбi күнi таңертең қор биржасындағы доллар бағамы 264,12 теңгеге жеттi.

22 қыркүйек 2015
Еркiне жiберсе де, амалсыздан араласты
Өткен сәрсенбi күнi 300 теңгеге дейiн шарықтап кеткен доллар бағамын бұрын­ғы қалпына түсiру үшiн Ұлттық банк интервенция жүргiзiп, жарты миллиардқа жуық доллар жұмсады. Қыркүйектiң 16-сы күнi Қазақстан қор биржасының таңертеңгiлiк сессиясында теңгенiң долларға шаққандағы айырбас бағамы 283 теңгеден асып кеттi. Бiрақ түске таман банктер мен айырбастау орындары долларды 300 теңгеден сата бастады. Кешке қарай доллар бағамы 286 теңгеге түстi.
17 қыркүйек 2015
Теңгенi құлдыратқандар кiмдер?
Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгiлiк сессия нәтижесiн­де доллар сейсенбi күнмен салыстырғанда тағы көтерiлiп, 283,98 теңгеге жеттi. KASE-дегi валюталық саудаға нарықтың 23 ойыншысы қатысты. Ал валюталық сауда көлемi бар-жоғы 89 250 долларды құрады. Соған қарамастан, кейбiр банктердегi долларды сатып алу бағамы күндiз 300 теңгеден асып түстi. Банк центр­кредит долларды 301 теңгеге сатса, Қазкоммерцбанк бiр доллардың құнын 299,62 теңге шамасында белгiлептi.
10 қыркүйек 2015
Ендi кiмге өкпелеймiз?

Ресей президентi Владимир Путиннiң ТМД аумағында доллар және еуродан бас тартуды қарастыратын заң жобасын Ресей мемлекеттiк думасына тапсыруы қазақстандық әлеуметтiк желi қолданушыларының наразылығын тудырды. “Ресей президентi қалайша доллардан бас тарту мәселесiн бiржақты түрде шешедi”, “ТМД-ның өзге елдерi неге үнсiз?”, “бұл – бiрыңғай валютаны енгiзудiң негiзi” iспеттi пiкiрлер айтылып, жазылды. Бiрақ Путин мұндай заң жобасын тектен-текке емес, ТМД аумағында 2012 жылы ратификацияланған келiсiмге сүйенiп енгiзген болып шықты.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20»