1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
3 қыркүйек 2015
30 тамыздан берi Қытайда ресми сапармен жүрген Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы келiсiмдерге қол жеткiздi. Ақорда Қытай мен Қазақстан тарапы құны 23 миллиард долларға жететiн 25 бiрлескен жоба жөнiндегi келiсiмге қол қойғанын хабарлады. Н.Назарбаев Қытайға төрт күндiк жұмыс сапарымен аттанғанда-ақ, қазақ басшысы Бейжiңге құр бекерге сапар шекпегенiн жауырыншылар болжаған едi.
1 қыркүйек 2015

Әлемдiк қаржылық-экономикалық дағдарыстың себеп-салдарын iздеген зерттеушi­лердiң басым бөлiгi бүгiнде қарқынды дамып келе жатқан исламдық қаржы жүйесi­не ерекше көңiл бөле бастады. Бiздiң елiмiз де осынау исламдық қаржыландыру жүйе­сiн енгiзуде табандылық танытып, нақты қадамдар жасауда. Ең бiрiншi болып исламдық шағын несиелендiрудi “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ енгiзген едi. 

1 қыркүйек 2015

Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда ресми сапармен жүр. Қыркүйектiң 3-iне дейiн Қытай басшылығымен келiссөз жүргiзедi, той қонағы болады. Президенттiң баспасөз хатшысы Дәурен Абаев сапар алдында былай деген: “Тамыздың 31-iнде Қазақстан президентi Бейжiңнiң ресми шақыртуы бойынша мемлекеттiк iссапармен Қытайға барады. Бiз ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесемiз, жеңiстiң 70 жылдығын мерекелеуге қатысамыз. Мемлекет басшылары бiздiң әрiптестiгiмiздiң барлық бағыты бойынша “сағаттарын түзейдi”.

1 қыркүйек 2015
Теңге девальвацияға ұшырағалы берi Еуразиялық экономикалық одақтың бiрыңғай валютасы – алтын туралы әңгiмелер қайта талқылана бастады. “Алтын” енгiзудi қолдайтын сарапшылар – долларға тәуел­дiлiктен, әлсiз валютадан құтылудың бiрден-бiр жолы – бiрыңғай валютаны енгiзу деп есептейдi. Бұған қарсылар ұлттық валютадан бас тарту – тәуелсiз­дiктен айырылу екенiн алға тартады. “Алтын” идеясын ауық-ауық ауызға алып тұратын – ресейлiк сарапшылар. Бәрiнiң бiрауыздан келтiретiн дерегi – “алтын” есеп айырысуды жеңiлдетедi, елдер арасындағы саудада долларға тәуелдiлiктен құтқарады.
27 тамыз 2015
Үкiмет пен Ұлттық банктiң iсi мен сөзi екi бөлек болып тұр
ТЕҢГЕГЕ СЕНГЕНДЕР БЕЛШЕСIНЕН ШЫҒЫНҒА БАТТЫ
Ұлттық банк былтырғы жылдан берi доллардан құтылу, экономиканың долларға тәуелдiлiгiн азайту жайын жиi ауызға алып, биылғы жылдың басында үкiметпен бiрлесiп дедолларизация бойынша iс-шаралар жоспарын бекiттi. Десек те, үкiмет пен Ұлттық банктiң iсi мен сөзi екi бөлек болып тұр. Өткен аптадағы теңге девальвациясы дедолларизация жоспары көзден бұл-бұл ұшқанын көрсеттi.
18 тамыз 2015

Жұма күнi үкiметтiк “Казахстанская правда” басылымы Bank of America конгломератына сiлтеме жасап, Қазақстан дефолт болу ықтималдығы жоғары елдердiң қатарына енгенiн жазды. Басқа-басқа, бiрақ “Каз­правданың” өз сайтына мұндай ақпарат iлiп қойғанына таңғалған журналистер қауымы мұны шыны керек, батылдыққа балады. Десек те үкiметтiк газеттiң батылдығы ұзаққа жетпедi, анығында жеткiзбедi деген дұрыс шығар.

13 тамыз 2015
Жепутаттар жеп қойды
ПАЙДАСЫНАН ЗИЯНЫ БАСЫМ ПАРЛАМЕНТТЕГIЛЕР БЮДЖЕТКЕ МИЛЛИАРДТАП ШЫҒЫН КЕЛТIРГЕН
Қаржы мәселесiне қатысты парламентте былық-шылықтың бетi ашылды. Есеп комитетi комиссиясының жүргiзген тексеру қорытындысында сенат пен мәжiлiс депутаттары  бюджеттiң 3 миллиардқа жуық теңгесiн заңсыз жұмсап, мемлекетке қыр­уар шығын келтiргенi анықталды.
13 тамыз 2015
“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры 405 миллиард теңгеге жуық шығынын қысқартпақ. Бұдан бөлек, еншiлес компаниялардың даму жоспары қайта қарастырылып, бiрқатар жобалардың iске асырылуы уақытша тоқтатылады. Мұның бәрi ақша үнемдеу үшiн қолға алынды. “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының мүшесi Берiк Бейсенға­лиевтiң айтуынша, еншiлес ұйымдардың даму жоспары қайта қарастырылудың нә­тижесiнде
6 тамыз 2015
Далаға төгiлген сүт Еуразиялық одақтың залалды екендiгiн көрсетедi
Ресеймен кедендiк одаққа кiргелi берi отандық өндiрушiлер­дiң өрiсi әбден тарылып барады. Бұл әсiресе, ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа ағайындарға қиындық туғызып келедi. Мысалы, екi-үш жыл маңдай терiн төгiп өсiрген малының етiн саудаға салып, дұрыс бағаға өткiзе алмайды. Себебi, базар бiткендi басып кеткен Ресейден келетiн арзан ет. Қазiр Ресейден мал-құс етiн тасумен тек қазақстандық алыпсатарлар ғана емес
23 шілде 2015
Қытай қор нарығының құлдырауы Қазақстанға қалай әсер етпек?
Қытай қор нарығының құлдырай бастауы бүкiл әлем назарын аударды. Әлемдегi екiншi iрi экономикалардың бiрi саналатын аспанасты елiнiң қор нарығындағы жағымсыз жағдайдың арты дағдарысқа әкеп соқтырмай ма? Бұл басқа елдерге қалай әсер етедi? Әлем жұртшылығын алаңдатқан сауал осы. Аспанасты елi қор нарығындағы құлдырау кеше не бүгiн басталған жоқ. Маусым айының басынан берi жалғасып жатқан жағымсыз үрдiске сарапшылар бiраз уақыттан кейiн ғана көңiл аударды.
16 шілде 2015
Жексенбiден дүйсенбiге қараған түнi 17 сағатқа созылған келiссөзден кейiн Грекия ақыры кредиторлардың талабына көнiп, келiсiмге келдi. Бiрақ бұл келiсiмнiң қатаң талаптары гректердiң көңiлiнен шыққан жоқ. Бұған наразы халық Афины көшелерiне шерулетiп шықты. Келiсiмге келу бiр бөлек те, ол талаптарды орындау мүлде басқа екенi түсiнiктi. Сол келi­сiмдi орындаудың өзi Грекияға қиынға соғатын түрi бар. Өйткенi экономикада бiрқатар реформа жүргiзуге мәжбүр.
16 шілде 2015

Бiздегi iрi-iрi нысандардың көбi Астана күнiнде, яғни 6 шiлде күнi салтанатты түрде iске қосылып, лентасы қиылып жатады. Солардың бiрi – Астана локомотив зауыты 2009 жылы президент пен ел орданың құрметiне ашыл­ған-ды. Сол тұста зауыттың бүгiнi мен келешегiне жоспарлар түзiлiп, жұртты елеңдеткенi де есте. “Локомотив зауыты жылдық қуаты 50 екiсекциялық электровоз шығара алады, кәсiпорын өз жұмысын 2013 жылы қаңтарда бастап, 2016 жылы жобалық қуатында қызмет атқаратын болады” делiнген жалынды ұрандар да осы кезде айтылған едi.

9 шілде 2015
Қарызға белшеден батқан ел тағы көмек сұрайды
Жексенбi күнi Грекияда өткен референдумнан соң Еуроаймаққа кiретiн мемлекет басшылары, Еуропа орталық банкi мен Халықаралық валюта қоры қандай шешiм қабылдарын бiлмей дал. Референдумда дауыс берушiлердiң 61,31 пайызы кредиторлардың ұсынған қатаң үнемдеу саясатынан бас тартамыз дедi. Дегенмен қарызға белшеден батқан елдiң Еуроаймақтан шыққысы жоқ. Еуроаймаққа кiретiн елдер Афиныға бейсенбiге дейiн мұрсат бердi. Бүгiн Грекия кредиторларына өз ұсынысын айтуға тиiс. Ал жексенбi күнi Еуро­одаққа кiретiн елдердiң бас­шылары Брюссельде өтетiн саммитте ақырғы шешiм қабылдайды.
2 шілде 2015
Милан «ЭКСПО-2015»: Қазақстанға қызыға қарайды
Миланда “Әлемдi азық­тандыру. Өмiрге арнал­ған қуат” деген тақырыппен халықаралық ЭКСПО көрмесi өтiп жатқаны мәлiм. Көрме аясында әр мем­лекеттiң Ұлттық күнi ұйымдастырылады. Мау­сымның 27-сiнде Қа­зақстан Ұлттық күнiн өте жоғары деңгейде өткiздi. Мемлекеттiң әнұраны орындалып, туы көтерiлетiн арнайы аймаққа көп жұрт жиналды. Iлтипат көрсетушiлер елiмiздiң туының көшiрмесi iспеттi жа­лау­шаларды бұлғап, Ұлттық күндi өткiзуге өзi келген  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевты қуа­нышпен қарсы алды.
2 шілде 2015
Қашты-қашты, банкир қашты!
2013 жылы “Альянс банктiң” бұрынғы басқарма төрағасы Жомарт Ертаевтың басы дауға қалды. Банк бұрынғы басшысының үстiнен қаржы полициясына шағым түсiрiп, “қайтарымсыз несие алды, банктi шығынға батырды” деп айыптаған. 2014 жылы Ж.Ертаев “Альянс банкке” 2 миллион долларға жуық қаржы қайтарды. Төленбеген несиелерiнiң есебiнен. Ертаевтың мерзiмi өтiп кеткен үш несиесi бар екенi, оның өзiн заңбұзушылықпен алғаны анықталды.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20 / 21»